Сәу 13, 2016 19:26 Asia/Almaty
  • Иран мәдениеті және сәулет өнері (61)

Ислам діні ғылым мен білімге ерекше көңіл бөледі және ойшылдардың қара сиясынан шаһидтердің қанынан артық санайды.Ислам діні ғылым мен білімге ерекше көңіл бөледі және ойшылдардың қара сиясынан шаһидтердің қанынан артық санайды.

Құран Кәрімде қалам және жазу құралы бола алатын әрбір нәрсемен ант етілген. Діни мәдениетте ғылым мен таным саласындағы адамдар адамзат баласының тәрбиешісі және пайғамбарлардың мұрагерлері болып саналған. Ғылымның осы жоғары орны мұсылмандардың ежелденақ ғылым игеріп, білім жинауға талпынып, оның жоғары мәртебесі құрметтеп, айшықты рөлін сақтауға септігін тигізді. Қажы Низам ол Мүлк – Иран мен Ислам әлемінде незамие медреселерінің негізін қалаушы. Оның өмірбаянында былай делінген: Егер қалаларда білімімен танылған адам болса, оған медресе салып беретін, ал егер бір ойшылдан тәлімтәрбие беру қабілетін көрсе, оны тұрмыстық қажеттілік тұрғысынан толық қамтамасыз етіп, тек ғылыммен айналысуына жағдай жасап отырған. Кейде ғалымды білім мен танымнан кенде қалған қалаға жіберіп, оның тұрғындарын ғылыммен сусындатып отырған. Ғалымдар мен зерттеушілерге осындай жеңілдіктер жасау Ислам елдерінде медреселердің көптеп салынуына септігін тигізді. Алғашқыда медреселер мешіттердің ішінде салынды. Осылайша ғибадат ететін орындар ғылым жинайтын мекендерге айналды. Исламдағы бастауыш және жоғары білім алу теология ғылымы мен оған қатысты салаларға негізделген еді. Мешіттер бастауыш мектептің білімін беруді өз міндетіне алған еді. Бастауыш мектеп сыныптарында ұстаз бір бағанның жанындағы орындыққа отырып, өзін айнала қоршай отырған шәкірттерге дәріс беретін. Хиджра жыл санауының алғашқы ғасырларында Иранның Хорасан деп аталатын кең байтақ аймағында мешіт ішінде дәріс беріп, құтба оқуға арналған ғимараттар салынған, сондайақ ғибадат ететін мекендердің жанына діни тәлім алушы шәкірттердің тұрмысын жеңілдетуге арналған жатақханалар салынған. Мешіт пен медресенің қосындысы х.ж.санауының 3 ғасырынан (10 ғасырынан) басталып, Селжұқтар дәуірінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Сол замандағы медреселерде екі қатар құжыралар (бөлмелер) болған. Олардың алдында террасалар салынған. Төртбұрышты ауланың қабырғалары осы ғимараттарды айнала қоршап тұрған. Осы төрт террасалы аулалар Иранның өзіндік архитектуралық стилі негізінде салынған. Бірақ құбылаға қараған терраса басқа үш террасадан маңыздырақ және әдетте үлкенірек әрі көрнектірек салынған. 1121 жылы өртеніп, қайта жөндеуден өткізілген Исфаханның үлкен мешітіндегі Иран медреселерінің архитектуралық стилін белгілі бір бағытқа бағыттады. Медресе құрылысы үнемі осы стильде салынатын болды. Иранның архитектуралық стилімен салынған мешіттер жамағат намазын өткізетін орын болумен қатар, көптеген ынталы әрі талапты шәкірттерге діни тәлім беруге арналған медресе де болды. Осы таңғажайып құбылыс Исфаханның үлкен мешітінің құрылысынан айқын көрінеді. Бұл мешіттің архитектуралық құрылысы басқа дәуір мешіттерінен ерекшеленеді. Исфаханның үлкен мешітінің күмбезі үлкен сарайдың (кушк) үстіне салынған. Оның құбылаға қараған террасасы дәліз пішінде жасалған. Күмбездің екі жағына мұнаралар салынғаннан кейін мешіттің сыртқы келбеті ерекше салтанатты сипатқа ие болды. Архитектуралық құрылыстардың осы түрінде жамағат имамы немесе діни тәлім беретін ұстазға биік орын салынбаса да, күмбез асты мен кіреберіс дәліз кеңістігінде сабақ өткізуге жағдай жасалып, ұстаз бен шәкірт арасындағы арақашықтық азайтылды. Залды бағансыз салу жақын ғылыми байланыстардың қалыптасуына көмектесті. Сефевилер заманында да Иранның әртүрлі қалаларында медресе салуға ерекше көңіл бөлінді. Исфахан мен Мешхедте үлкен медреселер салынды. Бұл медреселердің маңызды ерекшелігі олардың діни сипатында жатыр. Көбіне олар мешіттер мен діни орындардың жанында салынған. Саудасаттық қалаларында базардың маңыздылығы мен оның байланыс тамыры ретіндегі рөліне байланысты үнемі бірнеше медресе базардың ұзына бойына салынып отырған. Тұрғын үй аудандарында дінге деген ынта мен махаллені абадтандыру үшін қоғамдық ғылымидіни кешендер салынған. Медреселер діни қолданыс аясымен бір мезгілде саясиәлеуметтік те рөл атқарған. Әртүрлі тарихи дәуірлерде кейбір үкіметтер немесе әртүрлі ағымдар мен топтар тарапынан саяси мақсатта пайдаланылып отырған. Жалпы алғанда ғылыммен айналысатындар осындай саяси мәселелерге араласпайтын. Олар көбіне оқуды барлық нәрседен артық санайтын. Иранның түкпіртүкпірінде медреселер мен ғылыми орталықтар көп. Ең маңызды медреселердің бірі ретінде Исфахандағы «Имамие» және «Мұзаффари» медреселері, Йездтегі «Рокние», «Шамсие» мен «Зийаие» медреселерін атауға болады. Бұл медреселер мешіт пен керуен сарай стилінде жобаланған. Бірақ медреселерде шабестан  намаз оқитын залдың орнына шәкірттер өмір сүретін екі қабатты ғимараттар салынған. Сіздерді өткен замандардағы ғылыми орындармен көбірек таныстыру үшін бүгінгі бағдарламада олардың кейбіреуі жайлы сөз қозғаймыз. Исфахандағы «Имамие» медресесі – Иранның ең ежелгі әрі ең әдемі медреселерінің бірі. Осы ғимараттың кіреберіс маңдайшасындағы тақташада аталмыш медресенің х.қ.ж.с.б. 725 жылы салынғандығы куфа жазуымен жазылған. Имамие медресесі тіктөртбұрышты пішінде екі қабатты әрі төрт террасалы етіліп салынған. Бұл медреседе кіреберіс маңдайша, орталық аула, екі қабатты бөлмелер, күмбез бен қоғамдық бөлімдер бар. Медресенің кіреберіс маңдайшасында сырлы кірпіш өрнектері мен тарихи жазба тақташалары бар. Кіреберіс қабырғаларда әдемі нақыштар салынған. Ал төрт терраса «банайимуақали» жазуымен жазылған жазба тақташалар және сазбалшықтан жасалған сырлы кірпіштермен безендірілген. Жазба тақшалардың бірқаншасы төртбұрышты рамканың ішіне салынған. Оның жазуы көгілдір бетке ақ сиямен жазылған. Осы тақташаларда Құран сүрелері, Ислам пайғамбары сахабаларының аттары мен діни тұлғалардың айтқандары мен хадистері жазылған. Осы мешітмедресенің михрабы өте әдемі түрлі түсті қыш тақташалармен безендірілген. Тіктөртбұрышты жобамен салынған «Мұзаффари» медресесі Исфаханның үлкен мешітінің шығыс жағында орналасқан. Бұл медресе төрт террасалы жоба негізінде салынған. Оның әрбір тарапында кіретін есік бар. Негізгі террасаның екі жағында төбесі жабылған екі далан бар. Оның үстіне екі қабатты құрылыс салынған. Ауланың солтүстігіндегі террасаның артында тіктөртбұрышты зал орналасқан. Онда сабақтар өткізіліп, жамағат жиналып, ұстаздар сөз сөйлейтін болған. Террасалар мен шабестандар сырлы кірпіш, тарихи жазбалар және архитектуралық сталактиттермен көмкерілген. Бүгінде олардың тек кейбір бөліктері сақталып қалған. Шабестанның михрабындағы тақташада х.қ.ж.с.б. 778 жыл деп жазылған. Бұл аталмыш медресенің Ирандағы ең ежелгі діни медресе екендігін білдіреді. Иранда оқу орындары шашырай орналасқан. Йезд қаласында да маңызды тарихи ғимараттар бар. Олардың бір бөлігін медреселер құрайды. Осындай тарихи медреселердің бірі – «Рокние» медресесі. Ол Йезд мешітінің жанында орналасқан. Оны халық «Уақыт мешіті» немесе «Сағат мешіті» деген атпен таниды. Бұл мешіт х.қ.ж.с.б. 725 жылы салынған. Рокние медресесінде кітапхана, обсерватория, аурухана мен көптеген вакфқа берілген ғимараттар болған. Бүгінде олардан тек аз ғана ескерткіштер қалды. Медресенің орталық бөлігінде күмбез орналасқан зал бар. Ол басқа бөліктерге қарағанда жақсырақ сақталған. Күмбез екі жамылғыдан тұрады, оның сыртқы бөлігіндегі сырлы кірпіш көгілдір түсті. Ғимараттың солтүстік бөлігінде әдемі алебастр жапсырмалар бар. Мұның өзі Иран өнерпаздарының өнері мен талғамын білдіреді. Бұл ғимараттың қабырғалары өте қалың, оның барлық ішкі бөлігі ақ алебастрмен сыланған. Рокние медресесіндегі безендіру үлгілерінің көптігі соншалықты, тіпті оның ішкі архитектуралық құрылысын өз ықпалына түсірді. Нақыштар қабырға бетіне көк, жасыл, сары және қоңыр түспен салынған. Кейбір пішіндер мен жобалар кітаптардағы суреттер мен жобалардан алынғандай үш өлшемді болып көрінеді.

Тегтер