Иранның жетістіктері (17)
ИИР – Таяу Шығыс аймағы мен ислам әлемінде сүңгуір қайыққа ие болған алғашқы ел.
Пехлеви заманында Иранда сүңгуір қайық жасау технологиясы мүлде болмағаны былай тұрсын, тіпті қару-жарақтың барлық түрін сатып алып отырған Мұхаммад Реза шаһ сүңгуір қайық сатып алуға қызығушылық танытпаған. Тек 1976 жылы шаһ Иран тарихындағы алғашқы сүңгуір қайық сатып алды. "Кусе" деп аталатын бұл сүңгуір қайық жиырма жыл АҚШ-та қызмет етіп, жарамдылық мерзімі аяқталған болатын. Иранға әкелгенде де бұл сүңгуір қайыққа жөндеу жұмыстарын америкалықтар жасаған. Иран-Ирак соғысынан кейінгі жылдары Иран бірінші рет өзі сүңгуір қайық жасады. "Ғадир" түріне жататын сүңгуір қайықтың 2006 жылы ирандық мамандар жасады. Қайық Парсы шығанағы мен Оман теңізінде қызмет ету үшін жобаланды. Бүгінде сүңгуір қайықтардың саны мен су астында әскери қимылдар жасауы тұрғысынан Иран Таяу Шығыс аймағы мен ислам әлемінде бірінші елге айналып отыр. Сонымен қатар Иран Солтүстік Корея, Қытай, АҚШ пен Ресейден кейін әлем бойынша бесінші орында тұр.