Иран: "Жаһаннама" қорығы (176)
Сәу 09, 2023 22:10 Asia/Almaty
"Жаһаннама" қорығы Иранның солтүстік-шығысындағы Гүлістан облысында орналасқан. 31747 га ауданды алып жатқан қорық теңіз деңгейінен 600-3086 метр биіктікте орналасқан. Бұл қорық облыс бойынша Гүлістан ұлттық саябағынан кейінгі екінші ірі қорғалған аудан болып саналады. Бұл жер жолбарыстар емін-еркін тіршілік ете алатын елдегі жалғыз мекен деседі. Қорықтағы Гиркан орманы әлемнің ең көне ормандарының қатарына жатады. Жаһаннама ауылы да осы әдемі ауданда орналасқан.