Революцияның екінші қадамы 5
(last modified Tue, 23 Apr 2019 10:53:12 GMT )
Сәу 23, 2019 16:53 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 5

Өркениеттердің құрылуы мен қуаттылығына себеп болатын ең маңызды факторлардың бірі ғылым мен технологияның дамуы саналады.

Арабстан аралында Ислам пайда болғаннан көп ұзамай, ислам өркениеті дамып, кең тарала бастады. Ислам тағылымдарына сүйенген бұл жарқын өркениет ұзақ уақыт бойы әлем бойында білім мен мәдениет және экономиканың көшбасшысы болды. Содан кейін бұл үлкен әрі бай өркениет біраз уақыт байқалмағанымен, Иран Ислам революциясының жеңіске жетуімен қайта жаңғырды. Аятолла Хаменеидің жуырдағы баяндамасында исламдық революцияның екінші қадамы деп адамзатты әлемнің құтқарушысы хазірет Мәһдиді (ғ.с.) күтіп алуға дайындау кезеңі аталды. Сондықтан исламдық революцияның жаңа кезеңі өткен қырық жылдан маңыздырақ болады. Негізінде ислам өркениеті – Исламның жоғары тағылымдарына сүйенген, руханият пен ахлаққа негізделген өркениет. Исламдық және Құран құндылықтарынан нәр алған Иран революциясы исламның үлкен өркениетін жаңғыртуға талпыныс жасауда.

 

Ислам революциясының жетекшісі ислам өркениетін адам рухани және материалдық тұрғылардан дами алатын және Алла Тағаланың оны жарату мақсатына жете алатын кеңістік санайды. Ислам өркениетінде адам абыройлы өмір сүріп, ғиззат, құдырет, ерік-жігерге аға ие бола алады. Хазіреттің қуаттауы бойынша, Ислам республикасы жүйесінің мақсаты – айтылған өркениетке жету. 

Жаңа өркениет құру шынайы жұмысты қажет етеді. Бұл талпыныс жарқын келешектен үміт болмаса, нәтижеге жетпейді. Сол себепті аятолла Хаменеи Иранның келешегін құратын жастарға айтқан бірінші кеңесінде келешектен үміт күтуді негізгі фактор ретінде қуаттады. Алайда келешектен үміттену мүмкіндіктер мен кедергілерге көңіл бөлмеу деген сөз емес, керісінше шындық пен ақылға сай көзқарассыз мүмкін емес. Ислам революциясының жетекшісі бұл мәселеге еркше назар аударып, өз мәлімдемесінде: «Үміт деп айтатынымыз – анық көрініп тұрған шындықтарға сүйену. Мен әрқашан орынсыз үмітсіздік пен орынсыз алаңдаушылықтардан абай болуға шақырамын»,- деді.  Ислам революциясына қарсы үкіметтер мен ақпарат құралдарының Иран халқын келешекке деген үміттен айыруға әрекет жасауы байқалған кезде үмітсіздіктен алыс болудың маңыздылығы біліне түседі. Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың Иран халқы арасында үмітсіздік көңіл-күйін тарату жолдарына тоқталды. Бұл жолдар өтірік хабарлар тарату, теріс сараптау, шындықтарды теріс көрсету, үміттендіретін факторларды жасыру, кішкентай мәселені зорайтып, үлкен мәселені кішірейтіп көрсету. Діни жетекші адал қызметшілердің қызметі мен үміт пен даму белгілерін әлсіздік пен үмітсіздіктен әлдеқайда жоғары екенін қуаттады.

 

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткен соң халық ислам құндылықтары мен рухани және ахлақ істеріне көбірек бет бұрды. Халықтың діншілдігі мен әртүрлі салаларға белсенді қатысуы олардың жеке және қоғамдық өміріне ықпалын тигізді. Иран халқының ұлы революциясының Ислам негіздерін орнату мақсаты тіпті елдің шекараларының сыртында  көптеген жақтаушысын тапты. Иран Ислам революциясының жетекшісі исламдық үлкен өркениет құру үшін рухани және ахлақ құндылықтарын нығайту қажет деп санайды. Хазірет бұл тақырыптың маңыздылығына тоқталып: «Руханият пен ахлақ – жеке адам мен қоғамның барлық жұмыстарына жол нұсқаушы; қоғамның негіздері. Оларға ие болу тіпті материалдық тапшылықтарға қарамастан, тіршілік ортасын жұмаққа айналдырады. Руханият пен ахлақ болмаса, тіпті материалдық жағдай жақсы болғанымен, тіршілік ортасы тозаққа айналады. Руханият – адамдардың болмыстары мен қоғамда ықылас, жанкештілік, тәуекел мен иман сынды қадір-қасиеттерді тарату. Ахлақ – қайырымдылық, кешірім, мұқтаждарға көмектесу, шындықты айту, батылдық, қарапайымдылық, өзі мен өзгеге сенім арту, жақсылық жасау»,- деп қуаттады. Діни жетекші үкіметтердің бұл саладағы міндетін руханият пен алаққа жағдай жасау және оларға қарсы мәліметтердің кең таралуымен күресу деп санайды.

 

Өркениеттердің құрылуы мен күшеюіне себеп болатын ең маңызды факторлардың бірі ғылым мен технологияның дамуы саналады. Аятолла Хаменеи ғылымның маңыздылығы туралы айтқан сөзінде ғылымды елдің ғиззаты мен құдыретінің ең айқын құралы деп атады. Еуропа өткен бірнеше ғасырда ғылыми жетістіктерге жетіп, кең ауқымды мүмкіндіктерге ие болғанымен, ахлақ пен руханияттың жоқтығынан оларды бұрыс, адамзатқа қарсы, атап айтқанда басқа елдердің халықтарын өлтіру үшін, жаппай қырып-жоятын қарулар мен басқаларға зиян келтіретін салаларда пайдаланды.  ИИР дұшпандарының экономикалық және ғылыми салалардағы санкциялары мен саяси қысымдарға қарамастан, өткен жылдары ғылым мен технология саласында үлкен жетістіктерге жетті. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл туралы: «Құдайға шүкір, біздің халқымыздың ғылымы мен зерттеу қабілеті әлемдегі орта деңгейден жоғары. Иранда ғылымның жаңғыруы басталған өткен 20 жылда ғылыми даму жылдамдықпен ілгерілеп, әлемдік бақылаушыларды таңғалдырды»,- деді. Кез келген мемлекеттегі ойшылдар, зерттеушілер мен мамандар санының артуы үлкен ғылыми қозғалыстарға себеп болады. Бүгінде Иранда әртүрлі салаларда білім алып жүрген 3 800 000 студенттен басқа миллиондаған жоғары білімді маман әртүрлі салаларда елге қызмет етуде. Ғылыми олимпиадалардағы жеңістер бір елдің жасөспірімдері мен оқушыларының ғылыми деңгейінің факторы саналады. Өткен 30 жылда Иранның дарынды оқушылары әлемдік олимпиадалардың әртүрлі салаларында 700 медаль алып, қиын ғылыми сынақтарда әлемнің бірінші 10 елінің қатарында болды. Нанотехнология – көптеген салаларда қолданылатын заманауи ғылым. ИИР бұл ғылым саласында әлем бойында төртінші орында орналасқан. Ирандық мамандар осы күнге дейін нанотехнологияны қолданып, 420-дан астам қажет өнім шығарып, оларды әлемнің 47 мемлекетіне экспорттайды.  ИИР-ның медицина саласындағы жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай.  Иранда халыққа ұсынатын емдеу қызметінің артуымен бірге, түрлі күрделі операциялар,  органдарды трансплантациялау және озық медициналық құралдарды әзірлеу секілді жұмыстар жүргізілуде. Ирандық ғалымдар мен мамандар діңгекті жасушалар мен ем-дәрменнің әртүрлі тәсілін пайдаланып, тіпті емделуден үміт үзген науқастарға көмектесіп жатыр.

Ирандағы ғылыми жетістіктер

پیشرفت های علمی ایران

 

Ғарышқа жерсерігін ұшыру замануи технологияларды қажет етеді. Иран – Батыс Азия аймағында жергілікті жерсерігін жасай алатын жалғыз мемлекет; ғарышқа жер серігін жібере алатын 11-ші мемлекет.  Бұл елдің бірінші жерсерігі ғарышқа 2009 жылы ұшырылды. Иранды бұл технологияға ие санаулы елдердің қатарына енгізген елдің ғылым мен технология саласындағы келесі жетістігі  – ядролық отын өндіретін толық желіге ие болуы.  Ирандық ғалымдар бұл жаңа технологияны бейбіт мақсатта пайдаланып, энергетика, медицина, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларында  маңызды жетістіктерге қол жеткізді.  Иранды қорғау саласында да бұл елдің революцияшыл мамандары әртүрлі зымырандар, ұшқышсыз ұшақтар, эсминецтер мен басқа да заманауи құрал-жабдықтар шығарды.

 

Әртүрлі санкциялар мен қысымдарға қарамастан қысқа уақытта ғылыми және технологиялық үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенімен исламдық серпінді өркениет құру үшін талпыныстарды арттыру қажет. Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл жағдайды түсініп, «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Ең маңызды ғылыми салаларда білімнің қазіргі деңгейін көтеруіміз керек. Біз әрекетті бастап, алға жылдам ілгерілей түсеміз. Бірақ, өткен кезеңдегі артқа қалушылықтың орнын толтыру үшін жылдамдық жылдар бойы жалғасуы қажет»,- деп қуаттады.                                                                                                     

 

                                                                                                                                                                                                                                                   

 

Тегтер