Иран: Насир ул-Молк мешіті (123)
Шіл 15, 2021 22:49 Asia/Almaty
Насир ул-Молк мешіті – Иранның Шираз қаласында Қаджарлар заманынан қалған ең әдемі көне мешіттердің бірі. Мешіт жоба, түс және нақыш түрғысынан өз түрінде теңдессіз.
Насир ул-Молк мешіті халық аузында «Қызғылт мешіт» деген атпен танымал. Оның құрылысында үлкен қызғылт шынылар мен қыш тақташалар қолданылған. Мешіт Шираз билеушісі «Насир ул-Молк» деп аталып кеткен Мырза Хасан Әлиханның бұйрығымен сәулетші Мырза Мұхаммед Хасан мен Мұхаммедрезаның қолымен салынды. Мешіт құрылысы х.ш.ж.с.б. 1255 жылдан 1267 жылға дейін 12 жылға созылған.