Сәу 29, 2019 14:09 Asia/Almaty
  • Иран базары (60)

"Иран базары" апталық бағдарламасын елдің бояу, резеңке, желім өнеркәсіптері және осы саладағы кейбір іргелі ғылымға негізделген компаниялардың жетістіктерін баяндауға арнаймыз.

 

Химиялық заттар – заманауи өмірдің ажырағысыз бөлігі. Химиялық заттар бастапқы шикізаты ретінде қолданылмайтын өнеркәсіп кемде-кем. Цемент, мотор майы мен асфальт, фармацевтика және гигиеналық заттар, соның ішінде тіс пастасы мен шампунь өндірістері мен киім-кешек өнеркәсібінде химиялық заттар пайдаланылады. Сол себепті химия өнеркәсібі "өнеркәсіптердің өнеркәсібі" саналады. Басты өндіруші елдерде бұл өнеркәсіп өндірісін арттыру жұмыспен қамту, сауда мен экономикалық өсуге көп әсер етеді.

Соңғы бірнеше онжылдықта химиялық заттарға негізделген өнімдерге сұраныстың күн санап өсуіне байланысты бұл өнеркәсіп өнімдерінің құны 1970 жылдардағы 141 млрд доллардан 2012 жылы шамамен 5 трлн долларға жетті.

 

Химиялық заттар мен содан жасалатын өнімдердің бірі – бояу, резеңке мен желім. Өнеркәсіптік бояуды алғаш кім ойлап тапқаны белгісіз. Өнеркәсіптік бояу өндірілгенге дейін бояулар өсімдіктерден, соның ішінде риян, қына, ақ және көк түсті гүлдерден жасалған. Бояу шеберлері өздеріне қажет бояуларды дәстүрлі тәсілмен ата-бабаларының білімі негізінде даярлаған. Уақыт өте келе бояу жасауда минералды заттарды пайдалану кең таралды. Біртіндеп органикалық пигменттер пайдаланыла бастады. Әлемде алғаш рет өнеркәсіптік бояу өндіруді Ду Понт деген адам бастаған деседі. Кейбіреулердің айту бойынша, ол шөптің үстінде қалған өз мылтығы дүмінің түсі өзгергенін көріп, бояу өндіруді қолға алған. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде құны 120 млрд долларды құрайтын 40 млн тоннаға жуық бояу өндіріледі. Әлемде бояу экспортының жалпы көлемі 2014 жылы 54 млрд долларды құрады.

 

Иранда өнеркәсіптік бояуды пайдалану тарихы бір ғасырдан астам уақыт бұрын басталған. Одан бұрын құрылыс саласындағы шебер бояушылар мемлекеттік кеңселер мен байлардың үйлерін бояу үшін өсімдік және минералды заттардан алынған бояуларды қолданған. 1939 жылы Иранда өнеркәсіптік түрде бояу жасайтын алғашқы зауыт жұмысын бастады. Ол кезде зауыттар өсімдік майлары мен минералды ұнтақтарды пайдалану арқылы майлы бояу өндірген. Бұл салаға көптеген компания кіргеннен кейін Иранның бояу жасау өнеркәсібі қалыптасты. Бұл компаниялар біртіндеп ағаш бетіне арналған лактар өндіру арқылы тез кебетін өнеркәсіптік бояулар мен көліктерді жөндеуде қолданылатын бояулардың түр-түрін шығара бастады.  

 

Бояулардың өнеркәсіптегі рөлі

Бүгінде Иранның бояу өнеркәсібінде 350-ден аса компания жылына 1 млн тоннаға жуық әлеуетпен құрылыс және өнеркәсіптік бояулардың түр-түрін өндіреді. Иранның бояу өнеркәсібінің экспорттық өнімдері көбінесе құрылыс және декоративтік бояулардан тұрады. Олар Ауғанстан, Ирак, Түркіменстан, Тәжікстан мен Қазақстанға экспортталады. Аймақ елдерінде бояу тұтынудың ең көп көлемі құрылыс жамылғыларының түрлеріне қатысты. Иранның бояу өнеркәсібінің өнімдері нарық қажеттілігінің 25 пайызын құрайды.

Бояуларда қолданылатын заттардың қатарында резеңке деп аталатын өте жабысқақ материал бар. 2014 жылғы әлемдегі экспорт көлемнің шамамен 85 млрд доллары осы материалға тиесілі. Резеңке бояу өнеркәсібінде бастапқы материал ретінде қолданылады. Табиғи резеңке – шайыр өсімдіктерден алынады. Адамзат баласы мыңдаған жыл бұрын бұл затты әртүрлі ағаштардан, соның ішінде  шыршадан алған. Табиғи шайырдың түсі мөлдір түстен қою қоңырға дейін құбылады. Оның қаттылық және қоюлық деңгейі әралуан. Резеңкенің кейбір түрлері тұрақсыз құрамына байланысты қатты шашыраңқы. Табиғи резеңке түрлерінің бірі – шырша ағашының шайыры. Бұрын қайықтардың тесігін жамау, өлікті мумиялау, ыдыс-аяқ және басқа заттар жасау үшін пайдаланылған. Резеңкенің бұл түрі лак жасауда, заттардың бетін сырлауда, сия, әтір мен қымбат заттардың өндірісінде қолданылады.

 

Иранның "Риф" химиялық өнеркәсіп компаниясы

Технология дамып, полимерлер пайда болған соң зерттеушілер жасанды резеңке жасауда табысқа жетті. Жасанды резеңкелер – зертханада химиялық заттардан жасалатын жабысқақ материал. Олар бояудың түр-түрін жасауда табиғи шайырдың орнына қолданылады. Жасанды резеңкелер табиғи резеңкелермен салыстырғанда бақылау жағдайында жасалғандықтан кейде берік, болжамды және бірізділеу реакция береді. Сондай-ақ, олардың тазалық дәрежесі көбірек.

Бүгінде Иранның резеңке өнеркәсібі 120 өндіріс бөлімінен тұрады. Жалпы жылына  750 мың тонна өнеркәсіптік резеңкенің түрлерін өндіріп, әртүрлі елдерге экспорттайды. Бұл өнімнің ең маңызды нарықтары – ТМД елдері мен Парсы шығанағы маңындағы елдер. Иранның полимер химиясы компаниясы – резеңке өндіруде белсенді компаниялардың бірі. Өз мамандарының біліміне сүйенген бұл кешен – Таяу Шығыстағы резеңке мен химиялық өнімдер өндіретін ең ірі компания. Ол су негізіндегі акрил резеңкенің түрлерін өндіретін цех пен толығымен автоматтандырылған әрі дамытылған бояу өндіру желісін ашты.

 

"Желім" – химиялық заттардың бірі. Желім өнеркәсібі – басқа салаларда түбегейлі рөл атқаратын ірі өнеркәсіп саласы. Бұрын жануар және өсімдік тектес табиғи заттар, соның ішінде жабысатын қасиеттерге ие шайыр, сағыз, балауыз, бал, желатин, ағаштардың шайыры қолданылатын. ХІХ ғасырда полимер өнеркәсібінде синтетикалық желімдер жасалған соң желім өнеркәсібі кең дамып, бүгінде өте қарапайым қораптан бастап, өте дамыған Boieng ұшағының бөлшектерін жабыстыруда желім қолданылады. Желімдер бір-біріне жабысуы тиіс заттар үшін ғана емес, сия, бояулар, жамылғылар, сыланған заттар, резеңке дөңгелектер, шыны немесе пластикалық талшықтар үшін де қажет.

 

Химия өнеркәсібі қолданыс аясының кеңдігі және теңдессіз әралуандығына байланысты толығымен уникалды өнеркәсіп саласы болып табылады. Бұл салада іргелі ғылымға негізделген өнімдер шығаруға бағытталған жұмыстар осы өнеркәсіптің өнімділігін арттырып, бұл салаға жоғары қосымша құн салығын берді. Сол себепті Иранда іргелі ғылымға негізделген ондаған компания химиялық заттар саласында жұмыс істеп жатыр. Кейбір компаниялар нанотехнологияға сүйеніп, айтарлықтай сәттіліктерге қол жеткізді. Осындай компаниялардың бірі "Нуин Фадак технологиялары" компаниясы наносилика жасады. Наносилика – әлемдік нарықта ең көп қолданылатын нано материалдардың бірі. Бұл материал физикалық-химиялық құрамы мен қасиеттеріндегі өзгерістерге байланысты әртүрлі өнеркәсіптерде әрқилы қолданылады. Наносилика – бояу өнеркәсібінде бұлдыр жасау және қоюлықты арттыру үшін қолданылатын химиялық заттардың бірі. Бетон мен цемент құрылғыларда силиканың болуы бетонның қоршаған ортаға беріктігін арттырады. Наносилика резеңке дөңгелек өнеркәсібігінде де қолданылады.

 

Наносилика

Нанотехнологияны қолдану арқылы ағаш желімдерін өндіру – іргелі ғылымға негізделген ирандық компаниялардың келесі жетістіктерінің бірі. Бұл желім экономикалық үнемділікпен қоса, қарапайым ағаш желімдермен салыстырғанда жабысу және беріктіктің жоғары деңгейіне ие. Желім саласындағы тағы бір белсендік ретінде жылу желіміне тоқталуға болады. Оның техникалық өндіру үдерісі өте күрделі.  Жылу желімдері әртүрлі еріткіштер негізіндегі желімдерге қарағанда айтарлықтар артықшылықтарға ие. Желімдердің бұл түрі улы буы мен иісі бар тез шашырайтын органикалық заттардан (VOC) ада. Олардың кебу уақыты өте қысқа. Жылу желімі өте жоғары жабысқақтыққа ие және қолданыс аясына байланысты әртүрлі температурада өзінің қасиеттерін сақтайды. Бұл өнім инженерлік бөлшектер, пластикалық және полимерлік бөлшектер технологиясында қолданылады. Жылу желімі көлік батареясы өнеркәсібімен қоса, басқа да салаларда, соның ішінде денсаулық сақтау, буып-түю, кітап түптеу және тамақ өнеркәсіптерінде қолданылады.