Иран: Тоубирун сайы (181)
Маусым 20, 2023 15:05 Asia/Almaty
Тоубирун сайы (Towbiroun Valley) Дезфул қаласының солтүстігінен 20 км жердегі Сәрдәшт ауданында орналасқан.
Сайдың биік қабырғалары, жүзім мен жабайы інжір бұталарының көптігі, сарқырамалар мен бұлақтар бұл аңғарға өте әдемі көрініс берді. Сайдың бір жақсы тұсы – оның тазалығы, адам қолы тимегені. Дезфулда 40 градустан аса ыстық болса да, сайдағы салқын жел туристерге ерекше жайлылық сыйлайды. Ондағы температура +25 градустан да төмен болады. Бұл әдемі табиғи құбылыс мыңдаған жылдар бойы тастардың үстінен аққан судан қалыптасқан.