Хазірет Фатима (ғ.с.) (16) «Мәрзия» есімі
(last modified Tue, 28 Jan 2020 14:02:29 GMT )
Қаң 28, 2020 20:02 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (16)  «Мәрзия» есімі

Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтіп жатыр. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аудартамыз. Бүгін Алла елшісінің қадірлі қызының «Мәрзия» есіміне тоқталамыз.

 

 

 

Мәрзия – хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) келесі есімдерінің бірі. «Мәрзия», яғни Алла үнемі амалына риза адам. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) әр амалы илаһи қалауға сай болғандықтан, хазірет бір адамның өзіне немесе ісіне риза болса, Алланың ризалығына себеп болады. Егер Фатима (ғ.с.) бір адамға немесе оның ісіне риза болмаса, сол адам Алланы да наразы еткені.  Алла елшісі: «Фатиманы наразы еткен адам мені наразы еткені, ал мені наразы еткен адам Алланы наразы еткені»,- деген. «Ахзаб» сүресінің 57-ші аятында: «Расында Аллаға, Елшісіне реніш бергендер, соларға дүние, ақыретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады»,- деп айтылған. Иә, Алла Фатима (ғ.с.) наразы болса, наразы болады, Фатима (ғ.с.) риза болса, қуанады. Сондықтан ол «Фаджр» сүресінің 27-30 аяттарында Алла Тағала былай деді: «Әй, орныққан нәпсі! Раббыңа Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір!»  

 

 

 

Тегтер