Діни жетекшінің көзқарасы: Иран халқының күш-құдыретінің факторлары
(last modified Fri, 13 Jul 2018 10:30:22 GMT )
Шіл 13, 2018 16:30 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеи күш-қуатты былай деп сипаттайды: "Күш-қуат, яғни халықтың ішінен қайнап шыққанда сол халық білімге, әскери құдырет пен дамуға және халықаралық салада ғиззатқа ие болады".

Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.) атындағы Жоғары оқу орны түлектерінің оқу бітіру рәсіміне қатысты. Бұл жоғары оқу орны Ислам революциясы Сақшылар корпусының білімді күштері мен офицерлерін тәрбиелеу міндетіне ие. Иран Конституциясы бойынша Бүкіл Қарулы күштердің Бас қолбасшысы Ислам революциясының жетекшісі Иран Армиясы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының білім орталықтарының әртүрлі рәсімдеріне қатысып, келешекте елдің қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғайтын түлектеріне өзінің ақыл-кеңестерін айтады. Хазірет имам Хусейн (ғ.с.) атындағы Жоғары оқу орны түлектерінің оқу бітіру  рәсімінде түлектерді құттықтап, ИИР күш-қуатының факторлары туралы маңызды сөз сөйлеп: «Негізінде халықтың өмірі мен беделі өз күш-қуатына себеп болатын факторларды арттыруы мен қажет жағдайда соларды пайдалануына байланысты. Осы күні майдандағы байқылап отырған жайт – осы негіздің  үлгілерінің бірі»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.) атындағы Жоғары оқу орны түлектерінің оқу бітіру рәсімінде сөз сөйледі

Аятолла Хаменеи Сақшылар корпусының қарамағында білім алатын күштермен кездесуінде дұшпанмен қарсыласу дайындығындағы сабыр  мен тақуалықтың рөліне, сондай-ақ, олардың ұлттық күш-құдыретпен байланысына тоқталды. «Әл-Имран» сүресінің 118-120-шы аяттарында мұсылмандардың дұшпандарының кейбір ерекшеліктері туралы айтылды. Мәселен, 118-ші аяттан: «Әй, мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырлас тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ, олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауыздарынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандары тағы үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік»,- деп оқимыз. Алла Тағала «Сендер табысқа жеткен сайын дұшпандар күйзеледі, ал сендер күтпеген жайтпен кезіксеңдер, олар қуанады. Алайда,  ислам революциясының жетекшісі дұшпанның қастықтарын залалсыздандыратын жолдарға тоқталып: «Құран Кәрімнің «Әли Имран» сүресінің 120-шы аятында «Егер сендерге бір игілік жетсе, оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян қылмайды»,- деп айтылған. Бұл – жаратылыстың заңы. Сабыр мен тақуалық дұшпанға сендерге қарсы әрекет жасауға рұқсат етпейді. Егер сабыр сақтасаңдар, олар сендерге ешбір зиян келтіре алмайды» деп, сабыр мен тақуалық туралы баяндады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.) атындағы Жоғары оқу орны түлектерінің сапының алдынан өтті

Иран Ислам революциясының жетекшісі дұшпанға қарсы сабыр сақтау туралы: «Сабыр, яғни майданда қалып, кетпеу. Кейбіреулер майданнан қашады. Кейбіреулер қашпайды, бірақ бірте-бірте майданнан шетке кетеді. Бұл сабырға қайшы. Сабыр, яғни тұрақтылық танытып, майданда қалып, табандылық білдіру. Сабыр, яғни келешектегі мақсаттарға, алыс перспективаларға көз тігу. Егер сабыр сақтасақ, алыс көкжиектер бізге тиесілі болады. Егер сіздер бүгін табандылық танытсаңыздар, келешек ұрпақ биік шыңдарға жетеді»,- деді. Аятолла Хаменеи «Әли Имран» сүресінің 120-шы аятындағы тақуалықтың мағынасына тоқталып: «Тақуалық бұл аятта кең ауқымды мағынасына ие болды. Тақуалық, яғни, ислам шариғатының тура жолынан ауытқымау үшін өзін бақылау. Сондай-ақ, дұшпанның алдында абай, әрі қырағы болу»,- деді. Діни жетекші  дұшпанның алдында абай болуды оған сенім артпау, алдап-арбауларынан  хабардар болу, дұшпанның алдында сабыр сақтау, ақылға қайшы істер мен әлсіздіктен тартыну деп санайды. Хазірет бұл сөздерінің нәтижесі ретінде «Әли Имран» сүресінің: «Егер сендерге бір игілік жетсе, оған олар хош болады. Егер сабыр етсеңдер, сақтық істесеңдер, олардың сығандықтары сендерге ешбір зиян қылмайды»,- деген  120-ші аятын еске салады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Иранның күш-құдыретінің факторларын баяндап, тақырыпты анықтау үшін революцияға дейінгі және одан кейінгі жағдайға тоқталды. Аятолла Хаменеи Ислам революциясына дейінгі диктатуралық кезең туралы: «Пехлеви үкіметі кезеңінде Англия, содан соң АҚШ бұл елді биледі. Яғни, шахты билік басына солар әкеліп, солар ауыстырды. Үкіметтер солардың қалауы бойынша құрылатын. Елдің маңызды  саясаттары Англия мен Американың көзқарастары бойынша жобаланды. 57 жыл бойы ел осылай басқарылды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында Иран Ислам революциясының жеңісі мен елдің тәуелсіздігіне, азаттығы мен халқының өз-өзіне сенім артуына тоқтап: «Ұлттың өз-өзіне сенім артуы иманмен бірге болды. Біз революция жасаған басқа елдер сияқты Құдайсыз, тәуекелсіз болмадық. Алла бізге көмектесіп, бізді қорғап, дұрыс жолға нұсқап, алға ілгерілетті. Иман біздің үміт рухымыз бен жанкештілігімізді жандандырды»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи иман мен үміттің Иранның ғылыми, экономикалық, мәдени және әскери салаларындағы нәтижелеріне сілтеме жасап: «Бұлар – ұлттық күш-қуаттың факторлары, бұл – ұлттық құдырет»,- деп баса айтты.

Парсы шығанағының оңтүстігіндегі үстемшіл үкіметтер сияқты кейбір үкіметтер ұлттық күш-қуатты Батыс үкіметтерінен көптеген қару-жарақ сатып алып, халықтарын басып-жаншуға қолдау көрсетуде деп ойлайды. Аятолла Хаменеи мұндай әрекетті қорлық санап, күш-қуатты былай деп сипаттайды: "Күш-қуат, яғни халықтың ішінен қайнап шыққанда сол халық білімге, әскери құдырет пен дамуға және халықаралық салада ғиззатқа ие болады". Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасының ұлттық күш-қуатының ең жақсы дәлелін Иран халқының АҚШ сияқты құдыретті дұшпанның алдындағы 40 жылдық табандылығы деп атап, табандылықтың Иран халқын одан сайын күшейте түскенін қуаттады. Хазірет АҚШ пен басқа батыс үкіметтерін, сондай-ақ, олардың «Мұнафеқин» ұйымы сияқты тәуелділерін Иран халқының тәуелсіздігі жолындағы кедергі деп атады

Иранның күш-қуаты

Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның  құдыретін арттыруға қажет келесі себебі ретінде аймақтағы Иранға қарсы АҚШ коалицияларының орналасун атап: "Егер АҚШ-тың ИИР-на қарсы ойындағы істерін асыратын күші болғанда, ол аймақтың жаманатты үкіметтерімен коалиция құруға, олардан көмек сұрауға және олардың көмегімен тынышсыздықтар тудыруға мәжбүр болмайтын еді. АҚШ пен оның одақтастары Иранға қарсы қастықтарын жалғастыруда. Солардың ішіндегі ең маңыздысы экономикалық қысымдар мен психикалық соғыс арқылы Ислам республикасы жүйесі мен халықтың арасына жік салу. Бірақ, Ислам республикасының жүйесі – Иран халқының бір бөлігі. Бұл жүйе халықтың иманына, халыққа деген махаббаты мен  мейіріміне сүйенеді. Бұл – исламдық жүйе. Елдің жастары дұшпанның олардың тәуелсіздігіне, ғиззаты мен  дамуына, ғылым мен саясат сахналарына қатысуына қарсы екенін білуі керек. Иран халқына қарсы дұшпандылық – халықтың ғиззаты мен тәуелсіздігіне және дамуына дұшпандылық білдіру",- деді.

 

Иран халқы Ислам республикасы жүйесін қолдайды

Ислам революциясының жетекшісі имам Хусейн (ғ.с.) атындағы жоғары оқу орны түлектерінің ортасындағы сөйлеген сөзінің жалғасында мұндай дұшпанмен бітімге келуді көптеген шығын мен қорлықтың және болмыссыздықтың себебі деп атап: "Табандылық таныту шығынды қажет еткенімен оның жетістіктері өте үлкен. Бұл – Алланың заңы. "Мұхаммад" сүресінің 35-ші аятында: "Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте амалдарыңды зая қылмайды",- деп айтылған. Осал болмаңыздар, дұшпанның бітімге шақыруымен келіспеңіздер, сіздер артықсыздар. Алла Тағала сіздерге жасаған жұмыстарыңыз үшін сыйларыңызды береді",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи сөзінің соңында ұлттық күш-қуаттың артуы мен дұшпандардың сәтсіздікке ұшырауына сабырлық танытудың, тақуалық, қырағылық пен ұлттық бірліктің себеп болатынын қуаттады.

 

 

 

 

Тегтер