Маусым 06, 2017 13:05 Asia/Almaty
  • Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (7)

Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы жайлы бағдарламамыздың кезекті бөлімінде Моулана Джалал ад-Дин Мохаммад Балхидің өлеңдерін қарастырамыз.

Моулана Джалал ад-Дин Мохаммад Балхи – Моулави деген лақап атпен белгілі болған х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген ирандық танымал ақын, сопы. Моулави рамазан айын мадақтап, өз өлеңдерінде осы ғазиз айдың жаңа әрі ерекше бейнесін жасаған. Көптеген ақындар өз өлеңдерінде әрдайым Рамазан айында аз тамақтану мен аз ұйықтау мәселелеріне тоқталып, ораза тұту мен Рамазан айын сынға алады. Бірақ Моулавидің поэзиясында мұндай мәселелер мүлдем көтерілмейді. Ол үшін Рамазан айы өзін-өзі қалыптастыру айы саналады. Рамазан айы – талпыныс пен даму және кәмілдікке жететін ай.

Моулави

Моулави Рамазан айының басталуын Адамның миғражы мен Исаның рухының қалыптасқан айы санайды. Ол ораза тұтушыны іші бос кезде жақсырақ ойналатын және ғашығын іздеу үшін үні тартымды әрі жағымды естілетін сыбызғы мен сырнайға теңейді.

Денемізді ас пен ұйқыға үйретіп, әдеттендіргендіктен, алғашында ораза ұстап, аштыққа төзу қиын болады. Алайда арасында тәнімізді тазалап тұру да өте қажет.

Тегтер