Ирандағы 37-ші сайлауына шолу
Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығында Иран халқы 37-ші рет дауыс беруге қатысты.
Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығында Иран халқы 37-ші рет дауыс беруге қатысып, Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымының депутаттарын сайлады. Бұл сайлауда Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымының 290 депутаты сайланды. 208 сайлау учаскесінің бесеуінде діни аз санды топтар, атап айтқанда еврейлер, християн армяндар, ашуры және зароустрлер Ислам Кеңесі Мәжілісіне өз өкілдерін сайлады.
Иранның Ислам революциясы әлемнің басқа революцияларынан өзгеше. Бұл революцияның ерекшеліктерінің бірі имам Хомейнидің айтуынша, 2500 жылдық патшалық жүйенің орнына халық дауыс беретін жүйенің орнатылуы болды. Ислам революциясының жеңісінен кейін 50 күннен кейін референдум өтіп, Иран халқының 98 пайызынан артығы Ислам республикасы жүйесіне дауыс берді. Ислам революциясынан бірнеше ай өтпей Конституция Хобрегон мәжілісі мен Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлаулары өтті. Ислам революциясының жылдығында барлық халық органдар, атап айтқанда Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Президент сайлауы өткізілді. Иран халқы әлемнің басқа революцияларынан өзгеше болып, революциясы жеңісінің басынан тікелей елді басқыраға қатысатын болды. ХХ ғасырдағы және оған дейінгі әлемнің барлық революцияларында сайлау туралы айтылмады және революцияның басшылары елдің істеріне байланысты өмір бойы шешім қабылдаушы деп санады. Бірақ Иранның Ислам революциясында оның ішкі және сыртқы дұшпандарының қастандықтарына қарамастан революция басшылары сайлауды тоқтапай, халықтың елді басқаруға қатысуын қамтамасыз етті. Тіпті Иранның сайланған алғашқы президенті Бани Садр 14 айдан кейін Ислам революциясының дұшпандарының бірі Мұнафеқин лаңкестік ұйымының басшысы Масуд Раджабимен елден қашқан кезде де Иран халқы 1360 жылдың мордад айында қайтадан дауыс беруге қатысты. ИИР екінші президенті Мұхаммадәли Раджаи де сайлаудан екі айдан кейін премьер-министрі Мұхаммад Джаыад Бахонармен бірге Маджахеддин халықтың мүшелерінің бірімен террор етіліп, шәһид болды. Бірақ Иран халқы революция жолын жалғастырып, аятолла Хаменеиді үшінші президенті ретінде сайлады. Өткен 41 жылда ешбір оқиға ИИР-дағы сайлаудың кейінгі қалуына себеп болмады. 1990 жылдардағы сегіз жылдық қасиетті қорғаныс соғыс кезінде Иран қалалары Батыс пен Шығыс державалары мен олардың одақтастары берген Саддам режимінің зымырандармен бомбаланды. Ирак диктаторы Саддамның көптеегн қоқан-лоққыларына қарамастан, Иран халқы бомбалар мен зымырандардың астында әртүрлі қалаларда президенттік және парламенттік сайлауда дауыс беруге қатысып, өз президентң мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдерін сайлады.
ИИР-ның 37-ші сайлау ерекше жағдайда өтті. Иран халқы Ислам революциясының жеңіске жетуінен бері үнемі АҚШ-тың кегі және дұшпандылығымен бетпе-бет келді.Ислам революциясына дейінгі Иранның үстем режимі аймақтағы АҚШ-тың ең жақын одақтасы болды. Пехлеви патшалық режимінің құлуыИранды АҚШ-тың қол астынан шығарып, АҚШ пен заңсыз құрылған Израиль режимінң аймақтық саясаттарынан босатты. АҚШ үкіметтері еш уақытта Ирандағы күрделі өзгерістер мен Ислам революциясының жеңісін түсінгісі келмеді. Иран халқы өз тағдырын өз қолына алып, үстемшіл әрі қылмыскер режимді құлатты. АҚШ үкіметтері өздерініңдемократияны қолдау жөніндегі ұрандарына қайшы Иранға қарсы дұшпандық саясатты ұстанды. Осыған байланысты олар ИИР-на қарсы кез-келген саяси, экономикалық, әскери, психологиялық және БАҚ соғысын қолдады және осы кезге дейін қолдап келеді. АҚШ үкіметі соңғы 41 жыл ішінде Иран халқына қарсы барлық саяси, экономикалық, әскери, психологиялық және БАҚ құралдарын қолданды. АҚШ-тың Иран халқына қарсы жасаған соңғы қылмыстық әрекеті аймақтағы лаңкестікпен күрескен үлкен стратег әрі қолбасшы Ғасем Солейманиды террор етуі болды. Негізінде АҚШ өткен 40 жылда Иран халқы мен бұл елдегі Ислам республикасы діни халық демократяисы жүйесімен соғысып келеді. АҚШ Иран халқының ең үлкен дұшпаны және Ислам революциясының көсемі АҚШ-тың «үлкен шайтан» деп атаған. АҚШ үкіметінің ИИР-на қарсы қолданған ең маңызды құралдарының бірі экономикалық санкциялар болды. Билік басына Дональд Трамп үкіметі келгеннен бері АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық, саяси және психологиялық соғысы күшейді. АҚШ Президенті ИИР-на қарсы бұрын-сонды болмағана залым экономикалық санкциялары іске асыруда. АҚШ үкіметі өз санкцияларымен басқа елдердің Иранмен сауда қарым-қатынас жүргізулерінің алдын алып отыр. Тіпті дәрі-дәрмек пен азықтың енуіне тыйым салды. Әлемдегі көптеген компаниялар АҚШ-тың қайталама санкцияларына ұшырамас үшін ИИР-мен экономикалық, қаржылық және сауда қатынасын тоқтатты. АҚШ үкіметінің бұл өрескел санкцияларының мақсаты - Иран халқын тізе бүктіру және Иран халқы мен ел үкіметі арасында қайшылық тудыру. Иранмен келіссөздер жүргізуге және санкцияларды алып тастауға алғышарттар белгілеп, АҚШ үкіметі Иранға өз талаптарын қоюға және Иранды Ислам революциясына дейінгі АҚШ-қа тәуелді мемлекетке айналдырғысы келеді.
Трамптың қызметінен босатылған ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон ИИР-ның үкіметін өзгерту және құлату үшін санкциялардың мақсатын нақты айтты. Болтон бірнеше рет Мұнафеқин ұйымының Маджаһеддин халқ деп аталатын террористік және қылмыстық топтарының бірінің жиналыстарына қатысты. Бұл ұйым шамамен 17000 ирандықты террор етіп, өлтірді. Мұнафеқин тобы Саддам режимінің сарбаздарымен бірге ИИР-на қарсы әшкере соғысқан. АҚШ шенеуніктері Ислам республикасының демократиялық жүйесін құлату туралы ашық айтады. Иран халқы Иранның саяси оқиғалары сахнасына белсенді қатысады. Иран халқы 2018 жылдан бастап, АҚШ санкцияларының жаңа кезеңінен бастап ауыр экономикалық жағдайға тап болды. Халықтың сатып алу қабілеті күрт төмендеді. Көптеген дәрі-дәрмектерге қол жеткізу қиын болды. Халық бұл қысымдарға қарсыласу және табандылықпен жауап қайтарды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Али Хаменеидің жол картасы АҚШ-тың кекшілігіне қарсыласуға көмектесті. Иран халқы өткен үш айда үш рет жүйе мен елін қолдауға қатысты. Бірінші рет шәһид сардар Ғасем Солейманимен қоштасу және жерлеу рәсіміне жаппай қатысып, АҚШ-тың Сақшылар корпусының Ирактағы АҚШ базасына жасаған шабуылына жауап қайтара алмауына себеп болды. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың әскери базасы бірінші нысанаға алынды. Бірақ АҚШ-тың жауап қайтаруға батылы жетпеді. Иран халқының екінші әрекеті 22 баһманда Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығы арналған шеруге қатысуы болды. Үшінші рет Иран халқы АҚШ-тың мейілінше қысымына жауап ретінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шықырылымы сайлауына қатысты. Бұл сайлау Иранның Ислам революциясының сондай дамып, өз дұшпандарын тізе бүктіретіндей күш-қуатқа ие екенін және бұл кезеңнен өтетінін көрсетті.