Қаң 14, 2019 10:37 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (7)

Иранда алғаш рет зертханалық перзент дүниеге келді

Ислам революциясынан кейін Иранда алғаш рет зертханалық перзент дүниеге келді.

IVF тәсілі – жүкті болудың бір жолы. Жүкті болу қиындығы бар кейбір жағдайларда ұрықтандыруды ананың жатырынан тыс, соған ұқсас жерде жасанды жағдайда атқарып, кейін 2-6 күннің ішінде оны ананың денесіне тасымалдауға болады.

Осы күрделі амалды алғаш рет Аустралия 1973 жылы жүзеге асырды. Иранда Ислам революциясынан кейін бірінші рет 1988 жылы доктор Абуталиб Сарами IVF тәсілі туралы зерттеуін жариялады. Екі жыл өткен соң 1990 жылы Йездте зертханалық тәсілмен бірінші нәресте дүниеге келді. Бір жыл өткен соң Теһранда осы тәсілмен егіз бала дүниеге келді. Осылайша 80-ші жылдардың соңында Иран бірінші рет IVF немесе жатырдан тыс ұрықтандыру тәсілімен зертханалық перзент дүниеге әкелу ғылымына ие болды. 

 

Тегтер