Сәу 19, 2016 15:46 Asia/Almaty
  • Балалар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі: Ислам көзқарасы тұрғысынан

Егер естеріңізде болса, өткен бөлімде жасөспірімдерге Исламның ардақты пайғамбарының өмірі мен мінез-құлқын (с.ғ.с.) үлгі етіп, жасөспірімдік шақтағы ахлақи қасиеттердің үйретілуі туралы айттық.

Жасөспірімдер өздерінің түрлі армандарын жүзеге асыру үшін бір адамнан немесе адамдардан үлгі алады. Бұл үлгілер жасөспірімнің мінез-құлқы мен ой-пікіріне қатты әсер етеді. 

Бала мен жасөспірімді жылдар бойы Алла, пайғамбарлар және имамдармен таныстырған ата-аналардың өз перзенттері алдында наным-сенімдерге беріктіктің үлгісіне айналуы үшін алдымен жасаған іс-әрекеттері олардың айтқан сөздеріне сай болуы керек. Екіншіден, жасөспірім толыққанды пенденің объективті үлгісін көруі үшін ата-ана оларға лайықты тұлғаларды рухани үлгілер ретінде таныстырулары қажет. Мысалы жасөспірімнің мұсылмандардың ең жақсы үлгісі пәк имамдардың намаз оқуы және намаз кезіндегі жағдайларымен танысуы жасөспірімді намазға жақындатады. Сонымен қатар діни үлгілі тұлғалардың намаз оқуымен танысу жасөспірімнің исламдық тәлім-тәрбие жолын басып өтуге деген ниетін нығайта түседі. Рауаяттарда келтірілгендей, пайғамбар (с.ғ.с.) намазға тұрған кезде хазіреттің Алладан қорыққанынан өңі қашып кететін.

Имам Садық (ғ.с.) та имам Саджадтың (ғ.с.) жағдайын былай сипаттайды: «Имам Садық (ғ.с.) рамазан айында дұға, мадақтау және кешірімнен басқа сөз айтпайтын». Бұл рауаяаттардың барлығы жасөспірімдердің діни тәрбиесі үшін діни ғұламаларды үлгі ретінде таныстыруға болатынын көрсетеді.

Ислам көзқарасына сәйкес, отбасы перзенттердің діни тәрбиесінде басты рөл атқарады. Исламдық қағидалар бойынша, Алланың алдындағы ең сүйікті орта отбасы болып табылады. Сол себепті барлық жақсы қасиеттер, діни және ахлақи басымдылықтар отбасынан бастау алады. Отбасы – адамның болмысының гауһары қалыптасып, түрлі құндылықтар, әсіресе діни және сенімдік құндылықтарға ие, не керісінше адами құндылықтардан алыс тұлға қалыптасатын жер. Осы арада отбасының негізгі тіректері болып табылатын ата-ана перзенттердің, әсіресе жасөспірімдердің жақсы сипаттарының қалыптасуында маңызды әрі ықпалды рөл атқарады. Егер ата-ана әуел бастан өзінің жасөспірім балаларының тәрбиесі үшін, әсіресе оның діни, сенімдік және ойлау өрісінің дамуы үшін жан-жақты бағдарламалар жасап, перзенттерінің діни тәрбиесіне қатысты маңызды міндеттерін шетке ысырмаса, ондай жағдайда жасөспірімнің санасында діни түсініктерді, мінез-құлық пен дағдыларды қалыптастырады. Бұл дағдылар жасөспірімге отбасында үйренген тәлім-тәрбиелік критерийлерге сүйене отырып, басты мақсат пен шынайы тыныштыққа жетудің жолын ең аз қателіктермен басып өтуге көмектеседі.

Ислам мектебіндегі маңызды тәрбиелік үлгілердің қатарына діни ғұламалар да жатады. Себебі діни ғұламалар тәрбилік қағидаларды сақтаумен қатар, өз перзенттерін әрдайым қадағалап отырған. Олар перзенттерін діндар, жауапты әрі белсенді етіп тәрбиелеуге тырысатын. Олар ешуақытта өз балаларына қатысты бейжайлық танытпаған. Діни жетекшілер ең алдымен перзенттерімен достық қарым-қатынаста болып, оларға мейірімділікпен қараған. Олардың жәрдемшісі болып, қиын-қыстау кезінде қол ұшын берген. Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) былай деген еді: «Алла өз перзентінің жақсылық пен бақытқа жетуіне көмектесіп, оған жақсылық жасап, перзентпен достық қатынас орнатып, оның тәрбиесі және оқу-білімімен айналысатын пендеге рақымдылық танытады». Бір адам Алланың елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Мен ешуақытта баланы сүйген емеспін» деген кезде пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл адам тозаққа баратын адам саналады» деген екен..

Ислам дінінің ғұламалары өз перзенттерін тәрбиелеу жолында ешуақытта оларды кемсітпеген, керісініше, оларды бір тұлға ретінде санап, олардың ізденімпаз түйсіктерін басып-жаншымаған. Олар перзенттердің өздеріне көңілдері толмауына себеп болатын іс-әрекеттерден аулақ болған. Себебі әр адам өзін бір тұлға санайды, сондықтан ауытқушылық пен күнәларға оңайшылықпен бой алдырамын деп санамайтын. Басқа жақтан, егер адам өзін тұлға ретінде қабылдаса, күнә жасау арқылы оған нұқсан келтірмейді. Имам Әли (ғ.с.) былай деген еді: «Өз-өзін құрметтейтін адам күнә жасап, оған нұқсан келтірмейді». Сонымен қатар, олар әрдайым өз перзенттеріне насихат айтып, оларды жақсы және тыйым салынған істермен таныстырған. Осы аяда әр мүмкіндікті перзенттердің ой-санасын хикметтер және сындарлы әрі маңызды мәселелермен толтыруға тырысқан. Діни жетекшілер мен үлгілер перзенттерінің жандарын мағынаға толы хикметтер айтып, еркелеткен. Құран Кәрім Лұқман хәкімнің перзентіне айтқан насихатын «Ұлым менің!» деген көркем сөзбен келтірген.

Имам Әли (ғ.с.) өзінің имам Хосейнге (ғ.с.) арнап жазған өсиет хатында перзентін он рет «Менің ұлым!» деп атаған. Имам Хосейн (ғ.с.) перзентіне «Хамд» сүресін үйретіп, біраз уақыт оны тәрбиелеген Абдурахман бен Салами атты мұғалімге бір мың динар сыйақы беріп, оның қалтасын асыл тастарға толтырды. Бір адам ол хазіреттен мұғалімге неліктен осыншама сыйақы бергенін сұрағанда имам Хосейн (ғ.с.): «Бұл сома оның берген тәлім-тәрбиесінің тек аз ғана бөлігін жабады» деп жауап береді.

Келесі қадам – діни үкімдерге сүйеніп амал ету. Адам діни сенім деп санап, соған сенетін нәрселерді іс-жүзінде де жүзеге асыруы керек. Ислам көзқарасы бойынша діни қағидалар мен құндылықтарды тірек еткен иманнан бастау алатын ғамал ғана құнды болып саналады. Құран Кәрімнің бірнеше жерінде ғамалдан бұрын иман келтіру туралы айтылған. Алла Тағала «Юнес» сүресінің 9 аятында былай дейді: «Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің имандары себепті Раббылары оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады». Бұл аяттан иман келтірместен жасалған іс-әрекеттің ешбіреуінің қабылданбайтынын түсінеміз.

Құранның көптеген жерінде иман дұрыс ғамалдың шарты ретінде аталып, былай деп жазылған: «Иман келтіру шартымен жақсы істер жасаған әйелдер мен ерлерге біз таза әрі пәк өмір сыйлаймыз».

Жасөспірімдік кезеңдегі оқу-білімнің маңызды бөлімдерінің бірі – Құран Кәрімнің аяттарымен танысу, оны оқу және зерделеу. Исламда Құранды оқу және ол жайында ойлау мәселесіне көп назар аударылып, мұсылмандарға осы істерді атқаруға кеңес етілген. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай дейді: «Үйлеріңді Құран оқумен нұрландырыңдар... Бір үйде Құран көп оқылған кезде оның шапағаты артады. Жұлдыздар жердегі адамдар үшін жарқырағандай бұл үй де аспандағылар үшін жарқырайды».

Осы аяда діни ғұламалар өздерінің жасөспірім балаларының Құран оқуын жеткілікті санамаған. Сонымен қатар перзенттің Құранға жақындауы үшін оны күнделікті зерделеп, сараптауға шақырған.

Тегтер