Қаң 16, 2019 12:18 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (10)

Ауылдардағы спорттың жағдайы

Ислам революциясына дейін ауылдарда спортқа арналған инфрақұрылым болмаған.

Иран халқының көбінің ол кезде ауылдарда тұрғанын ескерсек, 1980 жылға дейін елде тек 12 ауылда ғана спорт алаңы, тек 5 ауылда ғана спорт залдары болған. Иран тарихында спорт алғаш рет Ислам революциясынан кейін ауылдарға жол тартты. 2017 жылға дейін спорт алаңдары бар ауылдардың саны 12-ден 2200-ге жетті. Ауыл тұрғындарына арналған спорт залдарының саны 5-тен 400-ге жетті. Осындай жағдайда Ислам революциясынан кейінгі жылдары ауыл тұрғындарының саны біртіндеп азайып, қала тұрғындарының саны арта түсті. Сондықтан қала тұрғындары үшін де спорт инфрақұрылымы дамытылып жатыр. Ислам революциясына дейін әрбір ирандықтың жан басына спорт алаңынан 2 шаршы сантиметр ғана тиесілі болған. Бұл көрсеткіш 2017 жылы орташа есеппен әр адамға 76 шаршы сантиметрге жетті. Алайда басты жеңімпаз ауылдықтар болды. Олар Иран тарихында бірінші рет спорт алаңдары мен жабық спорт залдарына ие болды.

 

 

 

Тегтер