Жел 28, 2017 18:07 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (23)

Разавилік өмір салты топтамасының кезекті бөлімінде Имам Реза (ғ.с) көзқарасындағы отбасының экономикалық жағдайы туралы сөз қозғаймыз.

Разавилік өмір салты

Отбасы тұрақтылығының принциптік және сенімдік негіздерінен кейінгі негізгі бағыты жайлылық және физикалық, рухани және материалдық тұрғыдан жетілу үшін қолайлы негіз қалыптастыратын өмір сүру қажеттіліктерін қамтамасыз ету мен экономикалық тұрғыдан әл-ауқатты көтеру саналады. Имам Реза (ғ.с) жұмысты жаратылыстың қажеттілігі мен заңды міндет ретінде қарастырады.

Сол себепті жұмыс істеу немесе белгілі бір кәсіппен айналысу адам үшін ең алдымен өмір сүру қажеттіліктері секілді табиғи қажеттілік саналады. Ал егер бұл қажеттіліккее назар аударылмайтын болса, адамға физикалық және психикалық тұрғыдан шынайы зиян тиеді. Жұмыс істеудің келесі маңызы отбасының діни тағылымдардағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осы тақырып бойынша бізге имам Реза (ғ.с)-ның өмірлік мәні бар тағылымдары жеткен. Имамның серіктерінің бірі: "Имам Реза (ғ.с)-дан "Құдайдың "Әйелдерге адамгершілікке тән жолдармен қарап, оларды күтіңдер" деген әмірін қалай түсінуге болады", деп сұрадым" дейді.

Сонда имам Реза (ғ.с): "Ерлі-зайыптылардың ізгілік пен жақсылықта өмір сүруі адамды қауіпсіздікте ұстап, әйел затына қатысты кез келген азап, зорлық-зомбылық пен жаман қылықтан аулақ болу және оның өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету дегенді білдіреді",- деп жауап беріпті. Сондықтан отбасы қажеттіліктерін қамтамасыз ету әрбір адамның исламдық парызы саналады. Отбасы кішігірім қоғам және қоғамның негізгі ұясы ретінде адамды тұлға ретінде қалыптастырып, оны тәрбиелеу үшін тиісті негіз әзірлеуі қажет. Бұл іс отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әл-ауқат деңгейін арттыру арқылы іске асады. Ер адамның жұмысының ең үлкен әрі маңызды құндылығы отбасы шығындарын қамтамасыз етуге негізделген.

Жұмыс жасау немесе кәсіппен айналысудың басқа оң әсерлеріне отбасының жетілуі, кәмілдікке жетуі мен қуанышы, отбасындағы кедейшілік, мұқтаждық және өзін кем санау сезімін жою жатады. Имам Реза (ғ.с) кедейшілік атты сұм құбылысты адам баласының өміріндегі ең жағымсыз дерттердің қатарына жатқызды. Имам Реза (ғ.с)-ның көзқарасы бойынша, кедейшілік адамдар мен отбасылардың болмысы мен табиғатына қатты ықпал етеді. Сондықтан бұл ақиқатты теріске шығару мүмкін емес. Кедейшіліктің ең айқын салдарына әл-ауқаты төмен топ арнасында кең тараған жеке тұлғаның өзін кем санауын атауға болады. Хазірет Реза (ғ.с) осыған байланысты: "Адамға мал-мүлік пен байлық келген кезде оған басқалардың ізгілігі түседі. Байлықтан айырылған сәтте басқалардың ізгілігінен де дәл солай мақұрым қалады",- деген.

Имам Реза (ғ.с) кедейшілік туралы тағы да былай деген: "Кедейшілік – бақытсыздық пен бейшаралықтың кілті". Кедейшіліктің әртүрлі себептері, негіздері мен қайнар көздері бар. Жеке тұлғалық тұрғыдан жұмыссыздық пен енжардық кедейшіліктің факторларына жатады. Хазірет имам Реза (ғ.с) осындай қасіретті жою үшін отбасылардың барлығын отбасы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек етуге шақырады. Ал әлеуметтік тұрғыдан зұлымдық пен қанау кедейшіліктің себептеріне жатады. Хазірет Самен әл-Ходжадж (ғ.с) қоғамның әлеуметтік әділетке жетуі үшін адамдарға ақиқатты анықтауға кеңес береді. Мұндай жағдайда разавилік тағылымдарға сәйкес, қоғамда топтар арасындағы алшақтық жойылып, отбасылар қоғамда бір-бірімен азырақ экономикалық алшақтықта өмір сүретін болады.

Имам Реза (ғ.с)-ның бұл салада айтқан кеңестеріне кез келген затты және қаржыны оңтайлы түрде пайдалануды жатқызуға болады. Қаржыны дұрыс пайдаланбай, оны босқа жарату айып саналады.

Имам Реза (ғ.с)-ның осы кеңестеріне құлақ салып, оларды сақтау отбасылар мен қоғамдағы көптеген  тапшылық пен жоқшылықтың алдын алып, оларды жояды. Осыған байланысты имам Реза (ғ.с): "Құдай бос сөз, мал-мүлікті шашу мен шамадан тыс сұрауды дұшпандық санайды» деген.

Хазірет Реза (ғ.с)-ның тағылымдарының ішінде баса айтылған мәселелерге кедейшілікті жою және экономикалық өсім үшін арнайы ғылыми-техникалық мамандық пен қабілеттіліктерді дамытудың қажеттілігі жатады. Осы мәселені хазірет Мамун Аббасиге баяндаған. Имам Реза (ғ.с) өмір сүру деңгейін арттыру үшін жылдық қажеттіліктерді қамтамасыз етуді маңызды әрі қажет деп есептеген. Имам Реза (ғ.с)-ның осы тақырыпқа байланысты: "Егер адам өзінің бір жылдық шығынын жинап, әзірлеп қоятын болса, ойы тыныш, уайымы аз болады. Ал тыныштық адам үшін ой-өрісінің кеңейіп, оның бойындағы дарындарының дамуы үшін негіз қалыптастырады. Қабілет, дарындардың дамуы қоғамның дамуы мен қоғамдағы адамдардың бір-бірімен сіңісуіне, тәуелсіздігі мен бостандығына себеп болады. Азат адамдар еркін ойлап, қоғамның мәселелерін назарға алып отырады.

Егер хазірет Реза (ғ.с)-ның ақыл-кеңестері адам өмірінің барлық тұсында назарға алынатын болса, кез келген ғасырда өмір сүретін әрбір адам үшін пайдалы әрі құнды болмақ. Хазіреттің экономикалық саладағы тәлімдері де дәл осындай пайдалы. Егер қазіргі заманның адамы имам Реза (ғ.с)-ның экономикалық өлшемдеріне назар аударатын болса, отбасылар мен қоғамдағы барлық артта қалушылықтар, кедейшілік – мәдени және экономикалық артта қалушылық пен кедейшіліктердің көзі жойылады. Қоғамдағы адамдардың ізденуінің негізі адамның бойында тәуелсіздік пен азаттық сезімін тудырып, адамды кез келген құлдық пен тәуелділіктен құтқарады. Бұл хазіреттің бүгінгі заманның адамына арнаған ең игі жетістік саналады.

 

Тегтер