Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні
(last modified Wed, 29 Jan 2020 14:18:19 GMT )
Қаң 29, 2020 20:18 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні

Мәдине халқының Пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеден озуының уайым-қайғысы әлі басылмаған еді. Қалада тағы бір қайғылы хабар таралды. Бұл жолы хазіреттің сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) дүние салды.

Мәдине Исламның ұлық пайғамбарынан айырылып, қара жамылды. Алла елшісінің бос орыны аспан мен жерді қайғыға бөледі. Сахабалары иманы мен ықыласына қарай Алла елшісінің жоқтығын сезіп, қайғыға батты. Бірақ уайым-қайғының орталығы Пайғамбардың қызының үйі болды. Пайғамбар қызы Фатима-Заһраны "әкесінің анасы", "жан-тәнімнің бөлігі" деп атаған. Заһра бала кезінен әкесінің басынан сипап, хазіреттің көз жасын сүртетін. Хазірет жаннаттың иісін сағынған сайын қызын иіскейтін. Сөйткен Фатима-Заһра (ғ.с.) енді күн сайын ауырлай түскен уайымға батты. Бұл қасіретті ешнәрсе жұбата алмады. Фатима-Заһра (ғ.с.) әкесіне қосылғысы келді. Әкесінен айырылуының қасіретін исламдық қоғамдағы қайшылықтар мен бұрмаланушылықтар одан сайын ауырлатты. Хазірет Фатима (ғ.с.) Пайғамбардың өзі рұқсат сұрап кіретін үйде өмір сүрді. Бірақ Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін бұл үйге басып-кіріп, оның тұрғындарына тіл тигізіліп, қоқан-лоққы көрсетілді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) соның салдарынан төсек тартып жатып қалды. Ол жұбайы имам Әлиге (ғ.с.) түнделетіп, белгісіз жерге жерлеуді өсиет етті. Бұл шешім қоғамның бұрмаланушылықтарына наразылық білдіру болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) дүние салар алдында су сұрап алып, вузу алып, кебінін киіп, құбылаға қарап отырып: "Уа, Алла, өлімді мен үшін сапардан оралған менің ғашығым секілді, мен оны жолына қарап күткендей жібере гөр. Уа, Алла! Рақымың мен мейіріміңді маған жібере гөр. Мәйітімді қасиетті мәйіттердің қасына, амалдарымды қабылдайтын амалдарыңның қатарында қабылда",- деп тіледі.  

Хиджри қамаридің 11 жылының джамади ас-сани айының 3 жұлдызы күні Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өзінен кейін мәңгі құндылықтарын қалдырып, дүниеден озды. Осы күнге орай әлемнің баршы мұсылмандарына, әсіресе Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастарына көңіл айтамыз.  

 

 

 

Алла елшісінің қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өмірі қысқа болды. Бар болғаны 18 жыл өмір сүрды. Бірақ бұл кезеңде оның өмірі әртүрлі салаларға әсерін тигізді. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) кейбір қадір-қасиеттеріне тоқталамыз.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) айқын қадір-қасиеттерінің бірі рухани жоғары деңгейі. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жаны мен тәні Аллаға деген махаббатымен араласып, әр сөзі мен ісі тек Алланың ризалығына шоғырланды. Хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) Алла жолында қызмет етуі қуантатын. Фатима (ғ.с.) әрқашан ең ауыр жағдайда әкесінің көмекшісі болды. Пайғамбар зорлық-зомбылық және мүшіріктермен күрескен кезде Фатима (ғ.с.) хазіреттің армандарын қорғады.

 Алла елшісі күндердің бірінде: "Фатимажан! Қандай тілегің бар? Жебірейіл қасымда тұр. Ол Алла тарапынан сенің бар тілегінді орындайтыны туралы хабар әкелді",- деді. Хазірет Фатима (ғ.с.): "Аллаға қызмет етуден алатын ләззәтім, мені барлық тілектен босатты. Алланың сұлулығы мен жақсылығының бақылаушысы болудан басқа тілегім жоқ",- деп жауап берді. Алла елшісі қызы туралы: "Аллаға деген иманы хазірет Фатиманың (ғ.с.) жүрегі мен рухына терең енгені сондай, ол ғибадат етуден басқа еш нәрсені ойламады. Ол михрабта тұрған кезде оның нұры аспандағы періштелер үшін жарқырайды. Алла Тағала періштелеріне: "Менің пендемді көрдіңдер ме! Ол менің алдымда намаз оқып тұр. Оның дене мүшелері дірілдеп, жан-тәнімен беріліп, ғибадат жасауда. Уа, періштелер! Фатиманың (ғ.с.) жақтастарын тозақ азабынан құтқаратыныма куә болыңдар",- деді. Бұл әдемі хадис барлық мұсылман әйелдер үшін Жаратушымен қатынас орнатудың жоғары әрі әдемі көрінісін көрсетеді. Сондықтан біз де хазіреттен үлгі алып, тәулігіміздің бір уақытын Алламен қатынас орнату үшін бөліп, әлем Жаратушысы туралы ойланып, Оны мадақтап, иманымызды нығайтуға талпынайық.

Терең ойға ие болған хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) надандыққа оралудың салдарларының қатері жөнінде мұсылмандарға ескерту жасаған Алла елшісінен кейінгі бірінші адам болды. Ол Құран мен Пайғамбар әулетін қоғамды дұрыс жол мен бақытқа қарай нұсқайтын негіз санап, мұсылмандардың тек жеңіске жету арқылы мақсаттарына жете алатынын білді.

 

 

Хазірет Фатима (ғ.с.) тарих бойы илаһи нұрды жеткізетін отбасы құрды. Егер хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) үйінің ішкі кеңістігіне шолу жасасақ, бұл мейірімді отбасының ең маңызды ерекшелігі Аллаға құлшылық ету екенін түсінеміз. Бұл қадір-қасиет жанұя мүшелерінің өзара қарым-қатынасынан анық көрінеді. Сондай-ақ, Ұлы Алланың бұл отбасының барлық мүшесін жақсы көретінін көрсетеді. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) үйінің кеңістігі Құранның жағымды дауысына бөленді. Перзенттері анасының намаз оқып, Жаратушысымен сырласатынын көреді. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) әр перзенті - тарих пен әлемді өзгертетін сәулет.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) отбасында надандық, ырымшылдық пен менмендіктің еш белгісі байқалмайды. Алла елшісінің қызы кемелдікке жету   ер немесе әйел болуға байланысты емес екенін, бұл  нығметтің Алла тарапынан  адамдардың болмысында қалыптасқанын көрсетті. Хазірет Фатима (ғ.с.) халық пен қоғам мәдениетінің деңгейін жоғары көтеруде маңызды рөл атқарды. Ол өзінің терең ойы және терең діни білімімен қоғамда жарқырап, ғылым, білім және ахлақ салаларында әйелдің жоғары деңгейге ие болу мүмкіндігін дәлелдеді.

Алла елшісінің сүйікті қызы хазірет Фатиманың (ғ.с.) өмірінің соңғы сәттері үлкен қайғыға толы болғанымен, ол Алламен сырласты. Асма: "Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) қолын аспанға жайып: "Уа, Алла! Исламның ұлық пайғамбарының құрметі мен маған, Әли мен Хасан және Хусейнге  деген махаббатына байланысты әкемнің үмбетінің күнәһарларын кешіріп,  оларды жаннатқа енгізе гөр",- деп сұрады.  

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.

 

 

Тегтер