Қасиетті қорғаныстың құндылықтары (3)
Ерлік - адам ішкі жан дүниесінде жатқан қасиеттердің бірі. Ол адамның қиын жағдайдағы жүрек күші мен табандылығын білдіреді.
Саддам режимі армиясына қарсы сегіз жылдық қорғаныс мен қарсыласу әлемдіктерге отанды қорғау ерлігі мен батылдығын көрсетті. Бұл ерлік пен батылдық әлемдегі азаттықты талап ететін қозғалыстар үшін үлгіге айналды. Ирандық жастар елі мен исламның үлкен революциясын қорғап, өмірлерін қиды. Иран халқы мен жастары өз ержүректілігімен дұшпанның қолында елінің тіпті бір бөлігін де қалдырмады. Ондаған мың ирандық жастар Ислам революциясының армандарын қорғау жолында ұмытылмайтын ерлік жасады.
Қасиетті қорғаныс дәуірі батылдық пен күреске толы. Қасиетті қорғаныстың жауынгері Реза Иранманеш: «Шәһид Әли Араб RPG ататын адамға көмектесу міндетке ие болған жасөпірім болды. Түнгі операцияға Әли Араб та қатысты. Әлидің арқа қоржынында көптеген оқ-дәрі, оның ішінде RPG оқтары болды. Операцияны дыбыссыз жүргізу керек еді. Барлық жауынгерлер жол бойы үнсіз қозғалды. Кенеттен жау қатарынан бірнеше рет оқ жаудырды. Олардың бірі Әлидің қоржынына тиді. Командир тез арада Әлидің жанына барып, одан дыбыс шығармауын өтінді. Бірнеше жауынгер Әлиге көмектескілері келді, бірақ операция әшкереленетін болғандықтан, Әли олардың алдын алып, жауынгерлер мен қолбасшыдан жолды жалғастыруды сұрады. Қоржыны өртеніп, ішіндегі оқтары жарылатын жағдайға жеткенімен, Әли дыбысын шығармады. Әлиді жалғыз қалдырудан басқа шара қалмады. Операция аяқталып, жолымызға қайтып оралған кезде Әлиде көрмедік. Оның бүкіл денесі өртеніп, тек өртенбейтін аяқ-киімі ғана қалған болатын»,- деді.
Иран халқының діні мен отаның қорғау ержүректілігі туралы хабар ел шекарасының ішінде қалмай, сыртқа таралды. Батыстың ақпарат империясының әлемдік қоғамдық пікірдің алдында ИИР жаман атты көрсету талпыныстарына қарамастан ирандық жастардың өз жерін қорғау кездегі батылдығы әлемдегі азаттық талап ететін қозғалыстар үшін үлгіге айналды. Иранға қарсы сегіз жылдық соғыс азат өмір сүру үшін жақындарынан айырылған Иран халқының бірлігіне себеп болды. Иран халқы иманына сүйеніп, дұшпанмен күресіп, әлемдікке батылдық пен жанкештілік сынды қасиеттерін көрсетті. Иранманеш келесі сөзінде: «Мен ұлы адамның шәһид болуы туралы айтқым келеді. Оның жасы он үштен аспаған және ол соғысқа қулықпен келген еді. Жауынгерлер операциясын орындау үшін түнде мина орнатылған жерден өтпек болды. 13 жасар жасөспірім Маджид Камали операцияға біге баруға сұранды, бірақ оған ешкім рұқсат бермеді. Ол өз еркімен ешкімге айтпай тікенді сымның үстіне жатқан. Ол қапты өзіңе орап, жауынгерлер бір-бірлеп оның үстінен өткен. Хабарсыз жауынгерлер, қап құмға толы болды деп ойлаған. Бірақ таң атқан кезде тікенді сымның үстінде Маджид Камалидің жыртылған дене бөлшектері көрінді. Ол ешкім түсінбесін және операциясы тоқтамасын деп тынысын алмай жатқан. Адам сенбейтін оқиға»,- деді. Соғыс кезінде мүмкіндіктер мен қару-жабдықтар маңызды рөл атқарады. Ал сегіз жылдық қорғаныс соғысы кезінде Иран халқының жеңісіне жауынгерлердің ержүректілігі себеп болды. Қазіргі кезде де Иран халқының батылдығы дұшпанның бұл елдің жеріне шабуыл жасау ойынан айырды.
Батылдық - адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі ретінде жауға қарсы тұру және қиындықтарға төзімділік білдіру болып табылады. Батылдықтың көптеген өлшемдері мен түрлері бар. Бір адам имам Хасаннан (ғ.с.): «Батылдық не?»- деп сұараған кезде, хазірет: «Қарсыластармен бетпе-бет келген және соғыс майданындағы табандылық»,- деп жауап берді.
Құранның кейбір аяттары батылдық туралы. «Әл-Имран» сүресінің 173-ші аятында Пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабаларының иманы мен батылдығы туралы айтылды. Ухуд соғысының соңында Меккеге бет алған Абусуфиянның әскері ойламаған жерде мұсылмандарға қайтадан шабуыл жасап, қалғандарының көзін жою шешім қабылдады. Бұл хабар Пайғамбарға (с.ғ.с.) жетіп, хазірет халықтың соғысқа қатысуға шақырды. Ухуд соғысында жарақат алғандардың барлығы шайқасқа дайындалып: «Біз үшін Алла жеткілікті»,- деді. Бұл батылдықты көрген мүшіріктер әскері шешімін өзгертіп, Меккеге қайтты. «Өздері соққы жегеннен кейін де Алла және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар сондай-ақ олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар. Оларға адамдар: «Сендер үшін ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар» деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да олар: «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие» деді». олар ержүректілігін көрсетіп, жеңілістің алдын алуымен бірге келешектегі жеңістердің негізін қалыптастырды және достарының жүректерінен сәтсіздікке ұшыраудың теріс әсерін алыстатып, Аллаға деген имандарымен үміт шырағының өшуіне жол бермеді. Олар келешек нәсілдер үшін ержүректілік пен батылдықтың әдемі үлгісіне айналды.