Қар 07, 2020 20:56 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 18

Иранды - төрт мезгіл ел және бұл Иранның географиялық орналасуына байланысты осы жердің халқы үшін жағымды тағы бір салыстырмалы артықшылығы.

Салыстырмалы артықшылық - бұл экономикада қолданылатын термин, егер ел тауарды басқа тауарларға қарағанда арзан өндіретін болса, сол тауарды өндіруде салыстырмалы артықшылығы бар делінеді. Бұл теорияның өзегі – баламалы шығын. Баламалы шығын бір тауарды алу үшін жоғалтқан шығын. Егер өндірушінің тауар өндіру саласындағы баламалы шығыны төмен болса,  өндірісі  салыстырмалы артықшылыққа ие болып саналады.

Экономика мен география бір-бірімен және екеуі саясатпен байланысты. Кейбіреулердің пікірінше, экономика география және климат негізінде қалыптасады.  Теңізге жақын адамдар көбінде балық аулайды, ал орманға жақын адамдар өндіріс және отпен айналысады. «Геосаясат» және «геоэкономика» сияқты терминдер  де  география, саясат және экономиканың  өзара байланысын білдіреді. Қазіргі кезде көптеген экономикалық және саяси шекаралар бұзылғанымен, бұл терминдер қолданылып келеді. Негізінде елдер әліде экономикалық саладағы дамуы үшін географиялық немесе саяси позицияларынан көп пайда көреді.   Иранның географиялық және геосаяси жағдайы - бұл жер халқының маңызды салыстырмалы артықшылықтарының бірі және экономикалық   жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. 

Иранның геополитикалық жағдайы әлемдегі маңызды тақырыптардың бірі.  Иран - Оман теңізі мен Парсы шығанағы және Каспий теңізі аралығында орналасқан Шығыс пен Батыстың арасындағы жалғыз құрлық көпірі. Каспий теңізінің шығысы мен әлемнің шығысындағы елдердің барлығы   екі құрлық дәлізі арқылы батыс елдеріне қол жеткізе алады. Олардың бірі Иран арқылы өтетін транзит жолы.

Қолайлы теміржол мен құрылық қатынастары және Иранның Парсы шығанағы, Оман теңізі, Макран теңізі мен Каспий теңізі   жағалауына шығуы Ислам республикасының көлік және транзит саласындағы экономикалық артықшылықтарының бірі болып табылады. Бұл тақырып соңғы жылдары әлемнің негізгі экономикалық өндірушілерін өте тартымды етті. ИИР стратегиялық жағдайы тұрғысынан әлемдік дәліздің қилысында орналасқан. Солтүстік-Оңтүстік, Шығыс-Батыс, Оңтүстік Азия және Фракия дәліздері әлемдегі ең маңызды төрт байланыс дәлізі болып табылады, олардың бір бөлігі Иран арқылы өтеді. Солтүстік-Оңтүстік дәлізі Азия мен Еуропа арасындағы маңызды сауда байланысы болып табылады. Бұл дәліз Солтүстік Еуропа елдері мен Ресейді Иран мен Каспий теңізі арқылы Үнді мұхиты, Парсы шығанағы және Оңтүстік Азия елдерімен байланыстырады. Солтүстік-Оңтүстік дәлізі 2000 жылы Санкт-Петербург қаласында Үндістан, Иран және Ресей арасында жасалған келісімшарт негізінде жасалған. Тауарлар транзиты саласындағы экономикалық жоба тауарларды Үнді мұхитынан Суэц каналына тасымалдаудың орнына, Иран арқылы ТМД мен Еуропа елдеріне жеткізетін жағдай туады. Бұл дәлізге қызығушылық танытқандар арасында Үндістан мен Ресей арасындағы экономикалық айналымды іске асырушылар. Бұл бағыт Суэц каналының дәстүрлі бағыттарымен салыстырғанда 40 пайызға қысқа және 30 пайызға арзандау.  Бұл дәліздің Ирандағы бөлімін дайындау Чабаһар портын дамыту мен жабдықтау   және үлкен инвестиция  салумен басталды. Шәһид Бехешти атындағы Чабаһар порты Солтүстік-Оңтүстік дәлізі тауарларының Иранға енетін дарбазасы. Бұл порттың шығысынан Орта Азия мен ТМД елдеріне жақын болуы қазіргі кезде транзитті дамытатын ең жақсы жол. Иранның тауарлар транзитіндегі тағы бір салыстырмалы артықшылығы - Шығыс-Батыс дәлізі. «Ескі Жібек жолы» немесе жаңа «Бір белдеу - бір жол» - көптеген мүмкіндіктерге толы жол.   Иран осы бағыттағы стратегиялық қиылысу болып табылады. 2013 жылы Қытай төрағасы Си Цзиньпин «Жібек Жолының экономикалық белдеуі» мен «21-ші ғасырдың теңіз Жібек жолын» салуды ұсынды. Сол күннен бері жоба бүкіл әлемге «Бір белдеу - бір жол» деген атпен танымал болды. Иранның геостратегиялық ұстанымы оны жаңа Жібек жолының Еуропа жолындағы  маңызды елге айналдырды. Жібек жолы Қытайдан басталып, Орта Азия. Иран, Ирак және Түркиядан  Жерорта теңізіне жетіп, соңында  Риммен байланысқан.  Бұл бағыт біздің заманымыздың XV ғасырына дейін 1700 жыл ішінде әлемдегі ең ірі экономикалық айырбас желісі болды. Шығыс-Батыс халықаралық дәлізі Қытайды Иран арқылы Орталық Азиямен байланыстырады. Яғни, жаңа Жібек жолы құрлық жолы Қытайдан және Индонезия мен Вьетнамды қоса алғанда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен басталып, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия, Иран мен Түркия арқылы Азияда жалғасып, Шығыс Еуропа елдері мен Италияға дейін жалғасуда. TRASICA - Азияны Еуропамен байланыстыратын тағы бір халықаралық дәліз. Бұл дәліздің Иран, аймақ, Азия және Еуропа үшін халықаралық маңызы зор. Азия континенті соңғы жылдары әлемдік сауда мен өндіріс үшін тартымды орталыққа айналды, нәтижесінде аймақтағы тасымалдауға деген сұраныс артты және бұл үкіметтер арасындағы ынтымақтастықтың артуына әкелді, әсіресе халықаралық дәліздер құру және пайдалану.  Бұл дәліз үшін жалғыз құрылық жол болғандықтан, Иран бұл жобада ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, Иранның TRASICA дәлізіне мүше болуы дәлізге қосылғысы келетін Ауғанстан мен Пәкістан  үшін жол ашты. Аталмыш  халықаралық дәлізге Иранның қосылуымен  Еуропадан тауарларды Орталық Азия елдері мен Қытайға жіберуге арналған дәліздің оңтүстік бағыты жақсарады.

Иранды төрт мезгіл елі деп атайды және бұл Иранның географиялық орналасуына байланысты осы жердің халқы үшін жағымды тағы бір салыстырмалы артықшылығы. Иранның климатының әртүрлілігі елдегі ауылшаруашылық өнімдерінің түрлілігіне себеп болды. Иранның ауылшаруашылық саласына ауыл шаруашылығы мен бау-бақша, мал шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы кіреді. Әлемдегі белгілі 13 климаттың ішінен 11 түріне ие болуы, жыл бойында 300 күннің шуақты  және елдің ең суық және ең ыстық жері арасындағы температура айырмашылығының 40-50 градус болуы   экологиялық тұрғыдан кең байтақ Иран еліне қолайлы жағдай тудырады.

Иранда сегіз мыңнан астам өсімдік түрлері анықталды және олардың үш мыңға жуығы дәрілік қасиеттерге ие. Елдегі дәрілік өсімдіктер қауымдастығы басшысының айтуынша, олардың шамамен 170-200 түрі өндіріледі, ал басқа түрлері табиғатта  өз еркімен өседі. Иран - дәрілік өсімдіктер өндіретін әлемдегі ең әлеуетті елдердің бірі.

Соңғы жылдардағы Иранның экспортқа шығаратын маңызды дәрілік өсімдіктеріне зире, тимьян, мелисса, анис, түймедақ, шафран, мыңжапырақ,  сәлбен,   мия және т.б. өсімдіктер енді. Иранның дәрілік өсімдіктері Германия, АҚШ, Британия, Франция, Венгрия, Пәкіста, Үндістан, Қытай, Түркия, Бахрейн, Кувейт, Қатар, Канада мен швецияға экспортталады. Иранның дәрілік өсімдіктерінің ең үлкен көлемі Пәкістан мен БАӘ-не, одан кейін Германия, Жапония және Қытайға экспортталады.

Қазіргі уақытта Иранның бірнеше агроөнеркәсіптік және зертханалық өндіріс компаниялары дәрілік өсімдіктерді (эфир майларын, сығындыларын, шырындарын, эссенцияларын, өсімдік бояғыштарын және басқа фармацевтикалық пакеттерді таблетка, драже, ұнтақ, түйіршіктер, кремдер, майлар, сироптар және сұйықтықтар түрінде дайындау) өндіреді. Әлем халықтары фармацевтика өнеркәсібінде де, тамақ және косметика саласында да шөптік өнімдерді қолдануға бет бұрған кезде, Иранның дәрілік өсімдіктер өнеркәсібіне нақты перспективалар ашылды.  Дәрілік өсімдіктер өнеркәсібі - Иран экономикасының күшті жақтарының бірі. Сарапшылардың пікірінше, инвестицияны арттыру және жоспарлауды жақсарту арқылы дәрілік өсімдіктердің экспорттық кірісі елдің мұнай кірісіне тең бола алады.

Тегтер