Хазірет Мәһди (ғ.с.) – адамзаттың құтқарушысы
(last modified Sat, 20 Apr 2019 14:05:04 GMT )
Сәу 20, 2019 20:05 Asia/Almaty
  • Хазірет Мәһди (ғ.с.) – адамзаттың құтқарушысы

Шағбан айының ортасы – адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні. Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Адамзаттың келешегі бар ма? Бұл сұрақты британиялық философ Бертран Рассел кітабында көтеріп, адамзаттың қоғамдық кемелдікке жету үдерісін зерттеді. Ол көпшіліктің адамзаттың ықтималды келешегіне үмітсіз екенін баяндады. Расселдің көзқарасы бойынша техникалық ғасырда ғылымның  күнделікті ілгерілеуі мен жылдамдықпен даму сырт көзге мұғжиза көрінгенімен, адамзаттың бірнеше ғасырлық өркениеті үшін шынайы қоқан-лоққы саналады.  Ғылым мен наным-сенімдер арасындағы айырмашылық бұл ғасырды адамзат  тарихындағы алаңдаушылықтарға толы ғасырға айналдырды. Рассел кітабының қортынды  бөлімінде: "Мен қараңғыда жазып отырмын. Бірақ адамдар менің жазбаларым басылып шыққанына дейін қала ма, көрсе оқи ма?"- деп жазған  болатын. Бұл пікірге қайшы, илаһи діндер адамзаттың келешегі дұрыс жолды өтіп, жақсылықтарға қарай дами түседі деп санайды. Бұл ағымға төзе алмайтындар аз емес, сондықтан бұзақылыққа бет бұрып, дұрыс жолдан ауытқитындар да аз болмайды. Бірақ, соңында аадмзатты құтқаратын адам келіп, барлық қиындықты шешеді.

Бүгін – әлем құтқарушысының туған күні. Шағбан айының  бұл күні күні халыққа шынайы  жылуын сыйлайды. Қамаридің 255 жылының шағбан айының он бесінші күні таң әлетінде пәк сәби дүниеге келіп, жаратылған әлемді қуанышқа бөледі.

Жаратылыс бұл күнді ұзақ күтті. Сол күні дүниеге келген сәби имамат әулетінің шырағы болды. Есімі мен күниесі Алла елшісінің есімі мен күниесі сияқты болды. Оның әкесі шиіттердің он бірінші имамы хазірет Хасан Аскари (ғ.с.), анасы қарапайым, иманды Нарджес бану болды. Ол бұл дүниеге әлемді зұлымдық пен зорлық-зомбылықтан құтқарып, әділет туын көтеру үшін келді. «Ғаем» – хазіреттің лақап аттарының бірі. Ол әділет орнату үшін көтеріледі. Ол – әлемді құтқаратын уәде етілген хазірет Мәһди (ғ.с.). Бұл күнді қуанышпен қарсы алайық. Әлемдіктердің көздері оны көріп, нұрлансын. Бізге оның келетінін туралы хабар жетті. Бұл хабарды жақсыға жориық.

Тарих бойында әлем әртүрлі шарықтаулар және құлдыраулармен бетпе-бет келді. Адамдар бұл таңырқататын, айбынды құбылысқа ерекше сезім білдіреді. Өйткені, тарих басынан бастап осы күнге дейін және бүгіннен әлемнің құтқарушысы келгенге дейін зұлымдық және жамандықпен қатар болады. Зұлымдық пен зорлық-зомбылықтан қиындық көрген барлық адамдар тарих пен адамзат құтқарушысының туған күнін еске алып, олардың жүректерінде үміт оты пайда болады. Әсіресе, барлық діндер мен мазхабтардың ізбасарлары тарихтың бір кезеңінде адамзатты зорлық-зомбылықтан құтқаратын илаһи адамның келіп, мұғжиза жасайтынына сенеді. Алайда, бұл ортақ көзқараста шиіттердің басқа исламдық және исламдық емес ағымдардан ең маңызды айырмашылығы олардың бұл ұлы тұлғаны танып, оның дүние келген күнін білетінінде. Сондықтан шиіттердің наным-сенімдеріндегі күту мен сенім серпінді әрі маңызды.

Рауаяттарда имам Мәһдидің (ғ.с.) көрікті, маңдайы ашық, жүзі нұрлы болғаны айтылған. Исламның ұлық пайғамбары оны «жәннаттың тауысы» деп атаған. Ол адамзатты дұрыс жолға нұсқау үшін Алла тарапынан жіберілген барлық пайғамбарлардың көрінісі болды. Сондықтан имам Мәһдидің (ғ.с.) болмысы пайғамбарлардың жоғары ахлағы мен қадір-қасиеттерінің жиынтығы еді. Имам Хусейннің (ғ.с.)  айтуынша, әділет орнатушы имам Мәһди (ғ.с.) көтеріліске шығатын кезде әділеті жақсылық және жамандық жасаушыларға таралады.

Франциялық шығыстанушы Генри Корбон: «Менің пікірімше, шиіттік – Алла мен жаратылыс арасындағы қарым-қатынасты мәңгіге сақтап, велаятты ұмытпаған жалғыз мазхаб. Шиіт мазхабында хазірет Мәһди (ғ.с.) – ғылыми тұрғыдан оны ырымшылдық деп санауға болмайтын тірі шындық; әрі шындықтар тізімінен жойылмайды. Шиіт мазхабына сай, имам тірі, бірақ көзден ғайыпта, жасырын. 

Құран Кәрім «Қасас» сүресінің 28-ші аятында ақырзаманда, қияметтен бұрын бағдарламасы Пайғамбардың (с.ғ.с.) бағдарламасына ұқсас тұлға келетіні туралы айтылған. Пайғамбардың (с.ғ.с.) бағдарламасы мен мақсаты дін аясында мейірімділік пен құт тарату болды. Бұл міндет толығымен хазрет Мәһди (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктері арқылы іске асырылады. Сондай-ақ, Құдай «Нұр» сүресінің 55-ші аятында илаһи ислам дінінің адал пенделері арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде таралатынына уәде беріп: «Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ, олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке  айналдырады...»,- деді. Имам Мәһди (ғ.с.) – адамдардың көзінен жасырын болғанымен адамдардың өміріне ықпал етіп отыр. Бір адам имам Садықтан (ғ.с.): «Адамдар ғайып имамның берекесін қалай пайдаланады?»- деп сұрағанда, имам: «Бұлттың тасасындағы күннің көзінен пайдаланғандай пайдаланады»,- деп жауап берген. Бұл рауаятта имам бір жағынан халықтың бұлтты күнгі күннің нұры мен жылуы және сәулесін пайдаланатынына, бірақ, күннің көзі жарқыраған ашық күндермен салыстырғанда азырақ пайдаланатындарына назар аудартады. Бұлт жоқ күндері халық күннің көзін көбірек пайдаланатындай, халық имам келген күні хазіреттің берекесін көбірек пайдаланатын болады.

Табарси өзінің «Эхтеджадж» кітабында имам Мәһдидің (ғ.с.) шейх Мофидке жазған хаты туралы баяндады. Имам хатының бір бөлімінде: «Біздің наным-сенімдерімізге білімге  сүйеніп, иман келтірген діни досымызға сәлем! Келісімдер мен міндеттемелерді бұзушылар туралы хабардармыз. Біз сізді ұмытпаймыз. Егер біз сіздерге көңіл бөлмегенімізде, өмірдің қиындықтары сіздерді шырмап, дұшпандар сіздерді жоятын еді. Алладан қорқыңыздар, тақуа болуға талпынып, ресалат әулетіне жақындаңыздар. Бүлікпен бетпе-бет келген кезде қарсыласыңыздар. Олардың кейбіреуі сынақ болуы мүмкін. Кәпірлердің наразылығына қарамастан «...Алла нұрын тамамдайды». («Сафф» сүресінің 8-ші аяты)»,- деп жазды.

Әлемнің құтқарушысын тану – адамның өмір туралы ойлануының факторы. Хазірет Мәһди (ғ.с.) өзінің келуімен жүректер мен жерлерді жандандырады. Сондықтан ислам мәдениетінде құтқарушыға иман келтіріп, оның келуін күту жеткіліксіз. Адамзаттың міндеті жер мен жүрегін хазіретті күтіп алуға дайындау болып табылады. Имам Садықтың (ғ.с.) айтуынша, «имам Мәһдидің (ғ.с.) серігі болғысы келген адам өазіреттің шынайы күтушілері болуы керек. Сондықтан олар тақуа және жақсы ахлаққа сай ғамал етуі керек. Егер адам осындай жағдайда өлсе және хазірет ол өлген соң келсе, бұл адамның сыйы хазіретті түсінген адамның сыйындай болады».   

Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Тегтер