Хазірет Фатима (ғ.с.) (7) «Пәк шежіре» аяты
(last modified Tue, 21 Jan 2020 16:21:40 GMT )
Қаң 21, 2020 22:21 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (7)     «Пәк шежіре» аяты

Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) арналған аза күндеріне орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып, бұл қадірлі бануға қатысты Құран сүрелері мен аяттарының тәпсірін ұсынамыз.


 

Бүгін «Ибраһим» сүресінің 24-25 аяттарына тоқталамыз. Бұл аяттағы «пәк шежіренің» ерекше дәлелі – Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті, мәйегі – хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.).  Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің 24-25 аяттарында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді. Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша әр уақыт жеміс  береді. Алла  Тағала адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді»,- деді.

Рауаяттардың көбінде «пәк шежіре», яғни  Пайғамбар (с.ғ.с.), хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.) және олардың перзенттері екені айтылды. Салам бен Мостенир: «Имам Бақерден (ғ.с.) Алланың «тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді. Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша әр уақыт жеміс береді» деген сөзі туралы сұрақ қойдым. Имам Бақер (ғ.с.): «Ағаш – Алла елшісі. Хазіреттің Хашим әулетіндегі тамыры мықты. Ағаштың діңі – хазірет Әли (ғ.с.), тамыры – хазірет Фатима (ғ.с.), бұтақтары – пәк имамдар (ғ.с.), жапырақтары – шиіттер. Шиіттердің бірі қайтыс болған кезде бір жапырағы түседі. Шиіт отбасында бала дүниеге келген кезде ағашқа бір жапырақ қосылады»,- деп жауап берді»,- деп есіне алатын.

 

 

 

 

 

Тегтер