Имам Хомейни мектебінде (56)
Иран Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни Исламның діни негіздеріне сүйеніп, шәһидтікті адамзаттың шыңы деп санайтын. Ол шәһидтер мен олардың отбасыларына үлкен құрметпен қарады және олардың қасиеттілігін сақтауды әрқашан ерекше атап өтті.
Имам Хомейни басшылығының бүкіл дерлік кезеңі Ирактың Иранға қарсы таңған соғысымен параллель болғанын және сол соғыста ирандық жауынгерлердің революция мен елдің аумақтық тұтастығын бар күш-жігерімен қорғағанын ескере отырып, имам Хомейнидің осыған байланысты әрекеттері мен шешімдерін түсіну өте тиімді. Бір қызығы, бұл дәуірде ел қорғанысының халықтық сипатына байланысты саны жағынан да, көлемі жағынан да ирандық отбасылардың барлығы дерлік соғысқа қатысты, ал кейбір отбасыларда соғысқа қатысқандар саны мүшелерінің жартысынан астамын құрады. Жауынгерлер негізінен имамның пәрменімен басқыншы Ирак елі мен оның шығыс және батыс блоктарындағы жақтастарының жан-жақты шабуылынан елді қорғап, діни сенімдері мен патриотизміне арқа сүйеген жанқияр жастар болды.
Имам Хомейни жауынгерлерге үлкен құрметпен қарады және басиджге мүше болуды өзінің абыройы деп санады. Имамның ұлы Сейед Ахмад Хомейни осы мәселеге қатысты былай деді: «Имам бәрінен де басидждерді жақсы көретін және олардың соғыс майданындағы ілгерілеушіліктері мен Исламның басқа да күштері туралы жаңалықтарды әрқашан ерекше ықыласпен бақылап отырды. Имам намаздарында үнемі ескерілетін топтардың бірі – басидждер. Имамның Ислам күресшілеріне деген зор сүйіспеншілігі соншалық, ол өзінің бір жолдауында менің дүниедегі мақтанышым – басидждің мүшесі екендігімді айтса, тағы бір жағдайда «Алла Тағала мені таңылған соғыстың шейіттерімен бірге қабыл етеді деп үміттенемін» деді..
Ол жауынгерлерге үлкен сүйіспеншілік білдіріп, олар үшін әрқашан дұға етті. Бұл туралы имам үйінің күзетшілерінің бірі айтып берді: «Мен куә болған жағдайлардың бірі имамның жұма күні түнде таң атқанша соғысып жатқан жауынгерлер үшін дұға етуі болды», - деді. Имам сарбаздардың «дұға тілеңіз» деген өтінішіне: «Сарбаздар үшін дұға ету менің күнделікті ісім»,- деп жауап берген. Сақшыдар корпусының сол кездегі қолбасшысы Мохсен Резаи бұл тұрғыда былай дейді: «Қажы Садеғ Ахангаранның бауырымен имамның қатысуымен өткен рәсімдердің бірінде болған кезде, ол имамға екі-үш мәселені ұсынады деген шешім қабылдадық. Ең алдымен имамға жауынгерлердің жолдаған сәлемін жеткіздік және олардың түнгі намазда олар үшін дұға етуіңізді өтініп жатқанын айттық. Имам әдемі күлімсіреп: «Сәлемімді айта барыңдар, мен олар үшін үнемі дұға жасаймын және дұға ету – менің күнделікті ісім»,- деді.
Имам Хомейни әрқашан Ислам күресшілерінің дәрежесі мен мәртебесіне қызғанышпен қарап, оларды Алланың ерекше назарына лайық деп санады, өйткені олар Алла жолында өлуге дайын болатын кемелдік пен пәктік дәрежесіне жеткен. Имамның келіні Фатима Табатабаи имамның жауынгерлердің рухани жағдайына көзқарасын былайша баяндайды: «Майданға аттанғалы жатқан жас жігіттер имамның қуана қарсы аталынтарынан болды. Имам олар туралы «Алла олардың жүректерімен не істеді? Өмірінің ең жақсы кезеңіндегі жігіт майданға аттанғысы келеді. Осылай өзгеріп, дүниені өткел ретінде көретін бұл адамдарға Алла қандай білім берді, олар одан тезірек өтіп кетсе, ластануы аз болады» деген». Имам Хомейни жауынгерлердің шынайылығын көргенде қатты тебіреніп, жанкештілігін көргенде көзіне жас алды. Эмоцияларды көз жасы түрінде білдіру имам Хомейни сияқты күшті адамда сирек кездесетін құбылыс болды, бірақ жастардың ықыласы бұл кісіні жылауға қарсы тұру мүмкіндігінен айырды. Аятолла Хаменеи осыған байланысты былай дейді: «Мен имамның жылағанын бірнеше рет көрдім. Имам майдандағы жауынгерлердің шынайылығы мен халықтың толқуы мен жанкештілігі туралы сөйлескен кезде жасын жасыра алмайтын».
Имам Хомейни соғыс майдандарында шынайы ықыласпен илаһи қасиетті қорғап, Алланың бұйрығын орындау жолында жандары мен мал-мүлкін құрбан етіп, дұшпандардың қысымына табандылықпен қарсылық көрсеткен жауынгерлерді Алланың періштелері деп сипаттады. Ислам ілімінде жоғары орынға ие болған періштелер Аллаға мойынсұнатын, ешқашан бүлік пен күнә жасамайтын материалдық дүниені ойламайтын ақыл мен абыройға ие жандар. Бұл илаһи жаратылыстар Аллаға жақын және әртүрлі дәрежелерге ие. Жауынгерлердің ұстанымы имам Хомейни үшін құнды әрі маңызды болғаны сонша, олар оларды илаһи періштелер деп атаған. Соғыстың ұлы қолбасшыларының бірі және қасиетті қорғаныс кезеңінің шәһидтерінің бірі генерал-майор Хаж Ибрахим Хеммат осы мәселеге куәлік ететін бір естелікті былайша баяндайды: «Уәл-Фаджр 1» операциясын өткізгеннен үш ай өткен соң, «Уәл-Фаджр 2» және ««Уәл-Фаджр 3» операцияларда жаңа әдіс қолдандық. Жоғарыда аталған операцияда әскердің, бригаданың, батальонның, взводтың барлық қолбасшылары операцияның әр бұрышында көзге көрінбейтін көмектің барын сезінді. Бізде «Уәл-Фаджр» операциясында басидждің сүйікті мүшелерінің тазалығы мен адалдығы жағынан ешқандай кемшілік болған жоқ, тіпті операциядан бұрын да Лашкар лагерінде ағайындардың қабірдей шұңқыр қазып алған мысалдарын кездестірдік.
Имамның сарбаздарға деген құрметінің бір көрінісі кездесуге уақыт бөлуі болды. Жасы ұлғайғанына және имаммен кездесуге қоғамның әртүрлі бөліктерінің көптеген өтініштеріне қарамастан, ол жауынгерлерге арнайы уақыт бөлді, тіпті соғыс қолбасшыларының жауынгерлермен кездесуге аптасына бір күн бөлу туралы өтінішін қабылдады.
Бұл туралы Ходжат-ул-Ислам Рахимиан былай деп баяндайды: «Бірде мен соғыс майданынан оралған соң, имамға жауынгерлердің кездесу туралы өтінішін жеткіздім. Ол шәһидтердің жанұялары сияқты сарбаздармен де Хосейнияда аптасына бір рет кездесу ұсынысты құптады. Осылайша мыңдаған сарбаздар имамды бірнеше рет көріп үлгерді, бірақ кейін осы бағдарламаны жалғастыруға имамның физикалық аурулары кедергі болды. Имамның жауынгерлерге деген ықыласы сонша, өзінің күн тәртібіне қарамастан, осы пәк жастармен кездесу үшін көптеген жоспарларын өзгертетін. Бір жағдайда ерекше жағдайға байланысты имам бір топ жауынгердің түнгі сағат 2-де кездесу туралы өтінішіне келіскен. Имамның үйінің сақшыларының бірі Теимури осыған байланысты: «Күрдістан көтерілісі басталған кезде Ислам революциясы Сақшылар корпусының 2-ші немесе 6-шы батальонынан Күрдістан аймағына жіберілгісі келетін бірнеше ағайынды болды. Олар кетер алдында имаммен кездескісі келді. Имамға балалардың майдарға аттанаты және бұл кісімен кездескісі келетіндері туралы айтқанда түн ортасы болды. Имам олардың өтінішін құшақ жая қарсы алып, түнгі сағат 02.00-де бірқатар ағайындар келіп, имам да келіп, олардың көңілін қалдырмады». Имам Хомейни әрқашан билік басындағыларға сарбаздардың істерін қадағалауды және олардың мәселелерін шешуді ескертті, егер ол бір сарбаздың назардан тыс қалғанын және олардың мәселелері дұрыс шешілмейтінін көрсе, қатты ашуланды.
Осы тұрғыда Имамға жақын дін ғұламаларының бірі: «Революция жеңісінен кейін революцияның жаралыларының бірқатары әлі де ауруханаларда жатқан еді, оларға тиісінше ем жасалмаған. Имам біз берген есеп арқылы олардың проблемалары туралы хабардар болып, уақытша үкіметтің денсаулық сақтау министрі болған марқұм доктор Самиге олардың проблемаларын шешуді үнемі ескертті. Имамның қадағалауының нәтижесінде ауруханалар деңгейінде қозғалыстар орын алып, зардап шеккендердің жағдайы біршама жақсарды. Біраз уақыттан кейін Ұлттық Банк ауруханасының зардап шеккен науқастарының бірі газетке арыз жазып, шағымданған. Мұны газеттен оқыған имам орнынан тұрып, мені Теһраннан тауып, тез арада Құмға баруымды айту керектігін айтты. Имамның қасына келгенде, қатты ренжігенін көрдім, олар мазасызданған үнмен: «Жарақат алған адам көмек сұрады»,- деп, маған барып келуді тапсырды»,- деп есіне алатын. Газетті имамның қолынан алған отбасы мүшелерінің бірінің айтуынша, «имамның жүзі қызарып, неліктен жарақат алған адам газеттен көмек сұрауға мәжбүр болады?» деп мұңайып кетті».