Бірлік аптасы (2): Исламның ардақты пайғамбарының біріктіруші өмірі
(last modified Tue, 19 Oct 2021 21:45:05 GMT )
Қаз 20, 2021 03:45 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы (2): Исламның ардақты пайғамбарының біріктіруші өмірі

Кез келген халықтың ұлылығы мен даңқы олардың бірлігі мен ынтымағына байланысты.

 

Кез келген халықтың ұлылығы мен даңқы олардың бірлігі мен ынтымағына байланысты. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)  ислам қоғамының орталығына айналған сәттен бастап, бірлік сөзін бүкіл әлемде ұмытылмас етті. Алла елшісі (с.ғ.с.) нәсілдік кемсітушілік,  гегмония мен этностық алаулықты жойып, қоғамда жалпы мағынадағы бірлікті орнатты. Арабстанның надан қоғамы үкіметтік заңдар мен саяси нормалардың жоқтығынан дүрбелеңге және ыдырауға түсті. Осындай жағдайда Алла елшісі (с.ғ.с.) Медина қаласындағы тайпалар мен топтарды тиісті шаралармен өз қолдауына алды.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) діні адамдардың интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру үшін жоғары жоспарлары мен мақсаттарына ие болды. Бұл бағдарламалар тәртіпке салынған ұйымды және жақсы жазылған  кодексті орындауды талап етті. Егер пайғамбардың іс-әрекетінің ұқыптылығы, әдептілігі мен дәлдігі болмағанда, бәлкім, оның исламдық үкіметі қалаулы түрде жүзеге аспас еді.

Пайғамбар (с.ғ.с.) жолындағы кедергілердің бірі - сол кездегі қоғамда тәртіпке салынған құрылымның болмауы. Әр тайпа мен рудың өзіндік ережелері мен әдет-ғұрыптары және олардың арасында көптеген қайшылықтар мен айырмашылықтар болды. Мұндай жағдайда Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) жақсы есептелген тактикамен «мұсылман бауыры - мұсылман» деген заңды ұсыныс жасады.  Хазірет әлеуметтік бірлікті құру арқылы рулық және этникалық шекараны бұзды. Пайғамбардың бұл жоспары сол кездегі қоғамға көптеген әсер етті. Медина тұрғындары, яғни ансарлар Меккеден келгендер, мұхаджерлермен жылы қол алысты. Бұл қамқорлық пен бірлік сондай деңгейге жетіп, Медина халқы өз үйлерін  тастап келген мұхаджерлерді қаржылай қолдады.

Исламның алғашқы күндерінде мешіт ислам қоғамының бірлігі, адамдардың ынтымақтастығына сындарлы рөл атқарды. Бір қызығы, мешіт құрылысы кезінде бірлік, келісім мен халықтың жаппай қатысуы айқын көрінді. Барлық мұсылмандар құрылысқа және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қатысты. Тіпті Пайғамбар (с.ғ.с.) да басқа мұсылмандар сияқты айналадан тас тасыды.  Асир ибн Сафир алға шығып: «Уа, Алланың елшісі, маған тасты апаруға рұқсат етіңіз»,- деп сұрады. Хазірет: «Бар, басқа тасты ал»,- деді. Пайғамбардың бұл әрекеті басқаларды жігерлендірді. Мешіт - Алланың үйі, ғибадат орны, ислам үмбетін біріктіруші және ислам қоғамының көптеген мәселелерін  шешетін орталық. Ешбір дінде ғибадат орны мұндай маңызды рөл атқармаған. Пайғамбардың Мединадағы алғашқы әрекеті мешіт салу болды. Мешіт - мұсылмандардың күн сайын намазға жиналатын орны. Аптасына бір рет, жұма күні - олардың ең үлкен жиынға жиналатын орны.

Мәдинедегі Нәби мешіті

Исламның жарқыраған жұлдызы көкжиектен көтеріліп, Хиджазға тез тарала бастағанда, иудаизмді ұстанған Әбу Амр қатты абыржып,  Ус пен Хазрадж екіжүзділерімен саботаж жасау және адамдардың бірлігін үзу үшін шынайы ынтымақтастыққа кірісті. Ол достарына жазған хаттарының бірінде: «Құба ауылындағы мұсылмандар мешітінің алдында мешіт салып және мұсылмандардың рухани күшін төмендету үшін намаз кезінде оның ішінде жиналыңдар. Содан кейін, парызды өтеуді сылтауратып, исламды қалай жеңуге болатынын айтыңдар»,- деп жазды. Пайғамбар Табукқа бара жатқанда, екіжүзді партияның өкілдері хазіреттің қасына барып: «Уа, Алланың елшісі, қарттар мен науқастар жаңбырлы түндерде үйлері мен Қуба мешітінің арасындағы жолды жүре алмайды. Маңайымызға мешіт салуға рұқсат бересізбе?»- деді. Пайғамбар оларға ойланып қарап, ештеңе айтпады. Олар сұрағын қайталаған кезде, бұл мәселені сапардан оралғаннан кейін қарастыратынын айтты. Бірақ қарсыластар Пайғамбардың жоқтығын пайдаланып, мешіт деп аталатын орын салды. Пайғамбар Мәдинаға қайтқан күні. Олар хазіреттен бірнеше рәкат намаз оқу арқылы ғибадатхананы ашуды сұрады. Дәл сол сәтте уаһи періштесі түсіп, пайғамбарға олардың қастандықтары туралы хабарлап, оны бүліну мешіті деп атады. «Тәубе» сүресінің 107-ші аятында: «Мұсылмандардың арасын ашу және бұрыннан Алла және Елшісіне қарсы соғысқан біреуді күту үшін мешіт жасап алғандар: «Игілікті ғана қалап едік» деп әлбетте ант ішеді. Сондай-ақ Алла олардың асқан суайт екендігіне куәлік етеді»,- деп айтылды. Осыдан кейін Пайғамбар мешітті қиратуға бұйрық берді. Шындығында, Алла елшісінің (с.ғ.с.)   мешіт ғимаратын бұзу әрекеті қоғамдық келісімге зиян келтірмеу үшін ислам қоғамында саяси алауыздықтардың пайда болуын болдырмау үшін қолайлы қадам болды.

Құба мешіті

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін жасаған келісімдерді сол кездегі қоғамдағы бірліктің айқын жолдарының бірі деп санауға болады. Бірінші келісім Пайғамбар мен Ясребтегі тайпалар арасында жасалды, оны кейбіреулер әлемдегі алғашқы жазбаша конституция деп атады. Бұл тактика ұлттық бірлік пен діни бірлікті құрудың ең қолайлы нұсқасы болды. Өйткені тайпалар арасындағы бірлік мұсылмандардың әлеуметтік құқықтарына кепілдік берді және саяси және үкіметтік бірлестіктің қалыптасуына жол ашты. Келісімнің кейбір бөлімінде: «Мұсылмандар - басқа халықтардан бөлек біртұтас ұмбет. Олар қысымға, агрессияға, қастандық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігетін болады. Егер мұсылмандар арасында дау болса, оны шешуге билік Алла мен Оның елшісі болады»,- деп айтылды. Бұл тарихи келісімнің басқа  бөлімдері Пайғамбардың сол кездегі қоғамда келісім орнатуға талпынғанын көрсетеді.

Ислам қауымдастығының бірлігі туралы сөз болғанда, біз мұсылмандар арасында ешбір қайшылық болмауы керек немесе барлық мұсылмандар бір үкімет пен бір заң астында өмір сүреді деп ойламауымыз керек. Мұсылмандар бірлігін әртүрлі идеялар мен сенімдерге қарамастан сақтауы керек. Яғни, барлық исламдық секталар, тілдік, нәсілдік, территориялық және идеологиялық тұрғыдан әртүрлі болса да және олардың әрқайсысы  өзіндік  ерекшеліктеріне ие болса да, біртұтас үйлесімділікке жетеді және ортақтықтары бойынша айырмашылықтарын сақтай отырып,   бірлікке жетеді. Исламды мектебінің негізін қалаушы, Алла елшісі өзінің шақыруын монотеизм ұранынан бастады және өзінің барлық қайғысын ислам қоғамында бірлікті құруға және оны сақтауға негіздеді. Хазіреттің сөзі де әрекеттері де біріктіруші болды. Мұсылмандар сондай-ақ Пайғамбардың кеңестеріне сүйене отырып, бірнеше ғасыр бойы адамзаттың ғылым мен өркениетінің дамуының көшбасшысы болды. Шын мәнінде, Исламның ұлық пайғамбарының болмысы әр кезеңде мұсылмандардың тірегі мен бірлігіне себеп болды. Қазірдің өзінде бұл ұлы тұлға әлемдегі барлық мұсылмандар арасындағы мейірім мен бірліктің қозғаушы күші болып табылады.

 

 

Тегтер