Ақп 12, 2024 23:08 Asia/Almaty
  • Иран: Айюб үңгірі (190)

Айюб үңгірі Керман облысының Бабак қаласындағы Аюб тауының үстінде орналасқан. Үңгір Айюб тауының 2876 метр биіктігінде орналасқан.

Үңгір аузының кеңдігі – 50 метр, биіктігі – 40 метр. Бағзы замандарда бұл үңгірде адамдар тұрған. Қазірдің өзінде үңгірден Ашканилер дәуірінің әсерін көруге болады. Үңгірдің шығыс қабырғасының бір бөлігінде төбеден жіңішкелеп су ағып тұр. Су қабырғаның түбіндегі шағын хауызға барып құяды. Үңгір Иранның ұлттық мұра тізіміне тіркелген.

Айюб үңгірі
Үңгірдің аузы өте үлкен.
Таудың биіктігі 3200 метр. Ол Иранның орталық таулы сілемінің бір бөлігі болып табылады.
Айюб үңгірінің аузы
Үңгірлер – Жер шарының құпияға толы тартымдылықтарының бірі.
Айюб үңгірі – Ирандағы ең үлкен магмалық үңгір.
Үңгірдің бастауы – жанартаулық лава.   
Үңгірге көктем мен күз кезінде барған жақсы.
Айюб үңгіріндегі хауызшалар
Айюб үңгірі

 

Тегтер