Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (1)
Қасиетті шағбан айы, оның ортасында хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні болғандықтан, Құран мен рауаяттардағы хазіреттің бейнесіне тоқталуға қолайлы мұрсат. Осыған орай «Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі» деген бағдарлама түрінде хазіреттің (ғ.с.) хадистердегі қасиетті болмысына негізделген Құранның 30 аятын ұсынамыз.
«Бақара» сүресінің, 3-ші аяты
«Бақара» сүресінің 2-ші аятында Алла Тағала қасиетті Құран кітабын «тақуа адамдарды тура жолға нұсқаушы» деп таныстырады. Ал бұл сүренің 3-ші аятында бұл топтың ерекшеліктеріне тоқталып: «...олар ғайып әлемге иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібеден (Алла жолында) пайдаланады (кедейлермен бөліседі)»,- деді.
Тақуалардың маңызды ерекшеліктерінің бірі намаз оқып, несібелерімен бөлісумен қатар ғайып әлеміне иман келтірулері. Бұл ерекшелігі олардың басқалардан өзгеше етеді. Тақуалар бүкіл жаратылысқа, көрінетін және ғайып әлемге иман келтіреді. Басқалар өздері сезінгенді ғана қабылдайды. Олар тіпті Алланы көзбен көргілері келеді, бірақ көре алмағандықтан Оған иман иман келтірмейді. «Бақара» сүресінің 55-ші аятында кейбіреулер хазірет Мұсаға: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз»,- деді. Мұндай адамдар таным жолын тек сезімдерімен шектеп, бәрін бес сезім арқылы түсінгісі келеді.
«Ғайып» деген термин ақыл-ойдан тыс әлем үшін қолданылады. Өйткені түйсік оған керісінше және сезілетін әлемге тиесілі. Ғайып, негізінен, жасырын нәрсені білдіреді. Ал сезімнен тыс әлем біздің сезімнен жасырын болғандықтан, оны ғайып деп атайды.
Кейбір рауаяттарда пәк имамдар (ғ.с.) бұл аяттағы ғайыпты қазіргі кезде тірі, бірақ бізден жасырылған хазірет Мәһди (ғ.с.) деп тәпсірлеген. Джабер бен Абдолла Ансаридің хадистерінің бірінде, Алла елшісі (с.ғ.с.): «Имамның ғайып кезінде сабыр сақтағандар, қандай бақытты. Он екі имамның сүйіспеншілігіне бөленгендер, қандай бақытты. Олар Алла Тағала өзінің Құран кітабында «ғайып әлемге иман келтіргендер» деп атағандардың өздері»,- деген, содан соң: «Міне бұлар, Алланың жамағаты. Жақсы біліңдер. Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар»,- деп сөзін жалғастырған. («Мүжәдәлә» сүресі, 22-ші аят).