Ғаламның анасы
(last modified Wed, 05 Jan 2022 13:50:06 GMT )
Қаң 05, 2022 19:50 Asia/Almaty

Аспан мен жер хазірет Фатиманы (ғ.с.) жоқтап, оның ғашықтарының жүректері уайым-қайғыға толы.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхамад-Мұстафаның (с.ғ.с.) жанкеш қызының шәһид болған күніне байланысты Алла елшісі әулетінің жақтастарына көңіл айтамыз.

Заһражан! Әлидің сұлу жүзінен мұң шаңы кететін және жалғандыққа қарсы шайқасының жарақаттарын емдейтін күндер туралы ойлаймыз. Уағыздарың әлі күнге дейін моджахедтердің жолы болып, тарих көкжиегінде жарқырап тұр. Әлидің Зүлфақарының даңқы сіздің табандылығыңыз бен абыройыңыздың арқасында.   Дүниеқоңыздарыңа ашуланғанда Ұлы Жаратушының қаһары әшкереленді. Сенің разылығың Алланың разылығы.  Фатима! Сен тағыда пайғамбарлық күнге жеткен алғашқы жұлдыз болдың. Уа, ең мейірімді ана және Қиямет күнінің шапағатшысы!  Сіз жанқиярлықтың негізі   және жаратылыстың алғашқы себебісіз. Уа, ресалят анасы және велаяттың жақтасы! Бастан-ақ діни билікті ​​қолдау - илаһи қасиетіңнің үлгісі болды.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.)   өмірінің кез келген сәті нұрлы әрі әсері болғанымен,  қысқа да жемісті өміріндегі аналық рөлі ерекше жарқыраған. Өзі Алла Елшісінің (с.ғ.с.) тәрбиесін көрген хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) адам қоғамына әрқайсысы жарқыраған перзенттерді сыйлады. Хазірет Седиғе Тахере (с.ғ.с.) – еліктеуге тұрарлық ананың үлгісі. Хазірет Фатима (ғ.с.) перзенттерінің жан дүниесіне терең еніп, олардың адамгершілік, тәрбиелік және адами негіздерін нығайтты. Сабыр мен төзімділіктің үлгісі болған Имам Хасан (ғ.с.) хазірет Заһраның (ғ.с.) құшағында тәрбиеленді. Өзінің қадір-қасиеті мен күш-қуаты үшін    анасының тәрбиелік рөліне қарыздар имам Хусейн (ғ.с.) мәңгілік Ашура оқиғасында ақиқаттың жалғанға қарсы күресін көрсетті. Хазірет Фатима (ғ.с.)   Ашура көтерілісінде  сөздерімен язидтердің үрейін ұшырып, Ашура оқиғасын мәңгілікке қалдыруда және Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дұшпандарының қылмыстарын әшкерелеуде маңызды рөл атқарған  хазірет Зейнабты сүйіспеншілікке толы құшағында өсірді.  

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) аналық махаббаты майдандағы жауынгерлердің көптеген хабарларында көрінеді. Мәселен, хазірет Заһраның (ғ.с.) ғашықтары мен жақтастарының бірі болған шәһид қажы Қасым Солеймани қасиетті қорғаныс дәуірінің бір топ ардагерлері мен шәһидтердің аналарының жиынында жауынгерлердің әртүрлі операцияларда хазірет Заһраға (ғ.с.) жүгінуі туралы әсерлі сөз сөйлеп: «Соғыс кезінде бізге қысым жасалған сайын хазірет Заһраға (ғ.с.) жүгінуден басқа  қолымыздан ештеңе келмейтін. «Уәлфаджр 8» операциясында көзіміз Арванд өзенінің қаһарлы, ашулы және қорқынышты суларына түскенде, хазірет Заһраның (ғ.с.) есімінен таныс есім жоқ еді.  Арвандты   «уа, Заһра» деп бақылауға алып, одан өттік. Мен хазірет Заһраның (ғ.с.) аналық күш-қуаты мен махаббатын соғыс майданында көрдім. Сіздер аналар болмаған және балаларың қансырап жатқанда хазірет Заһраны (ғ.с.) көрдім»,- деді.

 

 

Хазірет Заһраның (ғ.с.) лақаб аттарының бірі - Умма Абиха  (әкесінің анасы). Хазірет Фатима (ғ.с.) балаларына үлгілі, қайталанбас ана ғана емес, әкесіне де мейірімді, жанашыр анадай қамқор болған. Алла Елшісі (с.ғ.с.) соғыстан оралғанда, асыл қызы қанды киімдері мен қылышын жуып, жарасын таңып, емдейін. Сондай-ақ Алла елшісінің (с.ғ.с.) жаны мен жүрегін жұбатқан.

 

Күнделікті дұғалар – бізге пәк тұлғалардан жеткен қазыналардың бірі, кез келген жағдайда оларға жүгініп, жақсы көңіл-күй табуға болады. Жексенбі күнгі дұға хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) тиесілі және оның керемет мағнасы бар. Оларды оқыған адамның жүрегіне нұр мен хикмет кіреді. Хазірет Фатима (ғ.с.) жексенбілік дұғада   мейірімді ана ретінде Алладан не сұрау керектігін үйретеді.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жоғары дәрежесіне келетін болсақ, Алла Тағала жер мен көктің жаратылу себебін Фатима-Заһраның (ғ.с.) қасиетті болмысы деп жариялауы жеткілікті.  Ислам пайғамбарынан (с.ғ.с.) келтірілген «Лолақ хадисіне» жүгінеміз: «Егер Пайғамбар болмаса, аспан жаратылмас еді, егер Әли (ғ.с.) болмаса, Алла тағала пайғамбарды, Фатима болмаса, Пайғамбар мен Әлиді де жаратпас еді»,- деді.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) болмысын білу теңіз суынан бір жұтым ішумен бірдей. Расында, бұл асыл тұлғаның ұлан-ғайыр қырларын білу – өте қиын іс  және ол хазіреттің (ғ.с.) рұқсаты мен көмегінсіз мүмкін емес. Өйткені имам Джафар Садықтың (ғ.с.) пікірінше,  Фатиманың есімі Фатима болды. Адамдардың оның білімі  және ақиқатын білуге ​​құдіреті жетпейді.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің пәк әулетіне сәлем мен салауат айтамыз. Өйткені Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.), хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен пәк имамдарға (ғ.с.) сәлем мен салауат айтудың көптеген рухани және материалдық әсері бар. Бұл туралы пәк тұлғалармен (ғ.с.) айтылған дұғалар мен зияратнамаларда айтылды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Мейірімді Алла Фатиманы жан-жақтан қорғауды періштелер тобына бұйырды. Фатиманың (ғ.с.) көзі тірісінде де, қабірінің қасында да, қайтыс болған кезде  бұл періштелер Фатимаға (ғ.с.) және оның әкесіне, күйеуі мен балаларына көп салауат айтады»,- деді. Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) да хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) сәлем берудің сауабы туралы: «Уа, Фатима! «Кімде-кім саған сәлем мен салауат айтса, Алла оны кешіреді және жәннәттің қай жерінде болсам мені оған қосылады»,- деді.

 

Хазірет Фатима (ғ.с.) Алланың пәк пендесі болған және дүниенің кісендерінен құтылуға, кемелдік жолында болуға және «Мәрзия» (Алла үнемі амалына риза) және «Разия» (Алланың салған тағдырына риза) болуға талпынды. Исламның ұлық пайғамбары: «Қызым Фатима әлем әйелдердің басшысы, тәнімнің бір бөлігі, көзімнің нұры және жүрегім мен жанымның жемісі. Ол адам түріндегі қор қызы. Ол михрабта тұрып, Алланың алдында ғибадат жасаған кезде, жұлдыздардың нұры жердегілер үшін жарқырағандай, оның нұры аспандағы періштелер үшін жарқырайтын»,- деді. Алла елшісі сондай-ақ хазірет Фатиманың (ғ.с.) теңдессіз тұлға болуы туралы: «Барлық жақсылықтар мен ізгі қасиеттер біріксе, Фатимаға (ғ.с.) лайық. Алайда Фатима (ғ.с.) олардың бәрінен де жоғары»,- деген. 

 

Тегтер