Аятолла Хаменеидің француз жастарына арналған хатына шолу (2)
(last modified Sat, 14 Nov 2020 09:24:20 GMT )
Қар 14, 2020 15:24 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің француз жастарына арналған хатына шолу (2)

Адам құқығы тақырыбы адамдардың құқыларын қорғаудын орнына билеп-төстеушілердің заңсыз мүдделерін қамтамасыз ететін және Батыстың, әсіресе АҚШ пен Еуроодақтың олармен келіспейтін елдерге қарсы құралға айналды.

 

Сөз бостандығы - бұл адамның маңызды және құнды құқықтары мен талаптарының бірі, бірақ егер дұрыс анықталмаса, бұл түсініспеушіліктер мен теріс пайдаланулар көптеген салдарларға себеп болуы мүмкін. Сондықтан сөз бостандығы туралы дұрыс білімге назар аудару және оның негіздері мен шектерін түсіндіру өте маңызды. Батыс өзінің қорлауын либералды демократиялық саясатты ұстану  және әлемдегі бір миллиардтан астам мұсылмандардың құндылықтарға тіл тигізе отыра, өз әрекеттерін ақтауға талпынуда. Франция үкіметі исламға қарсы дұшпандық ұстанымымен және илаһи діннің жақтастарының  қасиеттіліктеріне тіл тигізуімен   адамгершілік  пен азаматтық және адам құқығын сыйламайтынын көрсетті.

Еуропадағы исламофобия

Өкінішке қарай қазіргі кезде адам құқығы тақырыбы адамдардың құқыларын қорғаудын орнына билеп-төстеушілердің заңсыз мүдделерін қамтамасыз ететін және батыстың, әсіресе АҚШ пен Еуроодақтың олармен келіспейтін елдерге қарсы құралға айналды. Батыстың көзқарасынша, идеология, экономика жән саяси тұрғыдан олармен келіспеген және олардың мүдделерін қамтамасыз етпегендер дұшпан саналады. қазіргі уақыт «жұмсақ соғыс» кезеңі болғандықтан бұл үкіметтер әділет талап етуші қарсыластарын жою үшін адам құқығы мен демократияны қорғауды және терроризммен күресуді сылтауратып, соғыс майданына еніп, қарсыластарының болмысына нұқса келтіреді.

Дана басшы аятолла Хаменеидің Франция жастарына жолдаған хаты саналы ар-ожданды оятып, бұл  елдің жастарын және басқа батыстық жастарды ағартуға бағытталған. Аятолла  Хаменеи жастарға: «Өз президенттерінен неге Алла елшісіне (ғ.с.) тіл тигізуді қолдап, оны сөз бостандығы деп санайтыны туралы сұраңдар. Сөз бостандығы балағаттау мен тіл тигізу ме? Бұл ақымақ іс оны президент қылып сайлаған халықтың абыройымен санаспау емес пе?»- деген сұрақтарды қойды.     

Өзін азаттық пен демократияның бесігі санайтын Франция Ислам революциясы  жетекшісінің Франция жастарына арналған хаты басылып шыққаннан кейін бұл кісінің Instagram парақшасын жауып тастады. Қалай бұл үкімет өзіне зиян санайтын нәрселерге тыйым салады, ал басқа діндер құндылықтарына тіл тигізуге тыйым салмайды?

Сөз бостандығы -  адам құқықтарын жинақтауда қарастырылатын заңды бостандықтардың бір түрі. Халықаралық құжаттардағы сөз бостандығына берілген анықтамаларында басқа наным-сенімге тіл тигізуді ақтауға рұқсат берілмеген.   Сөз бостандығын сылтауратып, әлемдегі бір миллиардтан астам мұсылманның сезімдері мен наным-сенімдеріне нұқсан келтіру кез-келген қисынға ғана емес, сонымен қатар сөз бостандығын адам құқығы ретінде жариялайтын құжаттарға, конвенциялар мен шарттарға қайшы келеді. Мысалы, 1966 жылы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 196-бабының 3-тармағында сөз бостандығы ерекше құқықтар мен міндеттерді талап ететіндігі айқын көрсетілген. 1969 жылы АҚШ Адам құқықтары туралы конвенцияның 14-ші бөлімінің 3-ші тармағында армағында заңды бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған дұрыс емес немесе қорлаушы мәлімдемелер немесе пікірлер арқылы заңды бұқаралық ақпарат құралдары зиян шеккен адамдардың құқықтарын қорғайды. Франциядағы адам құқығын орғу туралы уәждері үнемі әшкере бұзылуда. 2004 жылы Францияда хиджаб киюге тыйым салатын заң бектілді. Бұл заңның бекітілуі алты миллионнна асқан Франция мұсылмандарына мектептер мен үкіметтік жерлерде хиджаб киюге тыйым салды.

Францияда хиджабқа тыйым салуға наразылық білдірілді

Францияның «Charlie Hebdo» порнографиялық журналын қолдауы және мейірім Пайғамбары хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) ашық түрде тіл тигізуі   Франциядағы исламофобияның тек хиджабпен ғана шектелмейтіндігін және бұл елдің үкіметтің саясаты мен бұқаралық ақпарат құралдары әрқашан мұсылмандарға деген жеккөрушілікті көрсетті. Мешіттер мен мұсылмандарға қарсы шабуылдар туралы хабарлар кең таралмайды. Мәселен, 2020 жылы 18 қазанда Эйфель мұнарасының жанында екі мұсылман әйелді нәсілшіл пышақтап тастаған кезде, бұл туралы   француз бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылмады. Сондай-ақ Бордо және Безье мешіттеріне жасалған шабуыл да аз көрініс тапты. Өзін бостандықтың бесігі деп санайтын және діндердің құндылықтарына тіл тигізуді сөз бостандығымен ақтайтын Франция, үкіметтің жеккөрінішті саясатын сынаушыларды шеттетеді. Мәселен, жақында үкіметтің мұсылмандарға деген қарым-қатынасын сынға алған Франциядағы зайырлылықты қадағалау жөніндегі комиссияның директоры Николас Каден үкімет басшыларының реакциясымен кездесіп, кейбіреулер оны отставкаға кетуге шақырды.

Әлемнің кез келген елі мен халқына қарсы кез келген террористік әрекет және ислам әлеміне қарсы қазіргі жағдайды теріс пайдалану айыпталуы керек. Француз үкіметі  адамгершілік қасиеттерін ескермей, ислам қоғамының қасиеттіліктеріне жасаған тіл тигізулерінің зияны  басқа террористік экстремистік әрекеттерден аз емес екенін білуі керек. Илаһи діндер құндылықтарына тіл тигізу террористердің әрекеттеріндей айыпталады. Негізінде, басқаларға жасалған зорлық-зомбылық пен себепсіз шабуыл айыпталады және илаһи діндердің ешқайсысы мұны құптамайды.

Қазіргі жағдай үшін басты жауапкершілік билікке жүктелетіні сөзсіз,  мұсылмандарды жұбатуға талпынудың, Charlie Hebdo сияқты басылымдардың пайдасыз әрекеттерінің алдын алудың орнына олардың дұшпандық ұстанымдарын табандылықпен талап етіп, мұсылмандардың сезімдерін қоздыруда. Бұл шаралар осы елдің экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені бұл елдің тауарларына қарсы кең таралған халықтық қозғалыстар бар. Франция президентінің сөзінен кейін «француз тауарларына эмбарго» хэштегі араб әлемінде трендке айналды. Кувейт, Катар, Иордания, Ирак және т.б. араб елдерінің көптеген дүкендерінде француз тауарларына тыйым салынды.   

Араб елдеріне Франция тауарларына эмбарго жарияланды

Исламофобияны сөз бостандығымен ақтап, мұсылмандардың сезімдерін түрткілеп отырған жағдайда бұл елдің үкіметі өзіне зиян келтіретіндей амал етуде. Бұл жағдайда эксремистер келесі жылы өтетін сайлаулардың алдында саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін лай суларда балық аулап, осы дауларды қоздырып,  оларды  пайдалануды көздеуде.  Осылайша, елдің әлеуметтік бірлігі мен азаматтық тыныштығы күн сайын төмендеп, қоғам діни шиеленіс  пен зорлық-зомбылыққа бет бұрады.

Батыс елдері демократия туралы уәждерімен әрқашан  адамдардың пікірлерін құрметтеу туралы  айтады, бірақ әлемдегі екі миллиардтан астам мұсылмандардың наным-сенімдеріне жараланғаны жөнінде ештеңе айтпайды. Сөз бостандығы, әрине, тіл тигізу бостандығы мен моральдық құндылықтарды жою еркіндігін білдірмейді. Егер солай болса, неге Франция басшылары Францияның ұлттық құндылықтарына тіл тигізіп,  Франция президентінің  мазақ еткені үшін бұл басылымды екі рет жапты?!!

 

 

Тегтер