Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (21)
«Зариат» сүресінің 23-ші аяты: فَوَ رَبِّ السَّماءِ وَ الْأَرْضِ إِنَّهُ لَحَقٌّ مِثْلَ ما أَنَّکُمْ تَنْطِقُونَ
«Зариат» сүресінің 23-ші аяты: «Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас».
Алла өзінің ұлылығы мен құдыретімен күмәнді және сенімі аз пенделеріне ризық және сыйақы мен жазаның уәде етілені және оған ешқандай күмән жоқ екеніне сендіріп ант береді. Кейде адам болмайтын және көзі қате көрген немесе дұрыс естімеген нәрсені естуі мүмкін. Бірақ адам сөйлеген кезде, айтылмаған сөзді айтылды деп ойламағаны жөн. Құранда: «Шүбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас»,- деп айтылды. Бұдан да маңыздысы, сөйлеу мәселесі - адамнан басқа ешбір тіршілік иесіне берілмеген Алланың ең үлкен ризықтары мен нығметтерінің бірі. Адамдардың әлеуметтік өміріндегі, тағылым-тәрбиедегі, ғылым мен біліммен алмасу саласындағы сөйлеудің рөлі ешкімге жасырын емес.
Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) «Зариат» сүресінің 23-ші аяты туралы: «Алланың «Көк пен жердің Раббына серт» деп айтуы бұл сөзідің шындық екенін білдіреді. Сіздің сөзіңіз хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің құтқарушысыынң мақсаты болғандай, Алла Тағала иман келтірген және ізгі амалдар жасайтындарға имам Мәһди (ғ.с.) келген уақытта жер бетіндегі халифатқа уәде берді.