Қыр 20, 2022 18:29 Asia/Almaty
  •  Жыл ұранына арналған (5): Иранның ішкі өндірістік мүмкіндіктері

Ислам революциясы жетекшісі хиджра-шамси күнтізбесінің биылғы 1401 жылын «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атады.

 

Мұнай өнеркәсібі әлемдегі және әсіресе Ирандағы ең тиімді және ең үлкен салалардың бірі болып табылады. Мұнай қазіргі әлемде энергиямен қамтамасыз етудің негізгі көзі болумен қатар, әртүрлі елдердің ұлттық қуат деңгейін және халықаралық беделін анықтауда маңызды рөл атқарады.

Иранның алғашқы мұнай ұңғымасы  Сүлейман мешітінде 1908 жылы іске қосылды. Осы күннен бастап осы уақытқа дейін, сөзсіз, энергетика секторы, әсіресе мұнай мен газ Иран экономикасының ең маңызды саласы болып табылады. Өйткені ел кірісінің басым бөлігі осы сектордан қамтамасыз етіледі.

Иран экономикасындағы мұнай секторы көптеген жылдар бойы елдің ұлттық табысының басым бөлігін қамтамасыз етіп келеді және шын мәнінде бұл сектор ел экономикасында басым рөл атқарады. Мемлекеттің мұнай кірістерінің жалпы ағымдағы және құрылыс шығындарына қатынасы 1350-ден 1397-ге дейін орта есеппен 46% құрады. Иранның жалпы бюджетіндегі мұнайдың жоғары үлесі соңғы кезеңдерге дейін жалғасты, осылайша бұл үлес соңғы жиырма жылда 41 пайыздан астам болды.

Бесжылдық даму жоспарларының мақсаттарына қарамастан, ел экономикасының әлі де мұнай табысына тәуелді екенін жасыру мүмкін емес. 55 жылдан астам уақыт бойы табиғи газ және мұнай өндіру Иранның энергетикалық ресурстарының барлық өндірісіне әсерін тигізді. Иран көптеген ондаған жылдар бойы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) және Газ экспорттаушы елдер ұйымының маңызды мүшелерінің бірі болды. Осы себепті Иранның саяси және экономикалық қарым-қатынастарының оның мұнай және энергетика саласының орынына байланысты болып көрсетілді.  

Иран табиғи ресурстарға бай ел. АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметі бойынша, Иран шикі мұнайдың дәлелденген қоры бойынша Венесуэла, Сауд Арабиясы және Канададан кейін төртінші орында, ал табиғи газ қоры бойынша Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Иранның дәлелденген мұнай қоры қазір шамамен 160 миллиард баррельді, ал Иранның дәлелденген газ қоры 34 триллион текше метрді құрайды.

ИИР Мұнай министрлігінің статистикалық мәліметтері бойынша, осы уақытқа дейін шикі мұнай мен конденсаттың барлық түрін қоса алғанда, әлемдегі барланған мұнай қорының жартысына жуығы жиналды. Бірақ Иран экспортқа мұнай өндіруді бастаған алғашқы елдердің бірі болса да,  өзінің дәлелденген 160 миллиард баррель қорының үштен бірінен сәл астамын қолданды.

Ислам революциясынан кейінгі 40 жыл ішінде барлығы 73 жаңа мұнай және газ кен орындары, оның ішінде 36 мұнай және 37 газ кен орындары ашылды. Мұнай мен газды ашу нәтижелері революция жеңісінен кейінгі кезеңде мұнай қорының 25% ашылғанын көрсетеді. Газ саласында болған кезде ашылулардың көпшілігі (75%) революция жеңісінен кейінгі кезеңге қатысты болды.

Жалпы ашылған мұнай қорының 45 пайызы және газ секторында бұл  77 пайызы игерілді. Сондықтан Иранның мұнай-газ секторында жоғары өндірістік қуаты бар, бірақ ол әртүрлі себептерге, соның ішінде қатыгез санкцияларға байланысты пайдаланылмады.  Сондай-ақ көрші елдермен кем дегенде 28 ортақ кен орны, соның ішінде 18 мұнай, 4 газ және 6 мұнай және газ кен орындары бар Иран осыншама ортақ құрылымдары бар әлемдегі санаулы елдердің бірі болып табылады. Осы 28 кен орнының ішінде Иранның Иракпен 12 ортақ кен орны, БАӘ-мен 7 ортақ қоймасы, Катар және Оманмен әрқайсысында 2 ортақ және Сауд Арабиясы, Кувейт және Түркіменстан сынды елдердің әрқайсысымен бір ортақ қоймасы бар. Басқаша айтқанда, Иранның табиғи газ қорының шамамен 50 пайызы ортақ   қоймаларында.  

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, Иран жаңа барлау қуаттарына ие болу жағынан Ирак пен Ресейден кейін әлемде үшінші орында тұр. Американың энергетикалық барлау ұйымының бағалауы бойынша, егер АҚШ Иранға қарсы санкцияларды жойса, Иранның шикі мұнай өндіруі толық қуатына жетеді, яғни тәулігіне 3,8 миллион баррель мұнай өндіретін болады. Бұл жағдай мұнай экономикасына тәуелді болуының Иран экономикасына үлкен зиян және қауіп екенін көрсеткенімен, Иранның мұнай-газ секторының әлі де назардан тыс қалған мүмкіндіктері бар, ол санкциялардың жойылуымен Иран экономикасында, әсіресе мұнай-химия өнеркәсібіндегі өндірістік қуаттарды арттыруда күштірек рөл атқара алатынын білдіреді.

Тағы бір айта кетерлік жайт,   елдің ішкі өлшемінде энергияны оңтайлы пайдалану талпыныс жасалғанымен, Иранда энергия тұтыну әлемдік стандарттардан әлдеқайда жоғары. 2018 жылдың статистикасы бойынша, Ирандағы энергия қалдықтары 16-17 миллиард долларды құрады, енді жаңа үкімет субсидияларды дұрыс бағыттау және бағаларды түзету арқылы ішкі тұтынуды азайтады деп күтілуде. Иранның жан басына шаққандағы энергия тұтынуы Жапонияның жан басына шаққандағы энергия тұтынуынан 15 есе және Еуропалық Одақтағы энергия тұтынуынан 10 есе көп.

Күдіксіз санкциялар Иранның мұнай-газ өнеркәсібі алдында тұрған маңызды кедергілердің бірі болып табылады. Санкциялар ИИР-ның мұнай мен газ экспорттау мүмкіндіктерін пайдаланбауына себеп болды. АҚШ 2018 жылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққанға дейін Иран күніне 2,5 миллион баррель мұнай экспорттаған, бірақ қатыгез санкциялардан кейін бұл  күніне шамамен 200 мың баррельге дейін қысқарды. Бұған қоса эмбарго Иранның мұнай-газ секторына жаңа технологиялардың енуіне кедергі болды. Сәйкесінше, білімге негізделген компанияларды пайдалану көптеген жылдар бойы күн тәртібінен түспей келеді. Білімге негізделген компаниялардың Иранның ішкі энергия тұтынуын жақсартудағы рөлі, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы технологияны жаңарту және мұнай өңдеу зауыттарының қуаттарын дамыту, сонымен қатар өндіріс шығындарын азайту маңызды.

Осыған байланысты президенттің ғылым және технология жөніндегі орынбасары Сорна Саттари білімге негізделген компанияларды импортқа деген қажеттілікті жоюға және мұнай, газ және энергетика салаларын технологияландыруға қабілетті деп бағалап, былай деді: «Полимерлер, қоспалар, жаңа материалдар саласындағы технологиялар және ұңғымаларда қолдануға болатын жаңа механикалық технологиялар, мұнай өнеркәсібінің технологиясына жол ашқан цифрлық және жасанды интеллект сияқты озық технологияларды пайдалану  шығындарды азайтып, тиімділікті арттырды. Қазір мұнай және энергетика салаларында 700-ден астам білімге негізделген компания жұмыс істейді, олар бұл салаға инновация әкеле алады»,- деді.  

Мұнай мен газдың және әсіресе мұнайдың Иран экономикасындағы орнын ескере отырып, бұл ел аталмыш салаға көп инвестиция салды және салуды қарастыруда. Бұл туралы Иран ұлттық мұнай компаниясының бас директоры Мохсен Ходжасте Мехр: «Алдағы жеті жылда бізде игеру жобаларында 160 миллиард доллар болса, оның 90 миллиард доллары мұнай секторына, 70 миллиард доллары газ кен орындарын игеруге тиесілі болады»,- мәлімдеді.

Күмәнсіз, Иранның энергия тасымалының өндірісіндегі, саудасындағы және транзитіндегі үлесінің артуы әлемдік экономиканың осы секторда Иранға тәуелді болуына себеп болады. Сонымен қатар, мұндай оқиғалар Иранның ұлттық қауіпсіздігін арттырып, үнемі өсіп келе жатқан дамуға қарай жылжу үшін негіз бола алады.

 

Тегтер