Маусым 07, 2022 19:40 Asia/Almaty
  •  Жыл ұранына арналған (2): Иранның ішкі өндірістік мүмкіндіктері

Ислам революциясы жетекшісі хиджра-шамси күнтізбесінің биылғы 1401 жылын «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады.

Өндіріс қуаты жоғары экономикалық салалардың бірі – Иранның өнеркәсіп секторы. Бұл функцияның бірнеше көрсеткіштері бар. Сол кездегі Индустрия, кен және сауда министрі Реза Рахмани 2016 жылдың ақпанында: «Осыдан 40 жыл бұрын, революция жеңісі тұсында бізде елімізде 1503 өнеркәсіп бірлігі болса, қазіргі кезде  олардың саны 57 есе артып, Индустрия, кен және сауда министрлігінде 85076 пайдалану бірлігіне, сондай-ақ кен бірлік саласындағы 195 бірлік 32 есе өсіммен  6386 белсенді бірлікке жетті. Революцияның басындағы 3 өнеркәсіптік қалалардың саны және пайдалануға берілген  978-ге дейін өсті. 858 елді мекенде жерді беру басталып, іс-шаралардың жалғасуы бұл өндірістік елді мекендер секторына жақсы көңіл бөлінуін көрсетеді. Елдегі тау-кен өндіру қуаттылығы революцияның басындағы 19,6 миллион тоннадан 735 миллион тоннаға дейін өсті, бұл тау-кен өндіру қуатының 37 есе артқанын көрсетеді»,- деді. Ол экспорт пен импорт туралы: «Революцияның басында біздің экспорт 500 миллион доллар және мұнайдан  тыс импорт  10 миллиард доллар құрады, яғни импорт экспорттан 20 есе көп болды. Бірақ революция жеңісінен кейін 40 жылдан кейін мұнайдан тыс экспорт импорттан басым болды. Бұл   осы саладағы айтарлықтай ілгерілеушілікті көрсетеді»,- деп айтты.

 

Цемент өнеркәсібі

2018 жылдан бері өзгеріссіз қалып, 2020 жылы әлемдік цемент өндірісі 4,100 миллион тоннаны құрады.  Бір ғана Қытай 2,200 миллион тонна өндірді, бұл 2020 жылы өндірілген цементтің 53 пайызына тең. Қытайдан кейін Үндістан 340 миллион тонна цемент өндірді. 2020 жылы цемент өнеркәсібіндегі әлемдік рейтингте Түркияның өндірісінің өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артып, 66 миллион тонна шекараға жетуі маңызды. Осы өсіммен Түркия 2020 жылы 6-шы орынға көтеріліп, аймақтағы кейбір экспорттық нарықтарға ие болуға тырысуда. 2020 жылы ИИР-дағы цемент өндірісі 2019 жылға ұқсас болып, 60 миллион тоннаны құрады және әлемде 7-ші орынға ие болды. Иран Пехлеви дәуірінің соңындағы цемент өндірісі жылына 7,7 миллион тонна болса, алпысыншы жылдардың ортасында 17 миллион тоннаға жетті. Бірақ бұл саланың даму шыңы 1980 жылдардың ортасында басталып, 1993 жылы елдегі өндіріс рекордтық көрсеткішке 70 миллион тоннаға жетті. Мәліметтерге сәйкес, Иранда қуаттылығы шамамен 88 миллион тонна цемент және клинкер өндіретін 76-ға жуық компания бар. Цемент өнеркәсібінің шикізаты әктас, гипс, кремний диоксиді, темір рудасы, аллювий, мергель топырақ, пуццолан, шлак және т.б. болып табылады. Цемент өнеркәсібінің барлық шикізаты ел ішінен қамтамасыз етіледі. ИИР цемент өнеркәсібі бойынша 2012 жылы әлемде 4-ші, 2015 жылы әлемде 6-шы орында болса, кейін 10-шы орынға түсіп, 2020 жылы әлемде 7-ші орынға ие болды. Дегенмен, цемент өндірісі 1399 жылдың 9 айында 53 миллион 574 мың тоннадан 9,1 пайызға төмендеп, 1400 жылдың 9 айында 48 миллион 697 мың тоннаға жетті.   Индустрия министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Иранның цемент өндіру қуаты 80 миллион тоннаны құрайды. Құрылыстағы және тоқтатылған қуаттарды пайдалана отырып, 1401 жылдың соңына қарай цемент өндірісі жылына 90 миллион тоннадан астам өседі деген болжам айтылуда. Цемент өнеркәсібін дамытудың стратегиялық жоспарына сәйкес, жыл сайын 120 млн тонна өндірумен әлемде үшінші орынға және 1404 жылы аймақ елдеріне 32 миллион тонна цемент экспорттаумен аймақтағы өндірістік қуат пен әлемдік экспортта бірінші орынға шығуға бағытталған.

Ирандағы цемент өндірісінің маңызды мәселесі - бұл елдің өндірістік қуатының үлкен бөлігінің пайдаланылмауы. Ішкі құрылыс қарқынының бәсеңдеуі және үкіметтің даму бюджетінің қысқаруы соның бір себебі. Цементтің ішкі тұтынуы жылына 55 млн тоннаны құрайды, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш төмендеген. Иранның қазір цемент өндіруге арналған қуаты 80 миллион тонна, ал ішкі тұтыну жылына 55 миллион тонна болса, елде жылына шамамен 25 миллион тонна цемент экспорттау мүмкіндігі бар. Цемент Иран экономикасындағы ең құнды салалардың бірі болып табылады. Дегенмен, соңғы жылдары Иранның цемент экспорты да күрт төмендеді.

Ирак ирандық цемент экспортының негізгі бағыты болып табылады, Иран цементінің шамамен 50% Ирак нарықтарына экспортталады. Алайда Ирак үкіметі отандық өндірісті қолдау мақсатында ирандық цементке салынатын кедендік баж салығын 2 доллардан 10 долларға дейін көтеріп, Ираннан цемент импортын шектеді. Өйткені Ирак үкіметі ирандық цемент бағасының осы елдің отандық өндірісімен салыстырғанда төмен болуы отандық өндіріске соққы болады деп есептейді. Осы себепті олар Ираннан цемент әкелуге шектеу қойды. Бұл елдің әрекеттерімен Иранның экспортының 50 пайызы жоғалып, Ауғанстан мен Парсы шығанағы елдері, Оңтүстік Африка және т.б. Иран цементі мен клинкерінің экспортының келесі бағыттарына айналды. Қазіргі уақытта Иран цементі Кувейт, Катар, Африка, Бангладеш, Пәкістан, Ауғанстан, Түркіменстан, Қазақстан, Ресей және Әзірбайжанға экспортталады.