Палестина - барлық діндер үшін қасиетті жер (2)
(last modified Sun, 01 Mar 2020 11:40:38 GMT )
Нау 01, 2020 17:40 Asia/Almaty
  • Палестина - барлық діндер үшін қасиетті жер (2)

Хазірет Мұса өз халқына: «Діни тағылымдары, халал мен харамы бар қасиетті Тәурат кітабын әкелдім. Алла бұл кітапта бағдарламаны ұсынып, сендерді оларды орындауға міндеттеді. Сондықтан оны алып, оған сай амал етіңдер»,- деді. Бірақ исраиль әулеті Мұса оларға қиын міндетті артты деген сылтаумен оларды орындаудан бас тартты.

 

Палестинаның тұрғындары ежелден еврейлер емес, қанахандық арабтар болған және олардың  бұл жерлерде басқа тайпалармен бірге өмір сүрген. Кейін филистимдіктердің қосылуымен бұл жерлер Палестина деген атауға ие болған. Филистимдіктер қанахандықтардың дінің  қабылдап, олардың пұттарына табынды. Олар жауынгер халық болып, дұшпандар Палестинаға шабуыл жасаған кезде, бұл жерлерді жақсы қорғап, сондықтан бұл ежерлер Палестина деген атаумен танымал болды. Хазірет Ибрахим Палестина жеріне еніп, монотеистік дінді таратты. Хазірет Ибрахим Меккеде Қағба салынған соң Бейт әл Мұқадаста Аллаға ғибадат ететін ғимарат салды, кейін ол хазірет Дәуітпен қайта жөнделді. Бұл қасиетті ғимарат әл-Ақса мешіті деп аталды. Бұл мешіт мұсылмандардың алғашқы құбыласы болды. сөйтіп, Қағба мұсылмандардың бірінші және әл-Ақса мешіті екінші кесенесі саналады.

Әл-Ақса мешіті

Хазірет Яқұб пен оның перзенттерінен шыққан исраиль әулеті сол кезде хазірет Мұсаның жақтастары болып, хазіретпен бірге Мысырдан Палестинаға қарай жолға шықты. Бұл жолда көптеген оқиғалар орын алды. Олар туралы тарихта және Құран Кәрімнің көптеген аяттарында айтылды. Мұса пайғамбар исраиль  халқы Құдайға иман келтіруі үшін көптеген белгілер мен кереметтер көрсеткен.  Құдайдың қалауымен Нілден өту  ең ғажайып оқиғалардың бірі болды. Исраиль әулеті үшін хазірет Мұсаның  келесі мұғжизасы Ніл өзенің өткеннен кейін орын алды. Құран Кәрімде  (Исраиль тайпасы Нілден өтіп, Сина даласына қадам басқан кезде хазірет Мұсадан су сұрады): «Сол уақытта хазірет Мұса қаумы үшін су тіледі. Сонда: “Таяғыңмен тасты ұр” дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзақылық қылып жүрмеңдер»,- деп айтылды. («Бақаре» сүресі, 60-шы аят). Бұл  нұрлы аятта Жаратушының қалауымен хазірет Мұса таяғын тасқа ұрған кезде, Исраиль әулетінің 12 тайпасы үшін 12 бұлақтың жер астынан сарқырайтыны  және әр тайпаның өз бұлағын таниты көрсетілді.

Сылтау іздеуші исраиль әулеті хазірет Мұсаға: «Уа, Мұса, сен бізді бұл далада жүргізіп қойдын. Бізді абадталған орынымыздан шығарып, көлеңкесі, ағашы, тамағы мен суы да жоқ далаға әкелдін»,- деді. Сол кезде тағы бір мұғжиза орын алды. Түс кезінде аспан бұлттанып, оларға көлеңке түсіріп, аптап күннен қорғады. Сондай-ақ аспаннан дәмді тағамдар түсті. Құран Кәрім «Бақаре» сүресінің 57-ші аятында былдай деп айтылды: «Үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. «Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды». Сөйтіп бұл аптап шөл далада Алланың тарапынан исраиль халқы үшін бұлақтар сарқырап, дәмді тағамдар мен көлеңке пайда болды. Бірақ бұл көптеген нығметтер мен әшкере мұғжиза қарамастан, олар күпірлік етіп, Аллаға иман келтірмей, сиырға табынуға бет бұрды.

Алла Тағала хазірет Мұсаға Тәуратты жіберуді уәде еткен болатын. Ол илаһи сөздерге ие болу үшін 30 күн халықтан бөлініп, Тұр тауына барып, алламен сырласуы керек. Хазірет Мұса Харунге халық жұмыстарын тапсырып, өзі Алламен сырласу үшін Тұр тауына кетті. Хазірет Мұса 30 күн тауда қалып, ораза тұтпақ болды. Бірақ халықты сынау үшін Алланың тарапынан бұл уәде орындалғанша қырық түн өтті. Хазірет Мұсаның уәдесін артқа шегініп, ол 30 күннен кейін оралмаған соң, исраиль тайпасы шайтанның түрткісімен  Самери деген адамға  алданды. Ол алтыннан сиыр жасап, халықты алдап, оған табынуға шақырды. Халық илаһи нығметтер мен хазірет Мұсаның ғажайыптарын ұмытып, Самеридің айналасына жиналып, пұтқа табынуға бет бұрды. Қырық күннен кейін Тұр тауында Алланың сөзі мен  10 қасиетті бұйырық жазылған жазба жеткен соң  хазірет Мұса қайтты. Хазірет исраиль тайпасының жағдайын көріп, ызаланды. Ол сиырды өртеп, күлін теңізге тастады. Самери де азап-қорлық көрді.

Хазірет Мұса бұл оқиға аяқталған соң өз халқына: «Діни тағылымдары, халал мен харамы бар қасиетті Тәурат кітабын әкелдім. Алла бұл кітапта бағдарламаны ұсынып, сендерді оларды орындауға міндеттеді. Сондықтан оны алып, оған сай амал етіңдер»,- деді. Бірақ исраиль әулеті Мұса оларға орындауы қиын міндетті артты деген сылтаумен қайтадан оларды орындаудан бас тартты. Сондықтан Алла періштелерін Тұр тауының үлкен тастарын олардың үстіне тастауға міндеттеді. Бұл оқиға «Бақаре» сүресінің 63-ші аятында баяндалды: «Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар” деген едік». Хазірет Мұса: «Алланың бұйырықтарын орындап, сиырға табынғандарын және басқа амалдарың үшін тәубе етсендер, азаптан құтыласындар. Әйтпесе азап көресіндер»,- деді.

Бірақ Мұса пайғамбардың қарғысы исраил халқының Палестинаның айналасындағы шөл далада қырық жыл   шарлауына себеп болды. Хазірет Мұса Алланың бұйрығымен Палестина жеріне аттану үшін өз халқына пұтқа табынушылықтан бас тартып, бір Құдайға иман келтіріп, бұл     қасиетті жерге қоныстануды бұйырды. Олар соғысудан қорқып, сылтау тауып, хазірет Мұсаға бағынбады. Бұл адамдардың ішінде тек екі адам Джошуа бин Нун және Халиб Ибн Джафна Аллаға иман келтіріп және илаһи уәделерді еске салып, Исраиль әулетін уәде етілген жерлерді жеңіп алуға жігерлендірді. Бірақ тайпалардың басқа басшылары өз сөздерімен дұшпанды жеңілмейтін қылып көрсетіп,  исраиль әулетін қорқытты. Олар әйелдер мен балаларды тұтқындау туралы айтты. Соңында исраиль тайпасы  еш уақытта соғысқа шықпайтындарын жариялап, хазірет Мұсаға: «Сенің өзің мен Құдайың оларға қарсы соғысқа барыңдар»,- деді. өз тайпасының әрекеттері мен илаһи бұйрықтарға бағынбауына наразы хазірет Мұса оларды қарғады. Алла да исраиль халқын 40 жыл бойы далада қаңғыртып, Бейт әл-Мұқадас жеріне енуден мақрұм етті.

Айта кететін жәйт, қазіргі Тәуратта да бұл дастанның маңызды бөлімдері айтылып: «Исраиль халқы хазірет Мұса мен Харунге: «Мысыр жерінде немесе далада өлуіміз керек еді. Алла неге бізді бұл шекараға әкелді»,- деп, нығметтерге күпірлік білдіріп, илаһи бұйрыққа бағынудан бас тартты.

 

Тегтер