23-ші мордад – исламдық қарсыласу күні
ИИР-ның күнтізбесінде мордад айының 23 күні «Исламдық қарсыласу күні» деп аталған. Бұл бағдарламада осы күннің «Исламдық қарсыласу күні» деп аталуының себептері мен 33 күндік соғыстың қазіргі Таяу Шығыс аймағының қарсыласу шебіне тигізген әсерлеріне тоқталамыз.
Мордад айының жиырма үші Иранның Мәдени революциялық жоғары кеңесінің шешімі бойынша «Исламдық қарсыласу күні» деп аталды. Бұл – Ливан Хизболласы 2006 жылғы сионистік режимге қарсы «Тамуз шайқасы» деп танымал болған 33 күндік соғыста жеңіске жеткен күн
2006-шы жыл: Тамуз шайқасы
Сионистік режим 2006 жылғы соғыста тек бірнеше күннің ішінде соғысты өз мүддесіне аяқтауды ойлады. Алайда Хизболла Бейрут суларында Израильдің заманауи «Саер» кемесін батырып жіберген соң, бұл режим соғыстың төртінші күнінің соңында әуе шабуылдарымен істің алға ілгерілемейтіні туралы жариялауға мәжбүр болды. Екінші аптадан кейін Израиль Ливан мен Палестинаның шамамен 20 километр шекарасына 30000 әскериін аттандырып, құрлық әрекеттерін бастады. Бірақ құрлық соғысында да алға ілгерілей алмады. Израильдің әскери басшыларының бірі бұл режимнің тілшілеріне берген сұхбатында: «Біз елестермен соғысудамыз»,- деді. Соңында 33 күндік соғыс БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №1701 қарарының бекітілуімен аяқталды.
33 күндік соғыстың нәтижелері
33 күндік соғыс негізінде Израильдің Ливанға қарсы мақсаттарына жету саласындағы ұтылысы болмағанымен маңызды салдарларға ие болды.
Соның бірі «Израиль армиясы жеңілмейді» деген уәждердің аяқталуы болды. Өйткені, Израиль армиясының бомбалаулары мен заңсыз қаруларды пайдалануы Ливанның позицияларын басып алуына көмектеспеді. Шын мәнінде, зымырандық қорғаныс қалқаны мен «Темір күмбезге» ие болу үшін Израиль қыруар қаржы жұмсағанымен, іс жүзінде олар Хизболланың зымырандарының алдын ала алмады. Израильдіктер бұл соғыста көп шығын көрді. 83 әскери мен офицері және қалашықтың 39 тұрғыны өліп, 1187-ден астам қалашық тұрғыны мен әскери жарақат алды. 20 мың адам психикалық зардап шекті. Израиль бұл соғыста күніне 110 миллион доллар шығын көрді. Аталмыш соғыстың экономикалық салдарлары Израиль режимінің 2007 жылғы бюджетінің бекітілуіне әсер етті. Сөйтіп, 2007 жылдың бюджетінде 450 миллион доллар солтүстік аймақтарды қайта құру үшін бөлінді. 33 күндік соғыс Израиль үшін ауыр болғаны сондай, соғыстың соңында АҚШ бұл соғыста ешкім жеңіске жеткен жоқ деп қорытындылады. Тіпті, бұл сөздерді қабылдаудын өзі бұл соғыста Израильдің ұтылғанын мойындады. Өйткені, дүниежүзінің үлкен төртінші армиясы тіпті Ливан армиясының қолдауына ие болмаған Хизболлаға қарсы тұра алмады. Сондай-ақ, көптеген экономикалық және адами шығындарға тап болды. 2016 жылдың тамыз айында Хизболланың 33 күндік соғысының жылдығында сөз сөйлеген Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла Израильдің әскери жүйесінің ішінен теңселгенін, Израиль халқының ел армиясына деген сенімінің шайқалуы мен Израиль режимінің саяси және әскери басшыларының режимнің күшінің шектеулі екенін түсінуін сол соғыстың ең маңызды нәтижелері деп атады.
Хизболла мен қарсыласу: Таяу Шығыста жаңа ойыншының пайда болуы
33 күндік соғыстың ең маңызды нәтижелерінің бірі Таяу Шығыста қарсыласу шебі жағынан Ливанның Хизболласына негізделген жаңа ойыншының пайда болуы болды. 33 күндік соғыста Израильдің маңызды мақсатының, яғни исламдық қозғалыс ретінде Хизболланың әскери күш-қуатын жою мақсатының сәтсіздікке ұшыраумен бірге Хизболла қарсыласу өзегі ретінде Таяу Шығыс аймағының жаңа ойыншысы ретінде қалыптасып, енді онымен санаспауға болмайтын болды. Осы салада АҚШ-тың аналитигі Ноам Хомский: «Бүгінде аймақта исламдық негіздерге сүйенген жаңа саяси болмыс пайда болуда. Бұл үдеріс ИИР-ның қолдауына ие болып отырған топтардың саяси күшке жетуіне себеп бола алады»,- деді.
Ноам Хомскийдің сараптамасы іс жүзінде іске асырылды. Біріншіден, Ливанның саяси жүйесінен Хизболланың рөлі айқын байқалатын болды. 2008 жылы «14-ші наурыз» ағымына қарсы Хизболланың басшылығымен «8-ші наурыз» ағымы құрылды. Бұл екі ағым Ливан билігінің негізгі бөлімдерін құрайды. Екіншіден, Ливанның ішкі ойыншыларымен бірге аймақ құдыреттері, тіпті трансаймақтық құдыреттер де Хизболлаға теріс ұстаным білдіргендерімен, оның Ливандағы рөлі, беделі мен саяси орнын мойындауға мәжбүр. Хизболланың саяси рөлі 2014-2016 жылдардағы бұл елдің президенттік сайлауы кезеңінде байқалды. Өйткені, соңында Ливан Хизболласы қолдайтын Мишель Аунды президент ретінде бекітуге сенім білдіруге мәжбүр болды. Үшіншіден, Хизболла Ливанның шекараларын қорғау мен Ливан және Сирияның шекараларында лаңкестікпен күресуде маңызды рөл атқаруда. Бейберекеттіктерге толы Таяу Шығыс аймағында Ливанның территориялық біртұтастығын қорғау Хизболланың әскери және қорғаныс күшінің нәтижесі. Төртіншіден, Ливан Хизболласы аймақ деңгейінде әсіресе әскери және қауіпсіздік тұрғылардан жоғары қабілетке ие ойыншыға айналды. Оның қабілеті қазіргі таңда Сирияда анық байқалуда. Хизболла – Сирия әскерімен иық тірестіріп, лаңкестікпен соғысып отырған белсенділердің бірі. Сол себепті де Хизболла Сирия жүйесі қарсыластарының шабуылдарының нысанасына түсіп отыр.
ИИР-ның әскери күш-қуатын дәлелдеу
33 күндік соғыстың келесі ең маңызды нәтижелерінің біріне Израильдің сәтсізікке ұшырауымен Таяу Шығыстағы ИИР-ның рөлінің артуына себеп болу жатады. Өйткені, Ливанның Хизболласы тікелей ИИР-ның қолдауына ие. Ливан Хизболласының Бас хатшысы сан рет бұл мәселені мойындаған болатын. 33 күндік соғыс өзінің жергілікті күшіне сүйенген ИИР-ның қорғаныстық және әскери құдыретінің Таяу Шығыс аймағындағы әсерлі күш екенін көрсетті. ИИР-ның шабуыл жасу мақсаты болмағанымен, бұл елдің қорғаныс күшінің мықтылығы сондай, дұшпандарының шабуылын залалсыздандырып, олардың өздеріне шығын келтіре алады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш үшін 33 күндік соғыс Израильдің Хизболлаға қарсы күресінен жоғары болды. Өйткені, Вашингтон үшін аймақтағы Иранның әсерін азайту үшін мұрсат туған болатын. Олар Израиль Ливанды жеңіп, аймақтағы саяси теңгерімді өзгерте алады деп үміттенді. Бірақ, Джордж Буштың талпыныстарына керісінше нәтиже әкеліп, аймақтағы Иранның рөлінің артуына себеп болды.
АҚШ-тың жазушысы Сеймур Херш: «Хизболла қарсыласуының таңғалдырарлық құдыреті мен израильдіктердің бомбалауының жалғасуына қарамастан, Израильдің солтүстігіне зымыран ату қабілеті Иранға қысым көрсеткісі келетін Ақ үйдегі кейбіреулердің үлкен үмітсіздігіне себеп болуда. Сондай-ақ, бомбалау Иранның ішіндегі тынышсыздықтарға себеп болады деп ойлаушылар де үміттерінен айырылуда»,- деп жазды.
Хашд әш-Шааби және хаусилер: қарсыласудың жаңа күштері
33 күндік соғыс, әсіресе Хизболланың өткен жылдардағы Сириядағы лаңкестікке қарсы соғыстағы маңызды рөлі Хизболланың жаңа бұтақтарының немесе басқа елдердегі ұқсас топтардың пайда болуы үшін маңызды тәжірибе болды. 2014 жылы лаңкестікпен күресу мақсатында аятолла Систанидің пәтуасымен құрылған Хашд әш-Шааби күштері Ирактың әртүрлі аймақтарын ДАИШ лаңкестерінен азат ету әрекеттеріне белсенді түрде қатысып, теріске шығаруға болмайтын маңызды рөл атқарды.
Хаусилер де Йеменде Сауд Арабиясына тәуелді үкіметтік күштерге қарсы тұруымен қатар 2015 жылдың наурыз айынан бері саудиялық коалицияның бұл елге қарсы шабуылдарымен қарсыласып, Сауд Арабиясын Йеменнің батпағына батырды. Мұндай жағдай қазіргі Таяу Шығыстағы қарсыласу шебінің саяси орны мен рөлінің артуына себеп болды. Осыған орай қарсыласу қозғалысының қарсыластары Хизболламен қарсыласуымен бірге оны лаңкестердің тізіміне қосып, Йемендегі хаусиліктер мен Ирактағы Хашд әш-Шаабидің белсенділігіне қарсылық білдіріп, оларды лаңкестікті қолдаушы деп айыптауда. Қорыта айтқанда, Ливан Хизболласы 1980 жылдары құрылғанымен 2006 жылғы 33 күндік соғыс Израиль армиясы жеңілмейді деген аңызды жоюымен бірге Таяу Шығыс аймағында жаңа ойыншылдардың пайда болуына себеп болды. Бүгінде Ирактағы Хашд әш-Шааби мен Йемендегі хаусилер Ливан Хизболласынан үлгі алып отыр.