«Мені Заһраның (ғ.с.) үйіне апар»
(last modified Fri, 15 Jan 2021 14:29:02 GMT )
Қаң 15, 2021 20:29 Asia/Almaty
  • «Мені  Заһраның (ғ.с.) үйіне апар»

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өмірінде қоғамның жалған дәстүрлерін бұзып, орнына жаңа құндылықтарды ұсынды.

 

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) ардақты қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өзінің қысқа өмірінде адамзат қоғамының кеңістігінде нұр сынды жарқырап, кемел адамның бүкіл мүмкіндіктерін көрсетті. Хазірет Фатима (ғ.с.)  әйелдің  ұлылығының көрінісі және Алланың жаратқан кереметтерінің бірі.

Ислам тағылымдарында әйел жаратылыс тіректерінің бірі ретінде көрсетілді. Бұл көзқарас бойынша әйелге маңызды ерекшелігі - оның нәзік рухы мен таза және адами сезімдері. Ол Алланың сұлулық, рақым және мейірімділік қасиеттерінің көрінісі. Ислам мәдениетінде әйелдер құрметтеліп, олардың адами мәртебесі мен құндылықтары бағаланады. Бұл көзқарас бойынша, адами құндылықтардың  ер адам немесе әйел болумен ешқандай байланысы жоқ. Кез келген әйел немесе ер адам өзінің жаратылуынан туындайтын міндеттерді орындайтын болса, мадаққа ие болады.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мадаққа ие және таңырқататын әйелдің үлгісі. Оның тұла бойында  бүкіл қадір-қасиеттер жинақталған. Алла елшісі ол туралы: «Мен жәннәтті сағынған кезде Фатиманы (ғ.с.) иіскеп, сүйемін»,- деген.

Хазірет Фатима-Заһра (с.ғ.) туралы көптеген кітаптар жазылған және олардың әрқайсысы Исламның  ұлы ханымының өмірін әр қырынан көрсетеді. Исмаил Мансури Лариджанидің «Мені Заһраның (ғ.с.) үйіне апар» кітабы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өміріне деген  заманауи көзқарасты ұсынады. Жазушы бұл кітабында хазірет Фатиманы (ғ.с.) кемел адамның үлгісі ретінде және Фатиманың (ғ.с.) нұрлы мектебіне барғысы келетінін көрсетті. «Заһра» жарқырау деген мағнаны білдіретін хазірет Фатиманың (ғ.с.) лақаб аттарының бірі. Кітаптың кіріспе бөлімінің бірінде: «Мені Заһраның (ғ.с.) үйіне апарыңдар, мен онымен бірге Алланың танығым және оның рукуһы мен сәждесіндегі ғибадаттың мағнасын түсінгім, сондай-ақ көздері жасқа толып, денесінің дірілдеуінің, намаз кезіндегі қарапайымдығының себебін білгім келеді. «Мені Заһраның (ғ.с.) үйіне апарыңдар, сонда менің дүниеден шаршаған көздерім ақиқатты көреді және оның сарқырамас бұлағында шаң-тозаңнан тазарамын. Жүректің қараңғы үйін жарықтандыру және біртүсті өмірді оның нұрына бөлеу үшін мені аһраның (ғ.с.) үйіне апарыңдар. Оның мейірімді қолдарын сүйіп, мейірімді рухының сәулесінен көру және сараңдық пен дүниеқоңыздықтан арылу үшін Заһраның (ғ.с.) үйіне апарыңдар. Оның білімі аясында надандықтан құтылуым және мөлдір Кәусар бұлағында немқұрайдылықтың шаңынан тазаруым үшін Заһраның (ғ.с.) үйіне апарыңдар. Әйелдердің қадір-қасиеті мен пәктігін тамашалап, әйелдердің қоғамдағы қатысуының мәнін білу үшін Заһраның (ғ.с.) үйіне апарыңдар. Фатима (ғ.с.) келіп, өз ұлылығының сырын тыңдауым үшін жүрегімді оның алдында ашық қойғым келеді»,- деп жазды.

Хазірет Фатима (ғ.с.) кемелді адам ретінде өзінің орны мен қадір-қасиетін жақсы білетін, сондықтан дүниелік шиеленістер ешқашан оның ұлы тұлғасын шайқалта алмады және оның негізгі міндеттеріне кедергі бола алмады. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) мектебінде өмірдің сабағын алған әйелдер өздерінің жаратылған мақсаты мен рөлін түсінеді.  Мансури Лариджани хазірет Заһраны (ғ.с.) Аллаға иман келтірген үлгі  ретінде таныстырып, былай деп жазады: «Хазірет Заһра (ғ.с.) Аллаға құлшылық етудін ғашығы. Күндердің бірі әкесі Алла елшісі: «Қызым, Алладан Жебрейіл арқылы сұрағанынды орындауды сұра»,- деді. хазірет Фатима (ғ.с.): «Аллаға жақындағанымнан алатын ләззатым, басқа нәрсені сұраудан бас тартқызады. Менің Алланың сұлулығының көрермені болудан басқа тілегім жоқ»,- деп жауап берді. Заһраның (ғ.с.) көзі мен жүрегі Аллаға деген махаббатқа толы. Біздің бір-бірімізден қашуымыздың себебі - біздің жүрегімізде Алланың болмауы. Алла жоқ жүрек бос болып, зорлық-зомбылық ұялап, тәртіпсіздік пен бүлік орын алады. Барлық моральдық және әлеуметтік дағдарыстардың түп-тамыры құдайсыз жүректерден. Осы себепті Заһра (ғ.с.) әрдайым Заһра (ғ.с.) және жарқын. Уақыт өткен сайын адамның Аллаға деген қажеттілігі күннен күнге арта түседі. Заһраның (ғ.с.) жүрегі – Алланың кең сарайы. Оның Кәусары сарқыраған мөлдір суымен жүректердің шөлін қандырады. Исламның ұлық пайғамбары: «Қызым – Алла жүрегін иман мен сенімге толтырған адам»,- деп айтқан.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) өмірінде қоғамның жалған дәстүрлерін бұзып, орнына жаңа құндылықтарды ұсынды. Хазірет Фатима (с.ғ.) тарихшылар мен ғалымдар исламға дейінгі Арабстанды адамзат құндылықтарынан ада және ырымшылдыққа негізделген  қоғам ретінде сипаттаған, сондай-ақ құнды әлеуметтік жүйені қалыптастыру үшін маңызды факторлар жетіспейтін қоғамда дүниеге келді. Ислам дінінің келуімен және соңғы илаһи елшінің  өз міндетін атқаруымен Алла елшісінің (с.ғ.с.) басшылығымен алғашқы исламдық қауым құрылды. Исламдық қоғамда Пайғамбар (с.ғ.с.) ерлер мен әйелдердің теңдігін жариялады, ал хазірет Заһра (ғ.с.) мұсылман әйелінің үлгісіне айналды, ал Заһраның (ғ.с.) үйі қайырымдылық үйі, білім үйі және тәрбие үйі деп аталды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)  қайырымдылық пен мейірімділік – отбасының   негізі деп біліп: «Сіздердің жақсыларыңыз - күйеулерімен жұмсақ әрі мейірімді адам және ең жақсы адамдар - әйелдеріне мейірімді және жомарт адамдар»,- деген болатын.

Алла елшісі (с.ғ.с.) науқастанып қалған кезде, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) әңгімелескеннен кейін жылады және күлді.  Хазірет Фатимадан (ғ.с.) оның жылуы мен күлуінің себебін сұраған кезде, ол: «Менің әкем дүниеден озғаннан кейін менің бірінші болып  қосылатыным туралы хабарлады. Мен бұл жаңалықты естігеніме өте қуаныштымын»,- деп жауап берді. Бірақ Пайғамбар (с.ғ.с.) дүние салған соң хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өз шәһид болғанша еш уақытта күлмеді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әкесінен (с.ғ.с.) кейін рауаяттар бойынша 75 немесе 95 күнді уайым-қайғыда өткізіп, шәһид болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) шәһид болған соң хазірет Әли (ғ.с.) қамқор серігінен айырылды. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өзін түнде жерлеуді және ешбір залымның оның жерлеуінен хабардар болмауын өсиет етті. Жазушы кітабының соңында: «Заһраның (ғ.с.) үйінде адам өзінің материалдық қоршауынан шықпаса, өмір шындығын таба алмайды.   Шәһид болу -  пәктік әулетінің сәні, Заһра (ғ.с.) Аллаға құлдылық етуді дүние тіршілігіне сатпайды және өмірін шәһид болумен аяқтайды. Дәл осы Захраның (ғ.с.) үйінде күрес пен әділеттілік көшбасшысы мен үшін мәнге ие болады, ал жанымның шөлінде шаһадат гүлі көктейді»,- деп назар аудартады.

 

Тегтер