Қаң 10, 2022 20:23 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (10)

Хазірет Иса Мәсіхтің анасы Мәриям – Құранның көрнекті тұлғаларының бірі.

Хазірет Мәриямның есімі әртүрлі аяттар мен сүрелерде 34 рет аталып, ілім сабағының тарихы оның атымен аталатын сүреде отыз аятпен баяндалды. Әрине, сіздер хазірет Мәриямның өмірімен таныссыздар. Хазірет Мәриям Мұсылмандар арасында ерекше танымалдық пен құрметке ие болып қана қоймай, басқа илаһи діндер арасында тазалықтың үлгісі болып табылатын таңдаулы әйел.

Осы күні де адам баласы қарапайым, өмірлік, ізеттілік пен ар-намысты насихаттайтын шынайы үлгі тұлғаларды білуге ​​ұмтылады. Әлеуметтанушылардың пікірінше,  әлеуметтік толқулар тәрбиелік және мәдени ұстанымдардың дұрыс еместігінің нәтижесі.  Ірі әлемдік ақпарат құралдар оны жалған үлгілермен сіңірді. Ал оны емдеу жолы – адамгершілік және адами құндылықтарға бет бұру және адамзат қоғамына берік үлгілер ұсыну. Хазірет Мәриямның өмірі Құранда айтылғандай адамзат баласы, әсіресе қазіргі әйелдер үшін жан-жақты және серпінді үлгі болып табылады.

Бейруттен солтүстікке қарай 20 км жерде, Харисса тауындағы Мәриям мүсіні 

Хазірет Иса Мәсіхтің анасы Мәриям – Құранның көрнекті тұлғаларының бірі. Хазірет Мәриямның есімі әртүрлі аяттар мен сүрелерде 34 рет аталып, ілім сабағының тарихы оның атымен аталатын сүреде отыз аятпен баяндалды. Көп жағдайда хазірет Мәриям Исаның анасы ретінде еске алынады және ол ибрахимдік діндердің төрт ұлы және қымбат ханымдарының бірі болып табылады. «Тахрим» сүресінің 12-ші аятында: «Имран қызы Мәриямді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді», сондай-ақ «Әл-Имран» сүресінің 42-ші аятында: «Сол уақытта періштелер: «Әй Мерйем! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды» деді»,- деп айтылды. Құран бұл асыл ханымның оқиғасын әдемі баяндайды. Бұл оқиғаны «Әл-Имран» сүресінің 34-ші аятынан оқуға болады.

Имранның әйелі тақуа Ханна ханым болатын. Ол жүкті болған кезде, Алламен сырласып,  тек Аллаға құлшылық етуі үшін перзентің Алланың үйіне қызмет етуге әкелу уәде берді. Бала туылған кезде Ханнаның бетінде ешқандай түс болмады. Ол мұңайып ернін тістейді, оның ішкі мұңы көрінеді. Ол: «Уа, Жаратушы, мен перзентімді Өзінің қызметшің етемін деп уәде бердім, брақ перзентім қыз бала. Оның есімін Мәриям деп қоямын. Оның және оның перзентің шайтанның азғыруынан сақта»,- деді. Имранның әйелі дұғасын аяқтамай, оның туыстарының бірі Алланың пайғамбары Зәкәрия олардың үйіне қуана кіріп: «Сен үшін жақсы жаңалық. Алла Тағала қызыңды қызметке қабылдадым деді. Жаратушы кез келген нәрседен хабардар»,- деді. Ханнаның көзінде қуаныш нұры байқалды. Мәриям  соншалықты пәк және таза болғандықтан, Бейт әл-Мұқадастың қызметшілері оған қамқорлық жасау үшін бір-бірінен асып түсті. Біреуі: «Мен оны өз баламдай асыраймын» деді. Екіншісі: «Сен ғибадатханада бола бермейсің, бірақ мен күні-түні осындамын. Мен оған қамқор боламын»,- деді. Зәкәрия оларға қосылып: «Мәриям менің туысым, мен Алланың елшісімін.  Бұл қызға  өзім қамқоршы боламын»»,- деді. Діни қызметкерлердің бірі алға шығып: «Енді дауласпаңдар, таяқшаларыңды суға тастаңдар. Кім таяқшасы судың бетінде қалады, балаға күтім жасауды соған тапсырамыз»,- деді. Басқалар: «Жақсы ұсыныс»,- деп келісті. Олардың бәрі судың жағасында тұрып, таяқшалырын бақылап тұрды.  Олар судың бетінде қалған таяқшаның Зәкәрияныкі екенін көріп таң қалды. Алла Тағала бұл баланың әу бастан рухани ортада, Алланың пайғамбарының мектебінде өскенін қалағандай болды. Баласы жоқ Зәкәрия қуана: «Енді мен оған ғибадатхананың биік жерінен бөлме салып беремін, мен оны жанымдай бағып-қағамын», - деді.

Осыдан кейін Мәриям ғибадат ету үшін Құдсқа еріп келген соң, хазірет Зәкәрияның (ғ.с.) қамқорлығымен ғибадат етті. Ғибадатханадағы тағам өте қарапайым және аз болды. Бірақ хазірет Зәкәрия Мәриямға ғибадатханаға келген сайын оның қасынан жәннат жемістері мен рухани ризық табатын. Ол: «Уа, Мәриям, саған мұндай ырзық қайдан келеді?»- деп сұрайтын. Мәриәм: «Алладан келді. Алла расында қалаған адамына есепсіз ризық береді»,- деп жауап беретін. («Әл-Имран», 37-ші аяты). Мәриәм өскен сайын, оның руханилығы да арта түсті. Оның пәктігі баршаға белгілі болды. Бір күні ғибадат жасап отырған кезде, Мәриәм періштелердің: «Ей, Мәриям, расында Алла сені таңдады, пәк қылды әрі бүкіл жаһандағы әйел затынан артық жаратты. Ей, Мәриям, Раббыңа бойсұн және сәжде қыл, рұкұғ қылушылармен бірге рұкұғ қыл!»,- деген дауысын естіді. («Әл-Имран», 42-43 аяттары).

Мәриямның (ғ.с.) рухани, пәк және құнды болмысы Закарияға қатты әсерін тигізіп, оның жүрегінде перзент сүюге деген ынта-ықыласы оянды. Қартайып, балалы болмайтынын білсе де, Мәриямның сөзі Зәкәрияның жүрегін нұрландырған ұшқын болды. Ол асығыс қайтып оралып: «Осы кезде Закария Раббына жалбарынып: "О, Раббым! Маған да өз жаныңнан бір жақсы перзент бағыштағайсың. Сен сөзсіз тілекті естушісің",- деді. Ол михрапта намаз оқып тұрған кезде, періштелер оған: "Алла сені өзінің калимасын (Исаны) растайтын, ел ағасы, нәпсіге тежемді, игі жақсылардан пайғамбар болатын Яхианы нәсіп еткендігімен қуанышқа бөлейді",- деп дабыстады»  («Әл-Имран», 38-39 аяттары).

Құран аяттары хазірет Мәриям дастанының жалғасында Мәриямның сопылық мінезі мен қадір-қасиетін және оның пәктігі,  тарихтың жолын өзгертетін адам баласын дүниеге әкеліп, тәрбиелеудегі әйелдің өмірлік рөлі мен биік орнын еске түсіреді. Мәриям – Ұлы Алла оған хабар жіберген адам. Ал «Әл Имран» сүресінің 42-44 аяттары бойынша періштелер онымен сөйлеседі "Сонда періштелер айтты: "Ей, Мәриям, расында Алла сені таңдады, пәк қылды әрі бүкіл жаһандағы әйел затынан артық жаратты. Ей, Мәриям, Раббыңа бойсұн және сәжде қыл, рұкұғ қылушылармен бірге рұкұғ қыл!»  және Алла Тағала Исаның (ғ.с.) дүниеге келгенін сүйіншілейді.

Бұл сүренің 45-ші аятында: «Сол кезде періштелер былай деген еді: "Ей, Мәриям! Алла сенен (атаның қатысынсыз) өзінің бір калимасы арқылы (дүниеге келетін бір бөбекке) сүйінші сұрайды. Оның аты – Мәсих Мәриям ұлы Иса. Ол дүниеде де, ахыретте де бетті, абыройлы және Аллаға ең жақындардан болады»,- деп айтылды.

 

Осы жерден хазірет Мәриямның (ғ.с.) өмірі басқа кезеңге өтеді. Бұл таза әйелді айыптау кезеңі. Бірақ ол ғибадат арқылы өзі мен Алланың арасына берік көпір салып, осы байланыстың арқасында шынайы рухани саулық пен тыныштыққа ие болды. Сондықтан Алланың мейірімі мен тура жолының аясында, өз табандылығымен, мақтауға лайық тұлғаны бейнелеп,  пәктікті әйел затының құнды байлығы ретінде көрсеткен.

 

Тегтер