Ақп 24, 2018 18:43 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 146

Ислам достықты сақтау үшін әдеп қағидаларын қалыптастырды. Олар қоғам адамдарының достықта өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Адамның тағдырына көптеген факторлар әсер етеді және оларды  бірі  досты дұрыс таңдау. Сондықтан Ислам досты таңдауға ерекше көңіл бөледі. Имам Әлидің (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 12-ші хикметінде: «Ең әлсіз адам – өзіне дос таба алмайтын адам, бірақ одан әлсізі қиындықпен дос тауып, кейін одан айырылып қалған адам саналады»,- деп айтылған.

Ислам достықты сақтау үшін әдеп қағидаларын қалыптастырды. Олар қоғам адамдарының достықта өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл әдеп қағидаларының бірі достың есімімен байланысты. Негізінде әрбір адам өз есімін жақсы көреді. Сондықтан адам мүмкіндігіне қарай өз достарының есімдерін ұмытпауы керек. Егер достың екі есімі болса, ол өзі көбірек жақсы көретін есіммен шақырыңдар. Алла елшісі: «Егер қасына ер адам келсе, оның есімі мен әкесінің есімі мен қайдан екенін сұра. Бұл іс жақындатып, достық қатынасты нығайтады»,- деген болатын. Егер сіз біреумен таныссаңыз, екінші рет көрген кезде оны жақсы көретін есімімен атасаңыз, оған қатты әсер етеді. Алла елшісі: «Үш нәрсе ердің досына деген махаббатын арттырады: жақсы көңіл-күймен күту, жиын кезінде оған орын беру және оны өзі көбірек жақсы көретін есімімен атау»,- деп айтқан болатын.  Имам Садық (ғ.с.)-ның Мофзал деген серіктерінің бірі: «Сапардан оралған соң имам Садық (ғ.с.)-ның қасына барғанымда сапарда кіммен бірге болғаным туралы сұрады. Мен достарымның бірінің менімен болғанын айттым. Имам досымның сапар кезінде не істегені және қайда кеткені туралы сұрады. Мен: «Мединеге келгеннен бері оның қайта екендігінен хабарым жоқ»,- дедім. Имам: «Алла Тағаланың қияметте мүміннен онымен қырық қадам бірге жасаған адам туралы одан досы ретінде сұрайтынын білмейсің бе?»- деп сұрады»,- деп есіне алатын. Алла елшісі де: «Егер сендердің біреуің бір адамға бауырластық білдірсе, есімін, әкесінің есімін, оның елі және өмір сүретін мекені туралы сұрағаны жөн. Өйткені, бұл достықтың адалдығы үшін қажет іс»,- деп айтқан болатын.

Алла елшісі: «Жаратушы ежелден келе жатқан достықты сақтауды жақсы көреді»,- деген. Хазірет Әли (ғ.с.) хикметтерінде: «Өзіңе адал ескі дос пен бауырыңды жаңадан пайда болған дос пен бауырыңа айырбастама. Өйткені, егер айырбастасаң, илаһи нығметті өзгерткенің, егер илаһи нығметті өзгертсең, Алланың нығметтері де саған қарсы өзгереді»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.) да: «Жиырма жылдық дос туыстарыңның біріне айналады»,- деген болатын. Досты қуанту достық қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: «Күндердің бірінде Алла Тағала хазірет Дәуітке: «Уа, Дәуіт, пенделерімнің бірі жақсы ісімен қасыма келеді. Мен оны жәннәтқа жіберуді дұрыс санаймын»,- деді. Хазірет Дәуіт: «Оның жақсы ісі қандай болды?»- деп сұрағанда Жаратушы. «Мүмінді қуантуы болды»,- деп жауап берді». Имам Бақер (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Күндердің бірінде бір ер адам Алла елшісінен оған ақыл-кеңес беруді сұрайды. Алла елшісі оған «Бауырыңмен жарқын жүзбен кездес» деген кеңес берді. Досты көрген кездегі махаббатқа толы көзқарас, жағымды сөз, мейіріммен қатынас жасап, көңілді болу қуанышқа бөлеп, жүректегі уайым-қайғыны кетіреді»,- деген. Имам Садық (ғ.с.): «Бауырыңа көңілді қарайтын әрбір адам үшін жақсылық жазылады»,- деген.

 

Махаббат адамдардың қарым-қатынастарына ерекше әсер етеді. Махаббат әтір сынды, құйылған ыдысының ауызын ашсаң, хош иісі барлық жерге таралады. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: ер адам имам Бақер  (ғ.с.) мен имам Садық (ғ.с.) отырған мешітке кіреді. Мешіттегі адамдардың бірі: «Алламен ант етемін, мен бұл адамды жақсы көремін»,- дейді. Сол кезде имам Бақер (ғ.с.) оған: «Олай болса, оған барып, махаббатың туралы айтып, оның бұл ісінің махаббатқа себеп болып, ғиззатты арттырып, бір-біріңе жақындауларыңа себеп болатындығынан хабардар ет»,- деді. Алла елшісі де бұл туралы: «Сендердің біреулерің досы және бауырың жақсы көрсе, оған білдіргені жөн. Достықты білдіру, негізінде ішкі болмысыңның сырымен бөлісу. Яғни, жүрегіңдегіні сыртқа шығарып, достықты күшейту»,- деген болатын.

 

 

 

Тегтер