29-шы есфанд – Иранның мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылған күні
(last modified Wed, 20 Mar 2019 14:35:59 GMT )
Нау 20, 2019 20:35 Asia/Almaty
  • 29-шы есфанд – Иранның мұнай өнеркәсібінің ұлттандырылған күні

29-шы есфанд – Иранның мұнай өнеркәсібі ұлттандырылған күн. Бұл күн – Иранның саяси және экономикалық тарихы беттерінің бірі. Бұл күні дағдарыс пен қиындықтарға толы күрестен кейін мұнайсыз экономиканың іргетасы қаланып, үлкен қозғалыс басталды.


Бұл тарихи күннің маңызын түсіну үшін өткен күндерге сапар шегіп, Иран халқының үлкен байлығы мұнай қорының билеп-төстеуші және талан-таражға салушы елдердің қолында болған күндерге оралу қажет. Мұнай өндірушілер оның «қара алтын» және ғасырлар бойы әлемді экономикалық және өнеркәсіптік тұрғылардан билеп-төстеу үшін қажет маңызды ресурс екенін жақсы білді. Өнеркәсіптік мемлекеттер экономикалық механизмдерінің дамуы және даму жалғасуы үшін мұнайдың қажет екенін, егер мұнайға қол жеткізе алмаса бұл байлыққа мұқтаж болатындарын түсінді. Бұл ағым шын мәнінде мұнай отаршылығының негіздерін қалыптастырды. Бұл туралы құжаттарды Иран секілді мұнай өндіретін елдердің мұнай тарихына қатысты мұражайларынан көруге болады. Бұл құжаттарда шикі мұнай қорларын барлау, оны өндіру және сатуға қатысты отарлау туралы келісімдер көрсетілген. 1870 жылы Иран үкіметі елде мұнайдың табылуымен тұспа-тұс Барон Юлиус Ройтермен келісімге отырды. Бұл келісім бойынша, Иранның мұнай кендері 70 жылға англиялық Барон Юлиус Ройтердің қолданысына тапсырылды. Сол келісімге сәйкес, Англия Иранның барлық ормандарын, өзендері мен тас көмірін, темірі мен мыс, мырыш пен мұнай кен орындарын 70 жыл мерзімге пайдалануға алды, ал Иранның өндірістен кейінгі көретін таза пайдасы тек 15 пайызды құрады. 32 жылдан кейін, яғни 1902 жылы Иранның сол кездегі үкіметі келесі бір келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша, Иранның солтүстігіндегі бес аймағынан басқа жерлердің барлық мұнай қоры 60 жыл мерзімге ұлыбританиялық Улиям Дарсиге  пайдалануға берілді. Бұл билеп-төстеу және талан-таражға салу ағымы саяси және қоғамдық көтеріліске себеп болды. Бұл кезеңде әртүрлі мемлекеттер, атап айтқанда Ресей, Британия мен АҚШ Иран үкіметіне әртүрлі ұсыныстар жасап, бұл елдің мұнайынан ұпайға ие болуды көздеді. Британия Иранның оңтүстік мұнай қорларын пайдаланғандықтан, Ресей солтүстік мұнай қорларын пайдаланғысы келді, америкалықтар да Иранның мұнайына көз тіккен болатын. Иранның саяси тарихының аятолла Кашани мен доктор Мұхаммад Мосаддеқ сияқты діни және саяси қайраткерлері бұл қозғалысты бақылауға алып, отаршылардың Иранның мұнайын талан-таражға салу жобасын әшкереледі.

Ислам революциясы тарихының жетекші маманы Фатима Амини: «Бұл кезеңдегі тарихи құжат аятолла Кашанидың мұнай өнеркәсібін ұлттандыру үдерісінде маңызды рөл атқарғанын көрсетеді. Ол Ирандағы Алланың берген энергетикалық ресурстарын азат етуге жағдай жасады»,- деді. Аятолла Кашани бұл маңызды кезеңде үкіметке қарсы күресіп, БҰҰ-на Мәжілістің консорциумдармен жасаған мұнай келісімдерінің заңсыз екені туралы хат жазды. Аятолла Кашани өз мәлімдемесінде Британияның мұнай компанияларының әрекеттеріне наразылығын жариялап, Мәжілістің басқа бірақатар өкілімен бірге Британияның мұнай консорциумы арасындағы келісімнің күшін жою жобасын ұсынды. Британия үкіметінің шаһ үкіметіне берген ақыл-кеңестерімен Иранның үстемшіл режимі аятолла Кашаниды құрықтап, кейін қудалады. Мосаддеқ те мұнай өнеркәсібін ұлттандыру саласындағы күресі кезінде сан рет ирандықтардың өз елінің мұнай қорларын пайдалану және басқару құқығын қуаттады. Күрестердің нәтижесінде 29-шы есфандта Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру туралы заңды бекітті. 1951 жылдың сәуір айында Иранның сол кездегі Премьер-министрі Мұхаммад Мосаддеқ үкіметі Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру заңын іске асыруды бастағаннан кейін көптеген қастандықпен бетпе-бет келді. Бұл қастықтардың бірі 1330 жылдың бірінші жарты жылында Ирандағы саяси және экономикалық тұрақтылықты қатерге тіреуді көздеп, мұнайға санкция салды.  1953 жылдың тамыз айындағы Мосаддеқ үкіметіне қарсы америкалық-англиялық төңкеріс бұл саладағы келесі қастық болды. Бұл төңкерістен кейін   америкалық және еуропалық 16 компаниядан, әсіресе British Petroleum компаниясы, Shell Petroleum Inc., Golf Oil Corporation, Mobile Oil Corp., Océal-Federiko және Taco Standard Oil-дан құрылған консорциум тарапынан жасалған келісім таңылғаннан кейін ирандық мұнайды тонау қайта басталды. Консорциум мүшелері Иран үкіметінің араласуынсыз ел табысының негізгі факторы болып табылатын мұнай өндірісінің мөлшері мен оның бағасы туралы шешім қабылдады. Ұлттандырылғаннан кейін мұнайдың тағдыры Ислам революциясының жеңісі мен Ираннан бөгделердің қолын қысқартуына дейін осындай болды.  Мұнайға тәуелділік Иранға қысым көрсететін құрал болып, ұлттық мүдденің зардап шегуіне соқтырды. Сондықтан мұнай өнеркәсібіне тәуелділік деңгейін төмендету қажет. Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу экономикасының факторларын анықтап, сан рет бұл тәуелділікті «жүз жылдық сұм саясатымыздың салдары» деп атады.  Мұнай және соған ұқсас қорларға ие елдердің экономикасына жасаған зерттеулер олардың бұл байлықтан түскен пайданы бұрыс пайдаланатынын көрсетті. Бұл зерттеулер мұнай бағасы қымбаттауының мұнай экспортынан түсетін кірістің бірден үкіметтердің есеп-шоттарына түсетін экономикалардың импортты арттырып, ішкі өнім өндірісіне  соққы  беріп, жер мен тұрғын үй бағасының қымбаттап, салық тәртібін өзгертуді кейінге қалдыруға, соның салдарынан халықтың шынайы ерік-жігерін  жойып, елдің экономикасындағы ұзақ мерзімді тәуелділіктерге себеп болғанын көрсетті. Бұл шығын – Иранның мұнайға сүйенген экономикасы шындықтарының бір бөлімі. Сол себепті ИИР бұл кезеңнен жылдам өтіп, мұнайды қарсыласу экономикасының негізіне айналдыруға шешім қабылдады.

 

 

 

Тегтер