Қаң 22, 2019 12:42 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (13)

Жауынгерлік спорт бойынша Иранның алғашқы жеңісі

Иран жауынгерлік спорт бойынша алғашқы жеңіске Ислам революциясынан кейін жетті.

Жауынгерлік өнер және спорттың бірнеше жүз жылдық тарихы бар. Олар Шығыс халықтарының ежелгі дәстүрлерінен бастау алған. Ислам революциясына дейін Иранда жауынгерлік спортқа аса көңіл бөлінбеген. Алайда Ислам революциясынан кейін жауынгерлік спорттың түрлі тармағы дами бастады. Иран жауынгерлік спорттан әлемдік жарыстардағы рейтингте Ресей, Қытай, Франция, Жапония, Украина мен Италиядан кейін жетінші орында келеді. Қазіргі кезеңде жауынгерлік спорттың ең сәтті түрі – таэквондо. 2000 жылғы олимпиадада алғаш рет Иранның көрнекті таэквондошысы Хади Саи қола жүлдеге ие болып, Иран жауынгерлік спорт түрінен алғашқы медальға қол жеткізді. 2004 жылы Афиныда өткен олимпиадада Хади Саи алтын, Юсеф Карами қола жүлде алды. 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиадада Хади Саи Иранның спортшылар керуеніне бір алтын медаль сыйлады. Хади Саидың есімі Иранның олимпиада мақтаныштары тізіміне енгізілді. Ол олимпиадада алған жүлделері тұрғысынан Хосейн Резазаде мен Ғоламреза Тахтиден жоғары тұр.      

 

 

Тегтер