Қасиетті қорғаныс соғысының қолбасшылары 1
Қасиетті қорғаныс тарихы жастарды мақтан тұтады. Қасиетті қорғаныс жылдарында ИИР-ның ержүрек және жанкеш жастары ерлік жасады. Ирактың БААС режимінің рақымсыз шабуылына қарсы тұрған Исламның жанкеш жауынгерлерінің кейбіреулерімен таныстырамыз.
Ирактың БААС режимінің кескілескен шабуылына қарсы тұрған ирандық ержүрек жауынгерлердің қасиетті қорғанысының тарихы өз жастарын мақтан тұтады. Батыл және жанкеш жастар ИИР-ның қасиетті қорғанысының тағыдыры мен тарихын анықтап, 20 жастан енді асқан шақтарында соғыстың алғашқы тәжірибесінде таңғалдыратын ерлік жасады. Жастар соғыстың операцияларын басқаруды өз мойндарына алып, үлкен жеңістерге жеткізді.
Таңылған соғыстың басталу күні мен бұл күндерге байланысты "Қасиетті қорғаныс апталығы" Ирактың БААС режимінің шабуылына қарсы тұрып, отаны мен жерін қорғаған Иранның қасиетті қорғаныс соғысының жас қолбасшыларымен таныстыру үшін ең жақсы сылтау болар.
Мұхаммад Ибрахим Хеммат хиджри-шамси күнтізбесінің 1334 жылдың 12 фарвардинінде (1955ж.) Исфаһан облысының Шаһреза қаласында дүниеге келді. Мектеп білімін туған қаласында алып, 1352 жылы (1973ж.) орта білім туралы бағалары жоғары аттестатын алып, Исфаһан университетіне түсті. Мұхаммад Ибрахим Хеммат жоғары оқу орының аяқтап, әскери қызметіне кетеді. Бұл кезеңде шах режиміне қарсы кейбір революцияшыл жастармен танысады. Хеммат әскери қызметінен кейін туып-өскен жеріне оралып, сабақ беруге кіріседі. Сол кезде бірқатар революцияшыл діндар адамдармен қатынас орнатып, солар арқылы имам Хомейнимен танысады. Бірте-бірте шах режиміне қарсы күрес кеңейіп, ол режимге қарсы митингілер ұйымдастыру, үнпарақтар тарату, САВАК-ты ыдырату туралы қарар бекіту және басқа мыңдаған жұмыстарды жобалап, іске асырумен айналысты. Мұхаммад Ибрахим Ирактың Иранға қарсы соғысы басталсымен соғыс майдандарына қатысты. Шәһид Хеммат басқарған ең маңызды операциялары мен атқарған міндеттері ретінде Сақшылар корпусы қолбасшысының бұйрығымен Ходж Ахмад Мотавасалианмен бірге "Мұхаммад Расулалла (с.ғ.с.)" бригадасын құру, "Фатх әл Мубин" операциясының бір бөлігін басқару, "Мұхаммад Расулалла (с.ғ.с.)" бригадасы қолбасшысының орынбасары болып жүріп, "Бейт әл-Мұқаддас" деп аталған операцияны басқару, "Мүслім бен Ақил" операциясы кезінде "Зафар" базасына жауапты болу, "Валфаджр" операциясында "Қадір" деп аталған 11-ші корпусты және "Хейбар" әрекетін басқару сынды міндеттерін атап кетуге болады. "Қадір" деп аталған 11-ші корпустың құрамында 27-ші "хазірет Расул (с.ғ.с.)", 31-ші "Ашура", 5-ші "Наср" бөлімі мен 10-шы "Сейед әл-Шуһада" бригадасы болды.
*********************************
Байланысшы телефонды Хемматтың қолына беріп: "Сізбен ісі бар",- деді. Хеммат телефонды алып: "Хемматпын, тыңдап тұрмын",- деп жауап берді. Дәл сол сәтте граната атқыштың дыбысы естілді. Байланысшы қайтадан қорықты. Осыған дейін бірнеше рет граната атқыштың дыбысы оның жаның ұшырды. Граната біраз алыстау жарылды. Жарылыстың қорқынышты дыбысы байланысшының құлағының перделерін шайқады және жарылыс толқынынан жер бесік тәрізді дірілдеді. Қопарылған жер гранатаның ыстық бөлшектерімен екеуінің үстін жапты. Мұның барлығы көзді ашып-жұмғанша орын алды. Хеммат орнына тұрмай, күлімдеп байланысшыға қарап, сұхбатын жалғастырады. Байланысшы жерде екі құлағын қолдарымен мықтап жауап жатыр еді. Шаң-тозаң басылған соң, Хемматты есіне алып, орнынан тұрады. Хеммат оған қараған кезде, ұялғанынан басын төмен түсіріп, ойға кетеді. Ол өзінің қорыққаны және Хемматтың батылдығы туралы ойлады. Ол қорқынышты өзінен алыстатуға талпынды, бірақ нәтижеге жетпеді. Граната атқыштың гүрілдеген дыбысын естіген кезде, ол өзін-өзі қадағалай алмайтын жағдайға түседі. Тізелері дірілдеп, жүрегі жиі қағып, өзі жерге жата қалады.
Байланысшы өз қорқынышын жеңу үшін көп талпынды, бірақ еш уақытта бұл сезімінен айыра алмады. Далада қараңғыда намаз оқып тұрған Хемматты көрді. Жалғыздықтың қорқынышы оңай нәрсе емес. Ол Хемматтың қасынан өтіп, бұл қорқынышқа төзіп, таң атқанша шыдады. Бірақ сонда да қорқынышын жеңе алмады. Ол бұл мәселемен Хемматпен бөлісу шешім қабылдады. Алайда айтқысы келген сайын, ұяты рұқсат етпеді. Ол өз жағдайынан шаршады. Біраз жүріп, Хемматтан: «Мен неге қорқамын? Сіз неге қорықпайсыз? Мен қорықпауға көп талпындым. Бірақ, менің қолымда емес. Адам жүрегінің жиі қағысының алдын ала алады ма? Жүзіне сарығайма деп айта алады ма? Мен еріксіз жерге жата қаламын, өзімді қадағалай алмаймын..»,- деді. Байланысшы сөзін аяқтамастан бұрын біраздан бері бұл мұрсатты күткен Хеммат қолың иығына қойып, күлімдеп, мейірімімен: «Мен де бір кезде өзіңдей болдым. Менің ойымда да осы сұрақтар жүрді. Бірақ кейін имам Хомейни бүкіл сұрақтарымның жауабын берді»,- деді. Байланысшы: «Имам, сіздің сұрақтарыңыздың жауабын берді ме?»- деп сұрады таңғалып. Хеммат: «Иә, имам Хомейни!»- деді. Хеммат әңгімесін жалғастырып: «Революцияның алғашқы кезеңі, әлі соғыс басталмаған еді. Күндердің бірінде қаламыздың бірнеше жасымен Джамаранға барып, имамды көргіміз келетіні туралы айттық. Аз адам болдық. Имамның айналасында отырып, насихаттарың тыңдадық. Бір кезде терезе соғылып, бөлменің терезелерінің бірі сынды. Бұл күтпеген дыбыстан, имамнан басқа отырғандардың барлығы орындарынан тұрды. Имам сұхбатын тоқтатпай, ақырын басын терезеге қарай бұрды. Кейінірек имамның сұхбаттары аяқталмай, азаңның дауысы естілді. Имам сол сәтте сөзін аяқтап, орынынан тұрып кетті. Дәл сол жерде бүкіл адамдардың қорқатынын түсіндім. Өйткені расында сол күні барлығымыз қорықтық. Имам да қорықты. Бірақ имам намаздың уақытанан кешігіп қалатынан қорықты, біз терезеңің сыңған дыбысынан. Имам Алладан қорықты, біз Алладан басқадан. Сол жерде Алладан шынайы қорқатын адамның еш уақытта Алладан басқадан қорықпайтынын түсіндім»,- деді. Байланысшы Хемматтың сөздерін тыңдап, олар туралы ойланды. Хеммат намаз кезінде тізесін бүгіп, қорыққаннан жаның қиғысы келетіндей жылайтын. Бірақ бомбалардың жарылыстарынан қорықпады.
Ирандық ержүрек және жанкеш жас қолбасшы Мұхаммад Ибрахим Хеммат қажы хиджри-шамси күнтізбесінің 1362 жылының 17 эсфандында (1983 ж.) «Хейбар» операциясы кезінде майданның жағлайын анықтау үшін майданның алғы шебіне кеткен кезде орынбасары Акбар Раджаджимен бірге зеңбірік оғынан шәһид болды. Мұхаммад Ибрахим Хеммат қажы туған жерінде жерленді.