Қаң 17, 2019 22:18 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (12)

Қырғи ұшақ жасау өнеркәсібі Екінші дүниежүзілік соғыстан осы күнге дейін санаулы елдің ғана ықтиярында болды.

Бұл елдер – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция мен Швеция. Иран революцияға дейін қырғи ұшақтарды әрдайым Америкадан сатып алатын. Ол заманда ел ішінде қырғи ұшақтар жасауға еш бағдарлама болмаған. Тіпті, қырғи ұшақтарды сақтау үшін де америкалықтар кеңес беретін. Қырғи ұшақты толығымен жергілікті негізде жасау – өте күрделі өнеркәсіп. Бұл ғылым оңайлықпен қолға түспейді.

Иран 2018 жылдың тамыз айында әртүрлі үлгілерді сынап көргеннен кейін алғаш рет амалдарға дайын қырғи ұшақ жасап шықты. Ол "Коусар" қырғи ұшағы деп аталды.  

"Коусар" – бір кабиналы және оқу үшін қолданылатын екі кабиналы типтегі сандық технологияға негізделген аппарат; атысты бақылайтын жаңа жүйе және көпмақсатты радармен жабдықталған. Осылайша, Иран қырғи ұшақ жасайтын санаулы елдердің қатарына қосылды.

 

Тегтер