Трамп мұсылмандардың екі құбыласында исламнан үркітеді
Бұл бағдарламада Трамптың Сауд Арабиясына және басып алынған Палестинаға сапары талдауға алынады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп президенттік қызметіндегі алғашқы шетелдік сапарын Сауд Арабиясына жасап, кейін басып алынған Палестина жеріне аттанды. АҚШ-тың жаңа сайланған Президенті басып алынған Палестина жерінен кейін жетілік топтың басшылары мен НАТО ұйымының жиналысына қатысу үшін Римге, содан соң Брюссельге барды. Трамптың Арабстан мен Құдс Шарифтегі мұсылмандардың екі құбыласына сапары ерекше жағдайда өтті. Арабстан корольдігі АҚШ Президентін ерекше салтанатпен күтіп алды.
Салман ибн Әбд ул-Әзиз ислам елдерінің жоғары лауазымды қайраткерлерінің алдында лаңкестікке қарсы коалицияның басшылығын қолына алу үшін ислам елдерінің он шақты басшысын эр-Риядқа шақырды. Әлбетте, Сауд әулетінің басшылығымен лаңкестікке қарсы коалиция құру бір саяси әзіл сынды көрінеді. Дүние жүзінде Сауд Арабиясының әлемдегі лаңкестер мен экстремистерді шығаратын және тарататын фабрика екенін білмейтін адам кемде-кем. Трамп ел президенттігіне сайлануы алдындағы бәсекелестікте Сауд Арабиясын әлемдегі лаңкестерді демейтін ең негізгі ел деп атаса да, билікке жеткеннен кейін Сауд Арабиясының королімен телефон арқылы сөйлескенде бұл елмен стратегиялық қарым-қатынастар жайлы келісімге келді. АҚШ президенті өзінің алғашқы шетелдік сапарында Сауд Арабиясына келіп, осы елмен ең тиімді қару-жарақ келісімдеріне қол қойып, Арабстан басшылығының «Иран – лаңкестердің қорғаушысы» деген айыптауларына үндестік танытты. Сауд әулеті өзінің мансап қуушылық мақсатын алға жылжыту және Сирия, Ирак, Йемен, Бахрейн мен Солтүстік Африкадағы кризисті негіздеу үшін дұшпанды қажет етеді. Сол себепті Сауд Арабиясы өткен 40 жылда лаңкестіктің үлкен құрбаны болған және аймақта лаңкестікпен шынайы түрде күресіп келе жатқан Иранды лаңкестердің демеушісі деп айыптап, аймақта лаңкестермен күресуге бағытталған коалиция құрды. Олар осы сылтаумен АҚШ-қа қол созып, құны жүздеген млрд долларлық қару-жарақ келісіміне қол қойды. Өзінің Таяу Шығысқа қатысты араласушы саясатын негіздеуді және дүние жүзіндегі ең қарқынды қару-жарақ базарын белсенді сақтауды қажет ететін АҚШ Сауд әулетінің «Иран – лаңкестіктің қолдаушысы» деген айыптауларына қосылды.
Дональд Трамптың Сауд әулетімен Иранды лаңкестіктің қолдаушысы деп айыптаудағы үндестігі Иранда Таяу Шығыс аймағындағы халық ең көп қатысқан теңдессіз сайлаулардың бірі өткен кезбен тұспа-түс келуі көңіл аударарлық маңызды нәрсе болды. Трамптың Сауд Арабиясына барған сапары мен оның Сауд әулетінің пікірлерімен үндестік табуының ИИР-да президенттік сайлаудың өтуімен тұспа тұс келуі батыс сарапшылары мен ақпарат құралдарының назарынан тыс қалмады. Англияның атақты журналисі әрі халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшысы Роберт Фиск The Independent газетінде ИИР-дағы сайлаудың еркін өтуін мақтап: «Эр-Риядта Дональд Трамппен кездескен 50 диктатордың ешқайсысының Ирандағыдай ашық сайлау өткізуге батылы жетпейді»,-деді. Фиск өзінің мақаласында Парсы шығанағы маңындағы араб елдерінің эр-Риядта Дональд Трамппен кездесу үшін өткізген бұл жиынын диктаторлар мен деспоттардың жиыны деп атап: «Ливия, Тунис пен Пәкістаннан басқа эр-Рияд отырысына қатысқан елдер демократияны қалжың, қисынсыз әңгіме санайды»,-деді.
Роберт Фиск
АҚШ-та да Трамптың Арабстанға сапары мен жүздеген млрд долларлық қару-жарақ келісіміне қол қоюы ауқымды кері реакцияға ұшырады. Атақты үнді-еуропалық журналист-жазушы Фарид Зәкәрия The Washington Post газетінде АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасты сараптап жазған мақаласында: «Ақиқат осы: Сауд Арабиясы шамамен 50 жыл көлемінде ислам жайында өзінің шектеулі, құрғақ, фанаттық көзқарасын ислам әлеміне жайып келеді. Бұл шарттар ешбір жерде орындалмайды. Бен Ладен саудиялық болған. Сондай-ақ, 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылды жасаушы 15 адамның 11-і саудиялық еді»,-деді.
Фарид Зәкәрия
Фарид Зәкәрия The Washington Post газетінде жазған мақаласында Арабстан азаматтарының ДАИШ тобында болуы және Сауд әулетінің әл-Каиданы
қолдауы туралы : «Саудиялықтар ДАИШ-қа қосылған елдер азаматтарының екінші тобы саналады. Қазіргі таңда кейбір статистика негізінде ДАИШ-тың Ирактағы лаңкестік әрекеттеріне қатысқан мүшелерінің көбін саудиялықтар құрайды. Осындай жағдайларды көре отырып, эр-Риядтың Йеменде әл-Каидамен жасырын ұйымының барына көз жұма алмайсың»,-деді. Америкалық үнді сарапшысы ДАИШ-тың экстремистік және лаңкестік идеологиясына қатысты: «ДАИШ лаңкестік тобы өз сенім-нанымдарын Сауд Арабиясы вахаббизмінен алған. Сондай-ақ, осы корольдіктің орталық
мешітінің бұрынғы мүфтиі өткен жылы мойындағандай: «ДАИШ біздің принциптерді алды. Бұл принциптер біздің кітаптарда жазылған. Біз де сол тағылымдарды ұстанамыз, бірақ оларды сыпайылықпен орындаймыз». Ескеретін жайт, ДАИШ өзінің оқу құралдарына ие бола алғанымен, Сауд Арабиясының оқу бағдарламасын алуды жөн көрді»,-деді.
Фарид Зәкәрия өз мақаласында Еуропадағы Сауд Арабиясы арқылы таралып жаткан экстремизм жайлы бір маңызды жайтқа тоқталып: «Қазіргі кезеңде саудиялықтардың ақшасы Еуропадағы исламға да өзгеріс енгізуде. Германияда жария болған ақпараттар легі көрсеткендей, Сауд Арабиясы, Катар мен Кувейт елдерінің мемлекеттік кеңселеріне жақын қайырымдылық ұйымдары мешіттер, мектептер мен жамағат имамдарына қаржылай көмектесіп, осы елдердің ислам туралы фундаменталдық және фанаттық көзқарастарын Германияның түкпір-түкпіріне таратуды көздейді. Шындығында, Еуропа елдері мен АҚШ өздерінің Сауд Арабиясымен қарым-қатынастары ерекше болғандықтан, бұл елге әлемде бейбітшілік, татулық пен әділдіктің жаршысы саналатын ислам туралы шындыққа жанаспайтын әсірешіл түсінікті Еуропа елдерінде жарнамалауға рұқсат береді",-дейді. АҚШ пен Еуропа елдерінің Сауд Арабиясымен ерекше қарым-қатынасы олардың лаңкестік пен экстремизммен күресудегі ұрандарының өтірік екенін әшкерелейді.
Сауд әулетінің вахаббизмді тарату және ДАИШ пен әл-Каида үшін жаңа күш жинау үшін қаражат салатын аймақтардың бірі – Балқан аймағы, әсіресе Косово елі. Бұл аймақта мұсылмандар кедейшіліктен зардап шегуде. Фарид Зәкәрия бұл жайында: «Косовода 500 жылдық тарихы бар ұстамда исламның дәстүрі жоғалып барады. Сауд Арабиясында білім алған жамағат имамдары өз мінберлерінен ваххабистік принциптерді насихаттайды. Шариғат заңдары мен қатігездікті талап ететін тәкфирлік идеяның артықшылығы олардың түсінігінше исламды ұстанбайтын мұсылмандарды өлтіруге рұқсат береді. Әдетте қайырымдылық көмектердің алғышарттары бар: ақшаға мұқтаж отбасылар егер мешіттегі іс-шараларға қатысып, әйелдері мен қыз балалары бетперде киген жағдайда ғана айына ақша алады.
Трамптың Сауд Арабиясына, одан кейін басып алынған Палестинаға сапары және осы сапар мен бірнеше жүз млрд-қа жасалған қару-жарақ келісімдеріне білдірілген реакциялар АҚШ-тың бизнесмен Президентінің өзінің бұрынғы бабаларындай мұнайдан түсетін доллардың иісін жақсы сезетінін және АҚШ-тың әлемдегі деспоттық және демократиясыз елдермен байланыстарын сақтап, нығайту үшін ешқандай шек пен шекара танымайтынын көрсетті. АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының лаңкестермен күресудегі осы екі жақты ойыны Батыс елдері үшін шығынсыз, әрі қауіпсіз болып отырған жоқ. Сауд Арабиясы да, басқа елдер де жерлерін Батыс елдерінің қару-жарақ қоймасына айналдырғанымен елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Сауд Арабиясы Сирия, Ирак, Йеменде мұнайдан түскен долларларын беру арқылы кейбір араб және араб емес елдерді өз қасына жинауға тырысты. Әйтсе де коалициялардың ешқайсысы Сауд Арабиясының күткен үмітіне жауап бере алмады. Арабстанмен одақтас араб және араб емес елдер Сауд әулетінің авантюристік және айуандық саясатын олар күткендей қорғамады. Батыс елдерінің Арабияның мұнайы мен доллары үшін бұл елдің саясатына қаншалықты көз жұматыны және бұл елмен бірігіп аймақта лаңкестік, экстремизм мен дағдарысты жаюға атсалысатыны белгісіз көрінеді. Фарид Зәкәрия The Washington Post газетінде Трамптың Сауд Арабиясына сапары мен бірнеше жүз миллиардтық қару-жарақ келісіміне сілтеме жасап: «Өткен аптада Ұлыбританияның Манчестер қаласында жарылған бомба экстремизмдік ағымнан туындап отырған қауіп-қатерлердің жалғасуына қатысты тағы бір жиіркенішті ескерту болды»,-деді.