Имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (15)
«Қасас» сүресінің 5-ші аяты: وَ نُرِیدُ أَنْ نَمُنَّ عَلَی الَّذِینَ اسْتُضْعِفُوا فِی الْأَرْضِ وَ نَجْعَلَهُمْ أَئِمَّةً وَ نَجْعَلَهُمُ الْوارِثِینَ
«Қасас» сүресінің 5-ші аяты: «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз»,- деп айтылды.
Бұл аят бүкіл еркін адамдар үшін жер бетінде шындықтың жалғандықты жеңетінін және соңында хазірет Мәһди (ғ.с.) келіп, әділ үкімет орнататынын, сондай-ақ езілгендердің күресі мен жиһадының көмегімен залымдар мен билеп-төстеушілер негізі жойылып, езілгендер өз ғиззатына ие болып, құтқарылатындары және әлемдік әділет билігі бүкіл ғаламға таралатынын хабарлайды. Бұл илаһи уәденің орындалуының мысалы ретінде Исраил ұрпақтарының билігі мен перғауындар билігінің құлдырауын айтуға болады. Мұның толығырақ мысалы ретінде Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) билігі кезіндегі бұрын үнемі өз заманының перғауындары келемеждеп, кемсіткен құлдардың билігін еске салуға болады. Алла осы топтың көмегімен залымдарды билік тағынан құлатып, үстемшілерді жояды.
Хазірет Әли (ғ.с.) «Қасас» сүресінің 5-ші аятының тәпсірінде: «Бұл топ Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінен. Алла Тағала оларға түскен ауыртпалық пен қысымнан кейін олардың Мәһдиін (ғ.с.) келтіріп, оларға құрметтеп, дұшпандарын қорлайды»,- деді. Имам Саджадтың (ғ.с.) хадистерінің бірінде де: «Алламен ант етемін, біздің ата-бабаларымыз – хазірет Мұса мен оның ізбасарлары сынды, ал біздің дұшпандарымыз бен олардың ізбасарлары - Перғауын мен оның ізбасарлары сияқты. Ақырында біз жеңіп, олар жойылады, шындық пен әділет үкіметі біздікі болады»,- деді.