Нау 19, 2018 17:23 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 22

Исламдық тағылымдар мен құндылықтар адамның құқықтарын қорғайды. Исламның шақырулары да адамгершілік пен адамның құқықтарын қорғауға негізделді.

Исламның ұлық пайғамбары еш уақытта ешкімге қарсы лаңкестік әрекет жасаған емес, басқаларға да рұқсат етпеген. Хазірет мұсылмандарға тіпті  хайуандардың құқықтарын сақтап, оларды қорламауға кеңес берген. Ислам діні мейірімді дін болғандықтан, тіпті хайуандардың құқықтарын қорғауды да қарастырған. Сол себепті бейбітшілік пен адамгершілікті талап ететін дін тәкфиршіл лаңкестік топтардың зорлық-зомбылықтары мен қылмыстарын қалай ақтайды деген сұрақ туады. Исламдық тағылымдар мен құндылықтар адамның құқықтарын қорғайды. Исламның шақырулары да адамгершілік пен адамның құқықтарын қорғауға негізделді. Исламның Хиджаз түбегінде жылдам таралуына Алла елшісінің мейірімділігі мен адамгершілігі себеп болды.

Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінің 107-ші аятында Алла Тағала: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік»,- деді. Бұл аят жіберілген кезде пайғамбар  Жебірейілден: «Бұл рақымның саған қатысы бар ма?»- деп сұрайды. Сонда Жебірейіл: «Иә, мен ісімнің аяқталғанына алаңдаушылық білдірген едім. Бірақ, енді сіздің барлық әлемдіктер үшін рақым пайғамбары болғаныңызды біліп, өз жағдайыма сенімді болдым»,- деп жауап береді.

Ислам рақым діні

Алла Тағала хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ды жердегі өзінің елшісі ретінде сайлады. Алланың рақымдылығы баршаны, яғни мүміндер мен кәпірлерді де қамтиды. Пайғамбар барлық замандардағы барлық халықтар үшін. Әлемнің жақсылары мен жамандары, оның барлық жақтастары ғана емес, достары мен дұшпандары да пайғамбардың мейірімі мен рақымын сезеді.  Әлемнің мүміндері мен кәпірлері бұл рақымдылыққа борыштар. Өйткені, ислам діні баршаның құтқарылуына себеп болады. Адамдардың оны пайдалануы немесе пайдаланбауы өздеріне байланысты. Оның пайғамбардың рақымдылығына әсері тимейді.

Исламның ұлық пайғамбары - рақым пайғамбар

Мәселен, барлық ауруларды емдеуге қажет дәрі-дәрмек және білімді дәрігерлермен қамтамасыз етіліп, барлық есігін халықтың алдынан ашып қойған аурухана сынды. Бірақ кейбір науқастар оның мүмкіндіктерін пайдаланғанымен, кейбіреулер пайдаланбайды. Сол себепті Ислам дінін қабылдау мәжбүрлі емес, ерікті. Алла Тағала адамға бақыт пен кемелдікке жетудің жолын көрсетеді. «Бақаре» сүресінің 256-шы аятында: «Дінде зорлау жоқ...»,- деп айтылған. Исламның  әлемдіктерді дінге шақыруы лаңкестердің исламның атымен іске асыруынан өзгеше. «Наһл» сүресінің 125-ші аятынан: «Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес»,- деп оқимыз. Тәкфиршіл лаңкестер болса өліммен жазалау, бауыздау және тағы да басқа зорлық-зомбылықтары арқылы олардың наным-сенімдерін қабылдамайтын мұсылмандар мен мұсылмандар еместерді шақырады.

Алла елшісінің жолы да Ислам дінінің жақтастары үшін көптеген тағылымдарға ие. Пайғамбар халықпен қарым-қатынас орнатқан кезде өзіне көрсетілген құрметсіздікке мән бермей, басқалардың қателіктерін кешіретін. Ешкімге кек сақтамайтын. Кектен гөрі кешірімді болуды жөн көретін. Имам Әли (ғ.с.): «Алла елшісі барлық адамдардан кешірімді болды. Хазірет кешірім сұраған адамды кешіретін. Еш уақытта жамандыққа жамандықпен жауап қайтармаған. Жұрттың жамандықтарын оңай кешіретін. Ухуд соғысында көкесі хазірет Хамзаның мәйітіне қорлық көрсеткендерге тиіспеді. Меккені жеңіп алған кезде Абу Софиян мен Хенд және құрайыш басшыларынан кек алмады. Тіпті, балағаттағысы  келген Абу Қатадеге рұқсат етпеді. Меккені жеңген күні: «Бүгін – рақымшылық пен мейірімділік күні. Барыңдар, барлығың азатсыңдар»,- деді. Хейбар соғысынан кейін яхудилер хазіретке уланған тамақ жібергенде де хазірет оларды босатып жіберді.

Ұлы Алланың жанашырлығы мен мейірімі толығымен анық болды. Алла елшісіне Құранның «Шуара» сүресінің 3-ші аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың...»,- деп айтылды. Имам Садық (ғ.с.) пайғамбардың: «Алла маған халықпен ымыраға келуді және уәжіптерді орындауды бұйырды»,- деген сөздерін жеткізді. Ұлы пайғамбар: «Егер адамның бойында келесі үш нәрсе болмаса, жұмысы соңына жетпейді:  күнәләрдан алыстататын әдептілік пен адалдық, надандық пен қараңғылықтан құтқаратын сабыр. Бұл ерекшіліктің қайсысын  тәкфиршіл  лаңкестерден байқауға болады?  Олардың тілі қорлық көрсету мен адамдарды бөлшектеу саналады.    

 

Тегтер