Қар 09, 2021 18:19 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (7)

Хазірет Мұса мен Харунның анасының әртүрлі есімдері айтылған, олардың ішіндегі ең танымал – Юкабд.

Оның Алланың әмірін жүзеге асырудағы және Алланың таңдаулы адамы Мұса пайғамбарды (ғ.с.) сақтау және қорғаудағы мәңгілік дастаны ұлы әрі мақтауға тұрарлық. Бұл жолы Алланың әмірін жүзеге асырудағы және Алланың таңдаулы адамы хазірет Мұсаны сақтау мен қорғауы  мақтауға лайық әйелдердің бірі туралы тоқталамыз. Хазірет Мұсаның  өмірі шындық пен жалғандықтың арасындағы тартыстың айқын көрінісі, оның әрбір кезеңінде әйелдер елеулі орын алған. Бұл әйелдердің бірі - хазірет Мұсаның анасы.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иранның ядролық қаруға ұмтылмайтыны және Иранның мақсаты бейбіт технологияға ие болу екені бірнеше рет атап өтілді. Хазірет Мұса Исраиль әулетінің пайғамбарларының бірі және Мысыр патшасы перғауынның замандасы болған. Перғауын өз заманының ең бүлікшіл билеушісі болды, ол өзін адамдарға құдай қылып көрсетпек болды. Құран Кәрім «Қасас» сүресінің 4-ші аятында оны былай деп таныстырады: «Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді». Аяттан Мысыр жерінде перғауынның бұйрығымен белгілі бір кезеңде Исраил ұрпақтарынан туған әрбір ұлдың басы кесілгенін көреміз. Бұл бұйрықты перғауын көрген түсі бойынша берген.

Мысырдың перғауыны сарайының кіреберісінде қадам басып: «Ғалымдар мен түс жолушыларды шақырыңдар»,- деп айқайлады. Бірнеше адам тез арада қасына келіп, тізелерін бүгіп, бастарын иді. Перғауын: «Түсімде Бейт әл-Мұқадастан өрт шығып, Мысырдың түпкір-түпкірін шарпығанын және оның салдарынан біздің ұрпағымыз өртенді, бірақ Исраил әулетіне зиян келтірмеді. Бұл түстін мағнасы не?»- деп сұрады. Түс жолушылар бір-біріне қарап, қорыққандарынан тұтықты. Перғауын: «Сендерге не болды? Неге үнсіз отырсындар?»- деді. Олар: «Бұл түс жақын арада Исраил ұрпақтарының арасында сіздің тағыңыз бен тәжіңізді құлататын ұл туатынын білдіреді»,- деп жауап берді. Перғауын жаралы жыландай жағдайға түсіп: «Ешбір ер баланы тірі қалдырмаймын. Исраил әулеті әйелдерін бақылауға алыңдар. Дүниеге келген кез келген ер баланы өтіріңдер, тек қыздар тірі қала алады»,- деді. Исраил әулеті уайым-қайғыға батты. Сәби ер балалары рақымсыз түрде өлтірілді. Алайда, барлық шешімдер мен қатаң шараларға қарамастан және Алланың қалауымен ер бала, яғни хазірет Мұса дүниеге келді.

Хазірет  Мұса мен Харунның анасының әртүрлі есімдері айтылған,  олардың ішіндегі ең танымал – Юкабд. Имранның әйелі Юкабд босану кезіндегі дертті сезінгеннен кейін перғауынның зұлым режимінің сәби ер балаларды өлтіру және әйелдердің босануының алдын алу бұйрығынан хабардар болып, өзін Аллаға тапсырып,  үйге бала тудыратын әйелді шақырды. Хазірет Мұса дүниеге келсімен бала тудырушы әйел сәбидің маңдайынан нұрды байқады және  Мұсаның (ғ.с.) махаббаты мен достығын жүрегімен сезінді. Сондықтан ол бұл жайтты ешкімге айтпау шешім қабылдап, сәбидің дүниеге келуін жасырды. Бірақ кез келген сәтте хазіретті өлтіру қауіп-қатер болды. Перғауынның нөкерлері іздеулерін жалғастырды. Бұл ананың баласының тағдыры үшін үнемі алаңдауына себеп болды. Осы сәтте Мұсаның анасына тыныштандыратын хабар келді: «Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз». («Қасас» сүресі 7-ші аят).

Юкабд ұстаға барып, сандық жасауды өтінді. Сандықты жасалып болған соң, сақтықпен оны үйіне әкеліп, Алла Тағалаға деген сенімге толы жүрегімен сүйікті баласын оның ішіне салды. Сандықтың есігін мықтап жауып, Нілдің гүрілдеген толқынына жіберді. Теңіздің толқыны ішінде хазірет Мұса жатқан садықты перғауынның сарайына апарды.

Ніл өзенінің жағасында отырған перғауын мен оның әйелі Әсияның   көздері сандыққа түсті. Перғауын сандықты алып, оған әкелуді бұйырды. Сандықтың есігін ашқан кезде, олар оның ішінде әдемі сәбиді көрді. Алла Тағаланың қалауымен бала Әсияға қатты ұнап, ол жұбайына: «Бұл сәби сіз бен мен үшін – ғанибет. Оны өлтірмеңіз, бәлкім бізге пайдасы тиер немесе ұлымыз болар!»- деді. Юкабд Мұсаны Ніл өзеніне жіберген бойда қызына оның соңынан қадам басып, тағдыры қайда апаратынын көруді тапсырды. Хазірет Мұсаның апасы сол қиын жағдайда інісінің соңынан еріп, жасырын түрде перғауынның сарайына жетеді. Сол жерде ол перғауынның қасындағылардың Мұса үшін емзуші әйелді іздеп жүргенін көреді. Хазірет Мұса ешбір әйелдің сүтін қабылдамады.  Мұсаның апасы сәбимен жақындығы туралы айтпай: «Осы күнге дейін ешбір сәби сүтінен тартынбаған әйелмен таныстырайынба?»- деді. Мұндай адамды іздеп жүрген перғауынның әйелі емізетін әйелді сарайға шақыруды өтінді. Юкабд сарайға келді. Жол бойында Алла Тағала перзетіне қандай тағдыр дайындады деп ойлады. Перғауыннан қорқып, суға тастаған перзентінкөрген кезде, көздері қуанышқа толып, ол Аллаға алғысын айтты. Анасының иісін сезген сәби де оның құшағынды тыныштанып, еме бастады. Бұл туралы «Қасас» сүресінің 13-ші аятында: «Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді»,- деп айтылды. Осылайша, Алланың қалауымен Юкабд ұлына жетіп, илаһи уәденің орындалғанын өз көзімен көріп, илаһи уәденің шындығына иманы екі есе артты.

Бұл дастанның назар аударарлық жайттардың бірі – баланы ананың мейірбан құшағында тәрбиелеудің маңыздылығы. Отбасы - адамның өсуі мен тәрбиесінің бірінші орталығы, сонымен қатар адамның ең негізгі қажеттілігі. Аллаға деген сенім мен бұл сенімнің күші хазірет Мұсаның анасына сәбиін теңізде қалдыру сияқты ауыр шешім қабылдау қабілетін берді. Иә, Мұсаның анасының жағдайы мен қабілеті  оған илаһи уаһидің түсуіне себеп болды және Алланың ерік-жігері хазірет Мұсаның пәк анасының құшағында тәрбиеленуіне мүмкінді берді. Кез келген жанұя иманды ата-ананың арқасында балалардың дамуы үшін қолайлы орталық бола алады. Ең бастысы, отбасы – балалардың жан тыныштығы үшін маңызды орта.  

Расында Алла Тағаланың қалауы бойынша, хазірет Мұса анасының қолында өсіп тәрбиеленді. Пайғамбарлар мен илаһи ұлы тұлғалар  лайықты дәрежеге жету үшін беделді аналардың құшағында өсулері керек еді. Мұсаның анасын сәбиін нақты жоспарымен емізуге шақыру ананың қасиеттерінің балаға сүт арқылы берілуіне байланысты. Бұл тапқыр ана балаларын тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетіп, Мұсаны пайғамбарлық міндетті орындауға тәрбиелеуімен бірге, оның екінші ұлы Харунды да ағасының досы, көмекшісі етіп өсірді. Сонымен бірге бұл ана қызын інісін ерлікпен қорғайтындай етіп өсірді. Юкабд Алланың дінін сақтап қалу үшін басын қатерге тігіп, сол тұншықтырғыш жағдайда және озбыр биліктің тұсында жауынгер, бір Жаратушыға иман келтірген, біртұтас, тағутқа қарсы балаларды тәрбиелей алды.

Хазірет Мұсаның анасы өз ерекшеліктерімен өз заманында және тіпті болашақта да басқа әйелдерге лайықты үлгі. Ол бізге әйелдің  өзін-өзі жетілдіру, шынайылық, иман мен сенім, өзіне сенімділік, тәуелсіздігі, ақылы, батылдығы және табандылығы арқылы Алламен тығыз қарым-қатынаста бола алатынын үйретті. Ол әйелдердің де пайғамбарлар сияқты адамдарға қызмет ету үшін жердегі Алланың өкілі бола алатынын көрсетті.

 

 

 

 

Тегтер