Сәу 13, 2021 18:11 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (30)

«Һуд» сүресі 86-шы аят: بَقیّتُ الله خَیرٌ لّکُم إن کُنتُم مّؤمِنینَ وَمَآ أنَا عَلَیکُم بِحَفیظ

 

«Һуд» сүресі 86-шы аят: «Егер нанатын болсаңдар, сендерге Алланың қалдырған халал нәрсесі қайырлы. Мен сендерге күзетші емеспін».

Құран аяттарының көптеген мағыналары мен түсініктері бар. Әркім өзінің таланты мен біліміне сәйкес олардың кейбір ұғымдар мен мағыналарын түсіне алады. Осы уақытқа дейін қасиетті Құранға тәпсір жазған тәпсіршілердің әрқайсысы Құран Кәрімнің білімі мұхитының бір бұрышына қол жеткізді. Құран Кәрім – Алланың сөзі, илаһи сөз – илаһи білімнің шексіздігінің белгісі. Сондықтан пәк имамдардан (ғ.с.) жеткен рауаяттарда қасиетті Құранның «жеті негізінің» және әрбір «негіздің» «жетпіс мағнасының» бар екенін көрсетеді. Һуд сүресінің 86-аяты Шоаиб халқына қатысты  және «Бақият Алланың» мағынасы заңды пайда мен адал қор немесе илаһи сый болса да, Алланың тарапынан адамзатқа қалатын және жақсылық пен бақыттың қайнар көзіне айналатын әрбір пайдалы жаратылыс, «Бақият Алла»  саналады. Әртүрлі рауаяттарға сәйкес, хазірет Мәһди (ғ.с.) пайғамбарлар мен имамдардан кейінгі соңғы жетекші. Имам Мәһди (ғ.с.) - келген кезде Қағбаның қабырғасына сүйеніп, аталмыш аятты оқитын және содан соң: «Мен Бақият Алламын және сендердің араларыңдағы Оның халифасымын»,- дейтін «Бақият Алланың» айқын мысалдарының бірі. Имам Мәһдимен (ғ.с.) кез келген адам «Ассалаумағалейкум, уа, жердегі Бақият Алла» деп амандасады. «Нур Сақалайын» тәпсір кітабында рауаяттардың бірінде: «Бір адам имам Джафар Садықтан (ғ.с.) имам Мәһдимен (ғ.с.) амандасқан кезде «уа, мүміндер әмірі» деп айтуға болады ма деп сұрады. Имам Садық (ғ.с.): «Жоқ, мүміндер әмірі деген лақаб атты  Алла тек хазірет Әлиге (ғ.с.) арнаған»,- деді. Ер адам. «Олай болса, имаммен (ғ.с.) қалай амандасамын?»- деп сұрақ қойды. Имам Садық (ғ.с.): «Ассалаумағалейкум, уа, Бақият Алла»,- деп айт деді және содан соң  «Һуд» сүресінің 86-шы аятын оқыды.

 

 

Тегтер