Қаң 05, 2018 01:47 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 18

Тәкфиршіл уаһабшыларға исламның әртүрлі мазхабтарының жақтастары қарсылық білдіруде.

Тәкфиршілер Исламның ұлық пайғамбарының туған күнін тойлап, дүниеден озған күнін еске алуды, шапағат тілеп, қабірге зиярат ету мен тавассулды шиіттердің бедғаты деп атап, оларды Ислам дінінен безгендер деп санайды. Уаһабшы тәкфиршілер дәл осы қате пікірлеріне сүйеніп, шиіттердің қанын төгуге рұқсат етуде.  Тәфиршіл уаһабшылар шиіттерге ғана емес, сүнниттерге де тыныштық бермейді.

Тәкфиршіл уаһабшыларға исламның әртүрлі мазхабтарының жақтастары қарсылық білдіруде. Шафи мазхабының әйгілі мүфтиі, ғалым шейх Ахмад Зейни Дахлан ваххабизмнің іргетасын Мұхамад бен Абдолуахаб қалады деп, оның наным-сенімдері туралы: "Мұхаммад бен Абдолуаһаб өзі шығарған мазхабты шеріктен алыс, таухид негіздеріне сүйенген, сонымен бірге өзін 600 жылдан бері мүшірік болған халықтың дінін өзгертуші деп атады",- деп айтқан болатын.

Шейх Ахмад Зейни Дахлан

Ғұлама Ахмад Сави Мәлеки ваххабизм туралы: "Бұл – Хиджаз жерінде ваххабизм атымен танымал болған мазхаб. Олар өздерінің болмысы туралы күмәнданады. Олардан абай болыңдар, өйткені олар шайтан жеңген өтірікшілер. Олар шайтанның тобынан. Абай болыңдар, шайтанның тобына кірушілер – зиян келтірушілер. Ұлы Алладан оларды тамырымен жоюды сұраймыз",- деп жазды.

 Ваххабизмді сынаушы ойшылдарының бірі Джамил Седдиқи Захави Ханафи уаһабшылар туралы: "Алла Тағала мұсылмандардың әр ісін күпірлік деп санайтын уаһабшыларды өлтіреді. Олардың ең үлкен ісі – мұсылмандарды кәпір деп санауы. Осыған орай олар Алла елшісін арағайын етіп, Алланың алдында шапағат етуді сұрайтын адамдарды кәпір деп санайды. Олар өз мақсаттарына жету үшін мұсылмандарға дұшпандық білдіріп, олармен соғыс жүргізіп отырған кәпір үкіметтерден көмек алудан  ұялмайды",- деп жазды. Әл-Харам мешітінде хадис, фикх және тарих пәндерінен сабақ берген Сауд Арабиясы ғұламаларының бірі Мұхаммад бен Алави Мәлеки – ваххабизмді сынайтын келесі адамдардың бірі. Оның кітаптары шыққаннан кейін уаһабшылар оны соттап, өлтіруге үкім шығарды. Ол тәкиршілерді қабылдамайтын еңбектерінің бірінде: "Біз күпірлікті таратып, бұрыс ахкамды таратушылармен бетпе-бет келдік. Олар таухид пен пайғамбардың набоватына куәлік ететін мұсылмандарға қолайсыз жағдай тудыруда. Кейбір уаһабшылар олардың пікірлеріне қарсы дауыс бергендерді «бұрмалаушы», «шайтан», «бедғат енгізуші», «мүшрік» және «кәпір» деп атайды» деп жазды.

Мұхаммад бен Алави Малеки

Ирактық жазушы, Сейед Ибрахим Рави Рафеи Ханафи ваххабизм және оның қылмыстары туралы: "Уаһабшылар мұсылмандармен соғыстары кезінде халықты, соның ішінде балаларды қырып, мүліктерін талан-таражға салды. Олар бұл қылмыстарын іске асырған кезде: "Олар кәпірлер. Сондықтан, дүниеге келген олардың балалары да кәпірлер» дейді. Олар өздерінен басқа мұсылмандарды кәпір деп санайды»,- деді.

Ирактың Мосул қаласы ДАИШ тәкфиршіл тобының қолына түскеннен кейін сол елдің сүннит ғұламалары ДАИШ-тың қылмыстарына қарсы тұрып, олардың қылмыстарын айыптады. Ирактың сүннит ғұламалары жамағатының басшысы Халед әл-Моула бұл туралы: «Тәкфиршілердің қылмыстарының мақсаты Ирактың ішіндегі  мазхабтар мен тайпаларды жою болды. Мосулде орын алған оқиға –адамзаттың маңдайындағы қара дақ. Олар Талль-Аффар тұрғындарын бият етуге мәжбүрледі. Біз қазір халифалар оларға бият етуге қарсылық білдірген халықты өлтіріп, ғұламалар мен пайғамбар әулетін қудалаған  Амавилер мен Аббаси үкіметтерінің зұлымдығы кезеңіне оралған сындымыз» деді.  

Ирактың сүннит ғұламалары жамағатының басшысы Халед әл-Моула

 Ирактың сүннит мүфтиі шейх Мәһди әл-Самидаи ДАИШ туралы: «ДАИШ лаңкестері мұсылмандарды өлтіреді, бірақ пұтқа табынушыларға тиіспейді. Сондықтан, олардың мұсылмандардың қанын төгіп, мүліктерін талан-таражға салып, абыройларын төгуді рұқсат деп санайтын болмысы біз үшін әшкере болды. Олар тозақтың отына түсетіндер»,- деді. Мосул қаласының ғұламалары мен діни қызметкерлері кеңесінің басшысы шейх Абдолла әл-Азави: «ДАИШ лаңкестеріне қарсы жиһад – діни уәжіп. Сүнниттердің ДАИШ-тың Ирак халқына қарсы қырғыны мен қылмыстарына ешбір қатысы жоқ. Біз олардың қылмыстары мен қырғынын, адамдарды бауыздаған әрекеттерін айыптаймыз»,- деді. Ирактың сүннит мүфтиі шейх Ахмад әл-Кабиси өздерін «Ирак пен Шамның исламдық үкіметі деп атаушыларға қарсы жиһадты уәжіп деп атап: «Олар – Израиль мен саудиялықтардың серіктестері, Исламды әлсіретіп, жою жолына түскендер. ДАИШ ваххабизмнен тамырланып, исламды әлсірету үдерісін жылдамдатып, сионистердің қолдауымен Ливия, Тунис, Йемен, Сомали мен Иракта кең таралды»,- деді.

Ирактың сүннит мүфтиі шейх Ахмад әл-Кабиси

Мысырдың әл-Азхар университеті өз мәлімдемесінде ДАИШ лаңкестерін хаваредж және шапқыншылар деп атады. Әл-Азхар ДАИШ-тың мұсылман жастарды өз қатарына тарту тәсілдерін айыптап, бұл топтың ұстанымын адастырушы деп атап, оның мақсатының ислам елдеріндегі тұрақтылықты бұзу екенін қуаттады. Әл-Азхар университеті мәлімдемесінде: «ДАИШ Исламды өзінің  ұраны етіп, мұсылман жастарды өзіне тартқысы келеді. Негізінде, Ислам оларға жиіркеніш білдіреді»,- деп баса айтты. Әл-Азхар университеті әлем мұсылмандарын бұл надан әрі экстремистік топтың алдауына түспеуге шақырып: «ДАИШ-тың хазірет Әли бен Абиталебке қарсы шығып, хазіретті кәпір деп айыптаған хаваредждерден ешбір айырмашылығы жоқ. Өйткені, олар сенімдеріне қарсылық білдірген әр адамды кәпір санайды. Бұл ағымдар Ислам дінінің тағылымдары туралы негізсіз, шындыққа жанаспайтын мәліметтер жариялап, өтіріктерімен әлем халықтарын бұл діннен бездіргісі келеді. Олар Исламды жабайы әрі адамдардың қанын төгетін дін деп көрсетпек. Алайда, Ислам мұндай қылмыстарға қарсы»,- деді.

Тегтер