Жел 23, 2019 13:45 Asia/Almaty
  • Иранның туристік тартымдылықтары (7)

Бүгінгі бағдарламада Бруджерд қаласына сапар шегеміз.

Луристан облысына барып, оның тартымдылықтарымен танысу әрбір жолаушыға естен кетпен естелік сыйлайды. Луристанның қалаларында өзіндік иіс пен бояу бар. Олардың әрқайсысы жолаушыны Құдай жаратқан сұлу табиғатымен таң қалдырады. Мәселен, өте әдемі Бруджерд қаласы.

Бруджерд қаласының кіреберісінде бір дөңгелек алаң бар. Оның айналасында әртүрлі кәуапханалар мен шағын кафелер орналасқан. Сіздердің болмағандарыңыз өкінішті, демалып, таңғы ас ішу үшін біздің көлігіміз осы алаңға тоқтады. Содан соң Капарагяһ шатқалына бардық. Бұл шатқал Бруджердтің солтүстік-батысында орналасқан. Оның ортасында ирелеңі көп өзен ағып жатыр. Одан тек жаяу немесе велосипедпен өтуге болады. Біз жаяу өттік.

 

Капарагяһ шатқалы

Өзеннің екі жағында да соқпақ жол бар. Бұл шатқал Капарагяһтың соңғы ауылынан басталып, "Ванаи" деп аталатын ауданда аяқталады. Бұл шатқал альпинистер үшін ең жақсы әрі әдемі бағыттардың бірі. Шатқалда екі гейзерлік су көзі, тас көпір мен "Ғар-е мәһфи" деп аталатын жасырын үңгір мен шағын арка бар. Егер солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа жүрсек, "Фадак" атты саябақ пен ойын-сауық кешенін көреміз. Ол "Чаға" атты демалыс төбесіне жақын орналасқан.  Бұл Бруджерд қаласының ең үлкен саябағы. Онда бір-бірімен жалғасып жатқан үш көлшік бар. Олардың суы "Голруд" атты өзеннен  қамтамасыз етіледі. Бұл көлшік Иранның батысындағы ең үлкен жасанды көлшік саналады.

Бруджердтің "Чаға" төбесіндегі көлшік

Фадак саябағынан оған жапсарлас жатқан "Чаға" төбесіне қарай бардық. Бұл төбе "Бруджерд" деген атпен танымал. Демал үшін өте қолайлы әрі әдемі жер. Осы төбеден қаланы үстінен көре аламыз. "Чаға" төбесінде аңыз адамдардың мүсіндері бар. "Кімдікі?" деп сұрағанда "Мерген Араштікі" деді. Оның жанында хайуанаттар әлеміне қатысты мүсіндер де бар. "Чаға" төбесінен бірнеше жұлдызды қонақ үй мен белгісіз шәһидтердің гүлзарын көре аласыз.

Осы демалыс орындарынан кейін түскі ас ішу үшін қаланың ішіндегі кәуапханаға бардық. Өйткені Бруджердтің кәуаптары басқа жердікінен бөлек деп естіген болатынбыз. Сөйтіп бұл ерекшелікті іс жүзінде көрдік. Шынымен-ақ, кәуаптың дәмді болғаны соншалықты, бұрынғы кәуаптардың дәмін ұмытып қалдық. Жаңа сойылған малдың еті, шампурға салу тәсілі, етті отқа қақтау деңгейі – бұл аудан кәуаптарының ерекше дәмді болуының басты себептері. Біраз демалып алғаннан кейін  Бруджерд қаласын аралауға кірістік.  Қаланың оңтүстік-шығысынан 15 км жердегі "Бише Далан" тоғанына барамыз деп шештік. Жергілікті халық оны "Бише Далун" тоғаны деп атайды. Ол жергілікті және жыл құстары мен жануарлар мекендейтін басты жер болған. Алайда қазір оның бір бөлігі егін шаруашылығына берілген.

 

"Бише Далан" тоғаны

Өкінішке орай, тоғанның бастапқы ауданы 930 га болған. Қазір 79 га ғана қалды.  Бұл тоған адамдардың дұрыс пайдаланбауы салдарынан өзінің өсімдік және жануарлар дүниесіндегі сирек кездесетін үлгілерінен айырылды.

Бұдан кейін  Иранның батысындағы архитектуралық бірегейлердің бірі Бруджерд орталық мешітіне бас сұқтық. Бұл мешіт қаланың шығысында орналасқан. Сол жердің экскурсия жетекшісінің айтуынша, мешіттің ғимараты х.қ.ж.с.б. 3 ғасырға тиесілі ескі «аташкаде»-отқа табыну орнының үстіне салынған. Мешіт күмбезінің биіктігі жерден 20 метр. Мешіт салынған алғашқы жылдары «гүлдестесі» – қысқа мұнарасы болмаған сияқты. Х.қ.ж.с.б. 1209 жылы оған гүлдестелер қосылған. Бұл ғимарат Сасанилер сәулет өнері мен ислам дәуірінің сәулет өнерінің  қосындысынан тұрады. Мешітке кірген кезде кірпіштен жасалған салтанатты «шабестандар» – намаз оқитын жерлерден өттік. Содан кейін өте әдемі 9 баспалдақты 1 мінберді көреміз. Оның үстіне өлең жолдары ойылып жазылған. Сәулет өнеріне ғашық адамдарға осы әдемі мешітті көруге кеңес береміз. Мешіттен кейін имамзада Джафардың (ғ.) мешітіне бардық. Бұл имамзада 5 атадан кейін шиіттердің төртінші имамы хазірет Зейнолабединге қосылады. Имамзада мешіті қаланың өте ескі зираты маңында орналасқан. Ондағы қыш тақташалардағы жазбалар куфа жазуымен жазылған. Бұл имамзаданың архитектуралық стилі Селжұқтар заманындағы сәулет стиліне жатады. Жазба тақташасында имамзаданың салынған жылы х.қ.ж.с.б. 717 жыл деп көрсетілген.

 

Бруджердің орталық мешіті

Одан кейін Камаледдин Табатабаидің тарихи үйіне бардық.  Бұл үй қажы Аға Камаледдин Набави Табатабаиге тиесілі болған. Ол Бруджердтегі сейіт Табатабаи әулетінің рухани дінбасылар ортасынан шыққан. Үйдің ерекшеліктеріне  кірпіштер, керамикалық тақташалар, ағаш есіктер мен терезелер жатады. Ол Қаджарлар заманында салтанатты үйлердің бірі саналған. Қазір Мәдени мұра ұйымы бұл үйді мұражайға айналдырған. Бұл қаладағы жалғыз мұражай.

 

Камаледдин Табатабаидің тарихи үйі

Үй 3 қабатты. Онда бір үлкен аула, бірнеше шабестан, зал және шаһ отыратын бір бөлме бар. Оның кіребесі бір ұзын дәлізден тұрады. Ат қораға да осы бөліктен кіреді. Кіреберіс дәліз үлкен аулаға апарады. Оның солтүстік бұрышында негізгі ғимарат орналасқан. Ғимараттың оңтүстік бұрышы қойма, аспазхана мен моншаға бөлінген. Батыс бұрышында бір су желісі бар. Көктемгі жатын жерлер осы бөлікте орналасқан. Ғимараттың шығыс бұрышында арка пішінден биік қабырға бар. Бөлмелердің төбесі мен отыратын жері алебастрмен әрленген. Бөлмелерден әртүрлі суреттерді көруге болады. Алауошақтың үстіндегі суреттердің бірінің жанына суретшінің аты "Нематулла Наққаш" деп жазылған. Ұстаз Нематулла Наққаш – Бруджердтің танымал суретшілерінің бірі.  Ол бұл суретті үш жыл бойы салған.

 

Камаледдин Табатабаидің тарихи үйі

Одан кейін Бруджерд қамалын көруге бардық. Жуырда оның бір бөлігі анықталған болатын. Бұл қамал құрылыс барысында карьер қазып жатқан кезде кездейсоқ табылғанға ұқсайды.  Су құбырлары мен канализация желісі керамикалық тақшалармен жабылған. Бұл жүйеде қыш құмыралар суды лайдан тазарту үшін қолданылған.

 

Бруджерд қамалында тарихи су жүйесі анықталды

Бруджерд көне қаласында екі қорғаныс дуалы болған сияқты. Біріншісі бүкіл қаланы қоршап тұрған. Онда 57 мұнара болған. Ал екінші дуал билеушілерді қорғайтын арнайы қамал болған. Бұл көне қала анықталмаған құпияларға толы. Алдағы жылдары туристерге көбірек мәлімет берілетін болады. Біз тек осы бөлігін ғана көре алдық.

Соңында Бруджердтің базарына бардық. Жергілікті тұрғындар оны "Раса" деп атайды. Базардың ішінде «гиве»-кебіс, шұлық, жіп, мыс ыдыстар мен дәстүрлі маталар сататын дүкендер назарымызды өзіне аударды. Бруджерд қаласы көне тарих пен әдемі табиғаттың таусылмас қорына ие болса да, бұл қалаға сапарымызды аяқтап, басқа қалаларға қарай жолға шықтық.

 

Тегтер