Нау 24, 2021 21:03 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (10)

«Нахл» сүресінің 1-ші аяты: أَتىَ أَمْرُ اللَّهِ فَلَا تَسْتَعْجِلُوهُ سُبْحَانَهُ وَ تَعَالىَ‏ عَمَّا یُشْرِکُونَ:

«Нахл» сүресінің 1-ші аятында: «Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан серіктерінен пәк те жоғары»,- деп айтылды. 

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мекке қаласында мүшіріктермен және пұтқа табынушылармен қақтығысқа түскен кезде, миссияны жоққа шығарушылар хазіреттің өмірлік шақыруына қарсы күн сайын сылтау іздеп отырды. Мысалы, Пайғамбар оларды илаһи азаптан қорқытқан сайын: «Егер сіз айтқан азап пен жаза шын болса, онда ол бізге неге келмейді!» - дейтін. Кейбір надан адамдардың ақылсыздығы соншалық болғандықтан олар, «егер азап болуы керек болса, біз бұл азапты өзімізден алыстату үшін пұттарға жүгінеміз» дейтін. «Нахл» сүресінің бірінші аяты түсуімен, олардың барлық қиялдарының жарамсыздығы белгілі болды. Аят асықпауға шақырып, мүшіріктер мен қылмыскерлерді жазалу үшін Алланың бұйрығының келгеніне сілтеме жасап, сондай-ақ пұттар көмектеседі деп ойламауды ескертеді. «Алла, олардың қосқан серіктерінен пәк те жоғары».

Имам Садық (ғ.с.) «Нахл» сүресінің 1-ші аяты туралы: «Бұйрықтың мағынасы - имам Мәһдидің (ғ.с.) бұйрығы және бізге асықпау туралы нұсқау берілді. Құдіретті Алла біздің бұйрықтарымыздың иесіне үш әскерімен. періштелер, мүміндер және патшалар мен үстемшілердің жүректеріне жіберетін қорқыныштармен көмектеседі»,- деді.

Имам Мәһдимен (ғ.с.) кездескендердің бірі Али ибн Махзияр: «Хазіреттің қасына барған кезде, «менің, басшым, «Нахл» сүресінің 1-ші аятындағы бұйрықтың мағнасы не?» деп сұрадым, хазірет «Алланың бұйрығы және Оның әскері, бізбіз», деп жауап берді»,- деді.

 

 

 

Тегтер