Хазірет Фатима (ғ.с.) (12) «Заһра» есімі
(last modified Sun, 26 Jan 2020 14:26:05 GMT )
Қаң 26, 2020 20:26 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (12)  «Заһра» есімі

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аудартамыз. Бүгін Алла елшісінің қадірлі қызының «Заһра» есіміне тоқталамыз.

 

«Заһра» – хазірет Фатиманың (ғ.с.) танымал аттарының бірі. «Заһра», яғни жарқыраған, нұрланған. Джабер имам Хусейннің (ғ.с.): «Алла Тағала Фатиманы (ғ.с.) өзінің айбын нұрынан жаратты. Фатима жарқыраған кезде жер мен аспан  нұрланды. Періштелер көздері нұрланып, Жаратушыға сәжде жасап, таңғалып: «Уа, Алла! Бұл қандай нұр?»- сұраған кезде: «Бұл менің нұрларымның бірі. Аспаннан оған орын беріп, пайғамбар арқылы жерде дүниеге әкелдім. Оны басқа пайғамбарлардан артық еттім. Оның нұрынан пәк имамдар дүниеге келіп, менің бұйрықтарымды іске асырып, дұрыс жолға нұсқады. Олар жердегі менің орынбасарларым»,- деп жауап берді. Имам Садық (ғ.с.): «Хазірет Фатиманы (ғ.с.) «Заһра» деп атауының себебі жаннатта оған қызыл лағыл тастан жасалған орын сыйға беріледі. Жәннаттағылар бұл жерді аспанда жарқыраған жұлдыздай көріп, бір-біріне: «Бұл жер Фатиманың (ғ.с.) жері» деп айтады»,- деді. Тағы бір рауаятында имам Садық (ғ.с.): «Михрабта тұрған кезінде жұлдыздар жердегілер үшін жарқырағандай одан аспандағылар үшін нұр жарқырайды»,- деп сипаттады.

 

 

 

Тегтер