Екі әлемнің теңдессіз бануы
Егер Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 42-ші аятында хазірет Мәриәмді өз ғасырының үздік әйелі ретінде таныстырса, хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) бүкіл жаратылған әлемдегі теңдессіз бануы деп атады.
Джамади ас-сани айының 20-шы жұлдызы күні ғарыштан Мекке жеріне жарқыраған нұр жауды. Бұл күні хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) жаратылған әлемге қадам басып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) мен хазіреттің өмірлік серігі хазірет Хадиджа қуаныш пен шаттыққа бөледі. Бұл сәтте Алла елшісінің үйне жәннәт жіберіліп, жер ерекше нұрмен жарқырады. Бұл күні Фатима (ғ.с.) хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) нұры дүниеге келді. Пайғамбар (с.ғ.с.) қуанып, сәбиді құшағына алып, маңдайынан сүйіп, тыныштыққа бөленген әдемі жүзін тамашалады. Фатима (ғ.с.) Алла елшісінің қуанышына себеп болды. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) дүниеге келуімен Алла Тағала хазіретке жаратылыстың қазынасын сый еткендей болды. Құранның айтуынша, Фатима (ғ.с.) Пайғамбар үшін Кәусар, шексіз жақсылық болды. Алла Тағала хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.): «Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал»,- деді. Бұл қысқа аяттар Пайғамбарды қатты үміттендірген аяттар болды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) дүниеге келіп, әлем әйелдерінің басшысы болып, оның перзенттері тауһид дінінің туын көтеріп, ахлақ пен адамгершіліктің шекараларын анықтады. Әлемнің ең таңдаулы әйелі хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) - сәлем! Пайғамбар үшін ең жақын адамға - сәлем! Кемел адамның айқын үлгісі саналатын хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) - сәлем!
Тарих бойында иманының нұры, ықыласы, адалдығы және пәктігімен әлемді безендіріп, дұрыс жолға нұсқайтын шырақты жарық ұстайтын адамдар болды. Бұл адамдардың арасында илаһи пайғамбарлар мен әулилерден басқа өздерінің рухани болмысымен әлемді нұрландырған әйелдер де болды. Мазахамның қызы, Перғауынның әйелі - Әсия, Имранның қызы - Мәриәм, Хуавайлед қызы - Хадиджа мен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қызы - хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.).
Хазірет Мәриәмнің анасы Ханна, мүмін және Алланың алдында нәзір мен дұға етуге сенімді болған әйел болды. Имранның жұбайы (Фақуза қызы Ханна): «Раббым! Ішімдегіні азат қылған түрде Саған арнадым, менен қабыл айла! Расында Сен өзің аса естуші, білушісің» деді. Сонда ол, қыз тапқан сәтте: «Раббым! Шынында мен қыз таптым» деді. Алла оның не тапқанын біледі. Ұл, қыздай емес. «Мен оның атын Мәриям қойдым. Оны да ұрпағын да шайтаннан Саған сиындырамын» деді. Сонда оны Раббы жақсы қабылдап, көркем өсірумен өсірді және оған Зәкерияны ие қылды». Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 37-ші аятында бұл ананың нәзірінің қабыл болғаны туралы хабарлайды. Хазірет Хадиджа да Фатимаға (ғ.с.) аяғы ауыр болған кезде, хазірет Мәриәмнің анасы сынды нәзір жасап: «Уа, Алла, мен құрсағымдағы баланы Өзіңе қызмет ету үшін азат еттім»,- деді. Яғни «өскен соң өмірінің соңына дейін мешіт пен дін үшін қызмет етіп, ғибадат жасаушылардың қатарына қосылу үшін босаттым». Сол кезде Пайғамбарға Жебрейіл Алла тарапынан келіп: «Хадиджаға айт: Бұл перзент менің таңдаулым, ол менің пендеп және имамардың (ғ.с.) анасы және мен оны тозақ отынан аман алып қалдым»,- деді.
Хазірет Фатима (ғ.с.) адамзат тарихында әйелдердің таза және қасиетті қозғалысының әдемі көрінісі. Расында хазірет Фатима (ғ.с.) - кемел адам. Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 42-ші аятында хазірет Мәриәмді өз ғасырының ең артық әйелі ретінде таныстырды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) айтуынша, жаратылған әлемнің ең артық әйелі. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мәриәмді хазірет Фатима-Заһрамен (ғ.с.) салыстырып: «Мәриәм өз ғасырының ең жақсы әйелі, бірақ Фатима (ғ.с.) екі әлемнің басынан соңына дейінгі ең жақсы бануы және ол михрабта ғибадат жасап тұрған кезде, пеіштелер оған сәлемін беріп: «Әй Мәриәм! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды»,- деді. («Әл-Имран» сүресі 42-ші аят).
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақаб аттарының бірі Мохадесе. Бұл лақаб аттын қойылуы хазірет Мәриәммен сөйлескендей, періштелердің аспаннан түсіп сөйлесуіне байланысты. Имам Джафар Садық (ғ.с.): "Фатиманы «Мохадасе» деп де атайды, өйткені аспаннан перштелер түсіп, хазірет Мәриәммен сөйлескендей хазірет Фатима-Заһрамен де сөйлескен. Пайғамбар қайтыс болған соң хазірет Фатима (ғ.с.) уайым-қайғыға батты. Жебрейіл келіп, әкесінің азасына көңіл айтып, Пайғамбардың Алланың алдында жоғары орыны және Алла елшісінің дүниеден озуынан кейінгі оқиға және оның қандай соққы әкелетінін хабарлады»,- деді. «Әл-Имран» сүресінің 45-ші аятында: «Сол уақытта періштелер: «Әй Мәриям! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса Мәриям ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді. Сондай-ақ бұл сүренің 42-ші аятында: «Сол уақытта періштелер: «Әй Мерйем! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды» деді. Сондықтан періштелердің хазірет Фатиманың (ғ.с.) қасына келуі толық қабылданатын жәйт»,- дегені айтылды.
Хазірет Мәриәм тоғыз жасында өзін ораза тұтып, күнделікті ғибадаттарын жасауға дайындады. Имам Бақердің (ғ.с.) айтуынша, ол намаз оқыған кезде нұры михрабты нұрландыратын. Құранда оның Алланың қарапайым пенделерінен болғаны жөнінде айтылды.
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өзінің қысқа өмірінде ғибадат жасап, намаз бен дұғаны көп оқығаны туралы барша білетін. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы болғандықтан емес, өзінің көптеген ғибадатымен құлшылығымен жоғары дәрежеге жетті. Хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға құлшылық етуге ғашық болды. Күндердің бірінде Алла елшісі: «Қызым, Алладан қалағанынды сұра. Жебрейіл Алланың тарапынан орындауды уәде етті»,- деген кезде, хазірет Фатима (ғ.с.): «Аллағы құлшылық етуден басқа тілегім жоқ»,- деп жауап берді. Хасан Басри хазірет Фатима (ғ.с.) туралы: «Пайғамбардың қызы михрабта аяқтары іскенше ғибадат жасап тұратын»,- деген болатын. Хазірет Әли (ғ.с.): «Екеуіміз үйленген кеште, Фатиманың алаңдауын байқап, себебін сұрадым. Фатима: «Әлижан, өзім, қабір мен өмірімнің соңы туралы ойға кеттім. Бүгін әкемнің үйінен сіздің үйге келдім. Бір күні бұл үйден қабірге кетіп, қияметке қадам басамын. Алламен ант етемін, намаз оқып, бұл түнді де ғибадат жасап өткізейік»,- деді. Хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға құлшылық етуіне және сөзі мен ісінде шыншылдықтың үлгісіне жетуіне байланысты «Седдиқ» (адал және әділ) деп аталды.
Алла елшісі Фатимаға (ғ.с.): «Қызым, саған, сәлем берген адамды Алла Тағала кешіріп, жәннәтта менің қасыма жақындатады»,- деген болатын.
Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!