Нау 29, 2021 07:41 Asia/Almaty
  • Қос мейрам: Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні және Наурыз

Бүгін, шағбан айының 11 жұлдызы, Наурыз мейрамының тоғызыншы күні - адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні! Наурыздан ұлылау мейрам келді. Бұл мейрам адамзат құтқарушысының туған күні!

 

Бүгін, шағбан айының 15 жұлдызы - адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні!  Наурыздан ұлылау мейрам келді. Бұл мейрам адамзат құтқарушысының туған күні!

 

Аббасидтердің залым билеушілері ұзақ уақыттан бері Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетінен шыққан Маһди атты адамның көтеріліп, зұлымдық сарайларын қирататынын бұрыннан білген. Сондықтан имам Джавадтың (ғ.с.) кезіңінен бастап пайғамбар әулетіне қысым мен қатаңдықтар күшейіп, имам Хасан Аскари (ғ.с.) кезінде шарықтау шегіне жетті. Имам өмір бойы Самарра қаласында бақылауға алынып,  халифат пікірінше, оның үйіне келіп-кеткен кез келген адам жасырын қалмайды. Олар тыңшыларға, бақылаушыларға және тіпті бала тудыратын әйелдерге имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) үйі мен отбасын бақылауды тапсырды, сөйтіп нәрестені дүниеге келтірмеуге талпынды. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дұшпандары Перғауынның саясаты мен әдісін ұстанды. Перғауынның жақтастары хазірет Мұсаны жоюды көздеп, Исраил әулетінің аяғы ауыр әйелдерін бақылауға алып, сәбилерін өлтірген. Бірақ Алла тағала хазірет Мұсаны қорғап, оның дүниеге келуін жасырды.

Мұндай жағдайда хазірет Мәһдидің (ғ.с.) тууын әшкерелеуге болмайтыны табиғи мәселе. Сондықтан хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келуіне бірнеше сағат қалғанша дейін имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) ең жақын туыстары баланы туатыны туралы білмеді. Өйткені хазіреттің анасының жүкті болуы ешкімнің көзіне көрінбеді.  

سَلَامٌ هِیَ حَتَّىٰ مَطْلَعِ الْفَجْر

Имам Джавадтың (ғ.с.) қызы әрі имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) апасы Хакима Хатун: «Шағбан айының ортасының түні ағамының баласы имам Хасан (ғ.с.) мені өз үйіне шақырып: «Алла Тағала бұл түні жердегі өзінің орынбасарын әшкерелейді»,- деді. Мен: «Алламен ант етемін Харджес Хатуннан аяғы ауыр болуының ешбір белгісі көрінбейді»,- дедім. Ол: «Жағдай мен айтқандай»,- деді. Хакиме Хатун: «Таң жақындады, Нарджес ұйқысынан оянып, мені көмекке шақырды. Мен «Қадр» сүресін оқуды бастадым, соңғы «Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады» деген аятқа жеткен кезде, сәби дүниеге келді. Оны матаға орап, имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) қасына апардым. «Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады» де. («Исра» сүресі, 81-ші аят).                     

Имам Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келуі ғана емес, оның өмірі де өзгеше болды. Әкесі (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін көп ұзамай хазірет ғайып болды. Әрине ғайып болуы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жер бетінде халықтың арасында болмауын және оның жағдайынан хабарсыз қалуын білдірмейді. Хазірет басқа адамдар сынды өмір сүріп, халықтың жағдайы мен амалынан толық хабардар.   

Хазірет Әли (ғ.с.) бұл салада: «Алламен ант етемін, адамдар бос күдіктенген ғайып кезеңінде Алланың елшісі олардың арасында және көше мен базарда қадам басады, олардың үйлерін аралайды, әлемнің Шығысы мен Батысына саяхат жасайды, олардың сөздерін тыңдап, жиындарына барып, амандасады»,- деді. Сондай-ақ имам Садықтың (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Имам Мәһди (ғ.с.) ғайып кезеңінің барлық жылдарында қажылыққа қатысуда. Хазірет қажыларды көреді, бірақ қажылар хазірет Мәһдиді (ғ.с.) көрмейді»,- деп айтылды.

 

 

 

«Тәубе» сүресінің 33-ші аятында: «Ол, елшісін туралық және хақ дінменен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшріктер жақтырмаса да»,- деп айтылды. Бұл аят баршамызға Ислам дінінің барлық діндерден басым болып, әлемнің түпкір-түпкірінде таралады деген хабарды жеткізеді. Әрине бұл мақсатқа жету үшін жаһандық заң, жаһандық басшы және жаһандық дайындық қажет. Уәде етілген хазірет Мәһди (ғ.с.) келгенше дейін әлем аяқталмайды.

 

Құран – жаһандық заң. Бұл кітап - бақытқа жол көрсететін ең толық заң және нұсқаулық. Бұл кітаптың жолында ешбір жалғандық жоқ. Екінші шарт – жаһандық басшы. Имам Мәһди (ғ.с.) жаһандық басшы. Адам өз ісін өзгерту үшін хазіреттің (ғ.с.) қажет етеді. Сондай-ақ үшінші шарт – хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуі мен әлемнің түпкір-түпкірінде әділеттің таралуы үшін жаһандық дайындық. Өкінішке қарай бұл шарт қазіргі кезде орындалмады. Басқаша айтқанда хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келмеуінің себебінің бірі - халықтың әлмде әділетті тарататын құтқарушының келуіне дайын болмауы. Адамның дайындығына рөл атқаратын факторлардың бірі - әлем халқының үстемшіл үкіметтердің билігінің әсерінен әділетсіздіктің ащшылығы мен адамзаттың өзі шығарған заңдардың әлсіздігі мен тиімсіздігін сезіну. Мұндай жағдайда оларды жаратушы құтқарушыға дайындайды. Мүмкін ДАИШ сияқты лаңкестік топтардың пайда болуы, кең таралған экономикалық проблемалар, су тасқыны мен жер сілкінісі, коронавирустың таралуы, илаһи құтқарушы мен басқарудың қажеттілігін түсіну үшін болар. Егер хазірет (ғ.с.) әлемнің оны күтуге  дайын болудан бұрын ғайып пердесінен шықса, дұшпандары қастық жасап, оны басқа имамдардың тағдыры сынды тағдыр күтеді. Нәтижесінде әділеттілікті орнату және зұлымдықты жою сынды адамзаттың ежелден күткен арманы жүзеге аспайды. Сондықтан, біз адамдар Алланың орынбасарының билігін қабылдауға дайын болуымыз керек.

 

Тегтер