Қаң 22, 2021 19:01 Asia/Almaty
  • Өндірістегі серпіліс – дамудың негізі 23

Иран мен Пәкістан әртүрлі салаларда өзара әрекеттестіктер мен байланыстарды сонау өткен кезеңдерден бастап жүргізген, сондықтан ұзындығы 900 км асатын екі елдің ортақ шекарасы достық шекарасы ретінде белгілі болды.

Иран мен Пәкістанның  көптеген тарихи, мәдени, әлеуметтік және діни ұқсастықтары, көптеген табиғи ресурстары  мен адами ресурстары  екіжақты экономикалық қатынастарының  дамуы үшін жақсы алаң бола алады. Экономика саласындағы екі елдің мәдени, әлеуметтік және діни ұқсастықтары көбінесе тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты арттыруда.  Географиялық жақындық көлік шығындарын азайтады және тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін арттырады. Иран мен Пәкістанның экономикалық әлеуеттері екі елді  сауда бәсекелес емес, экономикалық қатынастарында бір-бірін толықтырушы бола алады. Екі елдің бір-бірінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын тауар өндіреді.

Иранның көршілес елдер арасындағы саудасы

Соңғы статистикаға сәйкес, Иран мен Пәкістан арасындағы екіжақты сауданың құны жылына 1,5 миллиард доллардан аспайды. Иран энергетика, мұнай, газ, мұнай-химия, азық-түлік, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және тоқыма салаларындағы қатынастардың дамуын екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар деңгейін кеңейте алатын ынтымақтастық саласы ретінде қарастырады. PAIR деп аталатын Пәкістан-Иран инвестициялық компаниясы бірлескен жобаларды қаржыландыруға қабілетті. Әртүрлі коммерциялық, экономикалық, техникалық және өнеркәсіптік салаларда 18000-нан астам белсенді мүшелері бар Теһранның Сауда-өнеркәсіп палатасы пәкістандық әріптестерімен әртүрлі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге және өзара сауда-саттықты, әсіресе инвестициялық және бірлескен жобаларды, әсіресе көрші провинцияларда дамытуға дайын.  200 миллионнан астам халқы бар Пәкістан әлемдегі халқы саны тұрғысынан алтыншы және тауарларының жартысынан көбін импорттайтын нарық. Бұл ел Ираннан   машинада тоқылған кілемдер мен керамикалық плиткалардан бастап ауылшаруашылық және кондитерлік өнімдерге дейінгі импорттайды. Иранның сауда экспортының едәуір бөлігі мұнай химиясы болып табылады. Statista - статистика саласындағы жетекші статистикалық институттардың бірі.  Washington Post сияқты кейбір батыстық бұқаралық ақпарат құралдары әлем елдері арасында Пәкістан халқының ИИР-на көбірек қызығушылық танытатынын мойындайды. Бұл қызығушылық Пәкістан нарығында ирандық тауарлардың өркендеуіне әсер етті. Пәкістандағы ирандық тауарлардың өркендеуі мен танымалдылығының маңызды факторларына олардың жоғары сапа, қауіпсіздік, тамаша дизайн, қолайлы баға, алдыңғы қатарлы технологияны пайдалану, бәсекелестермен салыстырғанда беріктігі және экологиялық тазалығы сияқты сипаттамалары кіреді. Хұсейн Лашари - Пәкістанға ирандық көрпелерді сатушылардың бірі: «Ирандық тауарларға қатысты   олар өте сапалы және Пәкістанда оларға деген сұраныс артып келеді»,- деп айтуға болады. Иранның керамика, плитка, цемент, кілем, шафран, алма және басқа да көптеген Иран өнімдері Пәкістан халқы арасында өте танымал»,- деді. Иранның Пәкістанға  машинада жасалған кілемдер мен жуғыш заттарды, қыш тақтайшаларын, жемістер мен көкөністерді, оның ішінде алма ағаштарын, бұршақ тұқымдастарды (әсіресе ноқат пен кориандр тұқымын), пісте, құрма, джем, цемент, шоколад, пластмасса, шикі тері мен мұнай битумын экспорттайды.  Карачидегі Пәкістан құрылысшылары қауымдастығының президенті Ареф Юсуф Джива Иранның керамикасы мен плиткалары халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және Пәкістан халқы арасында танымал екеніне  тоқталып: «Иран зауыттары жасаған керамикалық плиткалар Пәкістан нарығында жақсы орынға ие. Пәкістандық саудагерлер бұл өнімді Еуропа елдерінен сатып алудың орнына көрші Ираннан сатып алғанды ​​жөн көреді»,- деді. Юсуф Джива Пәкістан халқының Иран мәдениеті мен өркениетіне қызығушылық білдіретінін еске салып: «Екі ел арасындағы осындай бай ортақ белгілердің болуы сапалы ирандық тауарларды Пәкістан базарларында сатудың негізгі факторы болып табылады және банктік және салықтық кедергілер жойылған жағдайда пәкістандық кәсіпкерлер бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алады»,- деп мәлімдеді.

Пәкістан нарығы - Иранның бірін-бірі толықтыратын нарықтарының бірі; Яғни, көптеген тауарлар осы елге экспортталатындығына қосымша, кейбір негізгі тауарлардың, әсіресе ауылшаруашылық өнімдерінің орнына Пәкістаннан импортталады. Иранның  көптеген тауарлары Пәкістан нарығына  экспортталуымен бірге, Пәкістаннанда Иранға кейбір негізгі тауарлар, әсіресе ауылшаруашылық өнімдері әкелінеді. Пәкістан экономикасы негізінен қызмет көрсету, ауылшаруашылық және пайдалы қазбаларға негізделген. Осыған байланысты Пәкістан Иранға ет пен күріш экспорттайтын елдердің бірі болып табылады. Көрші елдердің экономикалық өсімі Иран үшін маңызды болып табылады.  АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялар енгізуі мен мейілінші қысым көрсту саясаты кезінде шекаралас  елдер әдеттегі айырбастармен қатар, Иран тауарлары мен қызметтерін экспорттаудың стратегиялық нарығы  бола алады.  

Иран мен Пәкістан 900 км. астам ортақ құрлықтық шекараға ие және бірегей геосаяси жағдайға ие аймақта орналасқан. Чабахар мен Гоутер порттарының Иран мен Пәкістан аумағында бір-бірінен небәрі 140 км қашықтықта орналасуы осы екі елдің геосаяси ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Гоутер пен Чабахар порттары екі экономикалық бәсекелес Қытай мен Үндістанның инвестициясымен екі елдің сауда тауарларын Орталық Азия мен Еуропаға тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің ақпарат өкілі Мұхаммад Фейсал 2018 жылы тіпті Пәкістанның теңіз ісі министрінің Иранның Чабахар портын дамыту жобасының бірінші кезеңінің ашылу рәсіміне қатысқанына тоқталып: «Чабахар мен Гоатар - іс жүзінде сауда мен көлік салаларын дамытуда бір-бірін толықтыратын екі апалы-сіңлілі»,- деді.  

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір бағыты - Ираннан Пәкістанға газ беру, бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың деңгейін кеңейтуі мүмкін. Иран электр қуатын өндіруге қабілетті ел ретінде Пәкістанға өзінің техникалық-инженерлік қызметтерін экспорттау арқылы электр қуаты мен газды жеткізуде көмектесе алады. Бейбітшілік құбырын іске асыру - Иран мен Пәкістанның стратегиялық жоспарларының бірі. Иран осы уақытқа дейін жобаға 2 миллиард доллардан астам қаржы жұмсап, өз міндеттемелерінің басым бөлігін орындады. Жобаның тек 180 шақырымы Иранда қалады, егер Пәкістан оң қадам жасаса тез аяқталады. Жобаның аяқталуы Пәкістанның экономикалық бейнесін өзгертуі мүмкін. Иран мен Пәкістанның жас ұрпақ үшін үлкен әлеуеті бар және олар жастары көп елдер болып саналады. Ирандық газ бен шикізаттың импортының басталуымен Пәкістанда жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туады. Пәкістанды газ және энергиямен қамтамасыз ету арқылы елдегі электр энергиясының жетіспеушілігін шешуге болады.

2017  жылдың сәуірінде өткен Иран-Пәкістан бірлескен экономикалық комиссиясының жиырмасыншы отырысында екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары екіжақты сауда қатынастарының көлемін кем дегенде 5 миллиард долларға дейін ұлғайтуға келісті. Егер бұған қол жеткізілсе, екі елдің шекаралас провинциялары тұрғындарының әл-ауқаты мен жұмыспен қамтылуы өсіп қана қоймай, сонымен бірге аймақтың дамуы мен қауіпсіздігіне ықпал етеді. Сондай-ақ Ауғанстан сияқты басқа серіктестерді сауда-экономикалық келісімдерге тарту арқылы аймақтық деңгейде көпжақты экономикалық одақтарды нығайтуға болады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан және Түркияның Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының үш мүшесі ретіндегі ынтымақтастық тарихын ескере отырып, әсіресе осы үш елдің географиялық орналасуын ескере отырып, аймақтағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға болады. Осыған байланысты Иран Пәкістан тауарларын Түркияға және басқа Еуропа елдеріне арзан әрі қауіпсіз транзиттік жол ретінде жіберуге ықпал ете алады.

 

 

 

 

 

 

Тегтер